2018 жылБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының өткен жылы атқарған жұмыстарының есебі

Бүгін өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының өткен жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Есепті жиында басқарма басшысы Нұрлан Алдамжаров баяндама жасап, нәтиже мен кемшіліктерді жіпкі тізгендей етіп айтып берді. Алдымен ҚР Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасындағы түйінді нысаналы индикаторлардың орындалуына тоқталған ол қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үлесі 88,0 пайызға орындалғанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, қалаларда орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету үлесі 60,5, орталықтандырылған газбен жабдықтау 95,31 пайызға, ал ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған газбен жабдықтау 48, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үлесі 53,3, су бұрумен қамтамасыз ету үлесі 1,5, орталықтандырылған газбен жабдықтау 48 пайызға орындалған.
Өткен жылы республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылуымен жоспарланған 10 жоба толығымен жүзеге асқан. Ағымдағы жылы тағы 10 жобаны іске асыру көзделуде.
Жиында орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдар ішіндегі ауыз су жүйесіне қосылмаған халықтың жайы да қозғалды. Былтыр ондай тұрғындардың саны 150 мыңға жуық екендігі анықталса, өңір басшысы оның 50 мының ауыз су жүйесіне қосуды тапсырған болатын. Алайда, оның бар-жоғы 7 мыңнан астамы ғана қосылған. Өңір басшысы бұл бойынша тиісті тұлғалар мен тапсырманы орындауда сылбырлық танытқан аудан әкімі орынбасарларынан жауаптар алды.
Асқар Исабекұлы Елбасы Жолдауында айтылғандай xалықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған шараларды атқаруда немкеттілік танытпау керектігін баса айтты. Сондай-ақ, өткен жылғы жұмыстардың негізгі жемісі ретінде саладағы тиісті есептеулер мен зерттеулердің аяқталғандығын атап өтіп, ендігі кезекте өзекті мәселелерді шешу жолында нақты жұмыстар жүргізу керектігін жүктеді.

Ақпарат Біржан Сартбек аккаунтынан алынды.

Добавить комментарий