БАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІ

Облыс әкімі А.Мырзахметовтың облыстық Қоғамдық кеңес алдында берген есебі

 

Тапсырмалар Орындалуы туралы ақпарат
Индустриялық-инновациялық жобаларды ұсынған облысымыздағы дарынды жастарды анықтап, бизнес құрылымдары арқылы қаржылай қолдау көрсету жұмыстарын жүргізсін.    Ағымдағы жылы «Бизнес бастау» жобасының аясында  600-ден астам жасты оқытып, нәтижесінде 200-ге жуық жасты шағын несиемен қамту жоспарлануда. (2018 жылы 794 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, олардың 174-і шағын несие алды)

Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастардың жаңа
бизнес-идеяларын дамытуға 200 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде 330 жасқа
166 млн. теңгенің қайтарымсыз гранттарын беруге республикаға сұраныс берілді. Тараз қаласы мен аудандарда арнайы комиссиялар құрылып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген 329 жастың базасы жасақталды.

   Одан бөлек, «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында индустриалды-инновациялы жобаларды және жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Мемлекетітк грант ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ағымдағы жылы жастардың индустриалды – инновациялық жобаларын анықтау және қолдау мақсатында ҰЭМ-не 21,0 млн. теңгеге бюджеттік өтінім жасалды. Бұл қаржы тек қана жас кәсіпкерлерді қолдау үшін ғана жұмсалатын болады.

   Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Облыстағы жастар арасында тәрбие, отан сүйгіштік, патриотизм және идеологиялық бағытта кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлесін    Ағымдағы жылы облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесе жастар арасында тәрбие, отан сүйгіштік, патриотизм және идеологиялық бағыттағы түсіндіру кестесі әзірленіп, осы кестеге сәкес бүгінгі күнге дейін 72 шара ұйымдастырылды.

   Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесе өзара ынтымақтастық жөнінде меморандум бекітілген. Меморандум жастар арасындағы ұрпақтар сабақтастығын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, жастардың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған.

Орталық стадионда футбол ойындары өткізілетіндігі туралы тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын жандандырсын    Ағымдағы жылдың 30 наурызында «Тараз» орталық стадионында футболдан Қазақстан Премьер Лигасы 3 туры Тараз-Атырау командаларының кездесуі өткендігі туралы жарнамалар билбордтар, афишалар, бұқаралық ақпарат құралдарына, клубтың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде орналастырылды.

   Аталған бағытта жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.

Механикалық отряд арқылы ауыл шаруашылық мақсатындағы суғармалы жерлердің көлемі ұлғайтылып, жер көлемін айналымға қосу бойынша жұмыстар жүргізілсін    Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №156 қаулысымен облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының Жамбыл ауданында шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіпорны базасында  облыстық механикалық жасақ құрылды.

   Кәсіпорын 2018 жылы мемлекеттік сатып алу порталы бойынша және жеке шаруа қожалықтарымен келісім-шарт жасасу арқылы жалпы сомасы 14753,7 мың теңгеге жұмыстар атқарды. Оның ішіне: 3 су қоймаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын, 7 каналға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, облыс көлемінде жалпы ұзындығы 41,6 км канал тазаланып, суармалы жер көлемі 1404 гектарға ұлғайды.

   2019 жылға кәсіпорын жоспары бойынша Мойынқұм ауданында жалпы ұзындығы 46 км. каналға механикалық тазалау жұмыстары көзделіп, бүгінгі күнге жалпы ұзындығы 19,5 км. каналдарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізілді. Атап айтқанда, Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округінде орналасқан ұзындығы 3 км «Богдан-2» каналы, Қызылотау ауылдық округінде орналасқан ұзындығы 6,5 км «Күшаман» каналы, Бірлік ауылдық округінде орналасқан ұзындығы 10 км «Оңғарбай» каналына механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1291 гектар суармалы жерлер пайдалануға берілді.

   Одан бөлек, жобалық құны 4,36 млн. теңге болатын Байзақ ауданындағы Қызыл жұлдыз ауылы аумағындағы Талас өзенінің жағалауларын нығайту жұмыстарын жүргізді.

   Механикалық жасақ Мойынқұм ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімімен 2019 жылға Меморандум жасасып, 1000 гектар жүгері отырғызу жұмыстары көзделуде. Қазіргі таңда 4 дана «Весна-2» тұқым сепкіші мен 4 дана МТЗ-82,1 тракторлары Мойынқұм ауданына көктемгі егін жұмыстарына дайындалуда.

   Кәсіпорынның 2019 жылғы жұмыс жоспары бойынша қалған жұмыстары:

Жуалы ауданындағы суармалы жер көлемі 410 га Ақсай-1, Көксай-11 ішкі шаруашылық каналдарын тазалау, құны 7,86 млн. теңге;

   Меркі ауданындағы суармалы жер көлемі 200 га Үлкен Шу каналының батыс тармағының 26*40 ПК нен 26*90 ПК дейін тазалау, құны 37,0 млн. теңге;

   Мойынқұм ауданындағы суармалы жер көлемі 1055 га Биназар, Бірлік каналдарын тазалау, құны 22,0 млн. теңгеге және Шу өзенін байлау жұмыстары, құны 11,7 млн. теңге;

   Шу ауданындағы суармалы жер көлемі 100 га Қайыңды каналын тазалау, құны 1,0 млн. теңге.

   Жалпы облыс бойынша барлығы 1565 гектар суармалы жер айналымға қосылады.

   Сонымен қатар, жоғарыда аталған су шаруашылығы кәсіпорны алқаптардағы су жүйелерін механикалық тазалау, су қоймалары мен гидротехникалық нысандарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша облыстағы агроқұрылымдардан, шаруашылық субъектілерінен және жеке меншіктен тапсырыстар қабылдап, жұмыстар жүргізуде.

Облыстағы ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын технологияларды меңгерген мамандарды тарту бойынша барлық мүмкіншіліктерді қарастырып, ұсыныстар енгізсін    Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын технологияларды меңгерген егін саласы бойынша тәжірбиелі агрономдарды, мал шаруашылығы саласы бойынша зоотехник, ветеринар және инженер механиктерді, сонымен қатар өңдеу саласы бойынша технологтарды облыстағы ірі шаруашылықтарға, кәсіпорындарға тәжірбие алмасу мақсатында тәлімгер есебінде пайдалану мүмкіндігін қарастырылуда.

  Бұл жұмыстар нақты нәтижелері алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады.

Аутизммен ауыратын балаларды күндізгі арнайы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында бейімдеу орталығын ашу бойынша тиісті ғимарат қарастырып, ұсыныс әзірлесін.    Облыста ерекше білім алуды қажет ететін 7911 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оның 125-і (1,5%) аутистік спекторы бұзылған балалар (61 бала мектепке дейінгі, 64 бала мектеп жасындағы балалар).

   Ерекше білім алуды қажет ететін балаларды дамыту, оларға жағдай жасау мақсатында 2019 жылы облыстық білім басқармасымен Астана қаласындағы Ұлттық оңалту орталығы және Алматы қаласындағы «Болашақ» корпоративтік қорымен ынтымақтастық туралы Меморандумдар жасалды.

   Меморандум аясында 2019-2020 оқу жылында Тараз қаласындағы 2 орта мектептің базасында «Әр бала мектепке лайықты»  жобасы аясында аутизм және басқа да дерттерге шалдыққан балаларға арналған инклюзивті қолдау кабинеттерін ашу көзделуде.

   Сонымен қатар, «DARA» қайырымдылық қорымен бірлесіп Тараз қаласының №25 орта мектебінің базасында ресурстық орталық ашылған, онда 22 бала қамтылған. Осындай ресурстық орталықтарды Шу, Қордай аудандарында 2 мектептің жанынан ашу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

   Аутистік балалармен түзету жұмыстарын облыстық оңалту орталығы және аудандар мен Тараз қаласында орналасқан психологиялық – педагогикалық түзету кабинеттері жүргізеді.

   2019 жылы ата-аналардың сұраныстары негізінде облыстық оңалту  орталығы жанынан мектеп жасына дейінгі аутистік балаларға арналған 4 топтық шағын орталық ашылды. Аталған топтардағы балалар түзету жұмыстарымен қатар тәрбие және оқыту жұмыстарымен қамтылды.

Тараз қаласы мен аудандарда әлеуметтік жобаларды тиісті деңгейде іске асыру бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан қаражат бөлу мүмкіндіктерін қарастырсын.    2019 жылы облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 49 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржы қарастырған (Оның ішінде, 9 басқарма – ішкі саясат, дін істері, жастар саясаты мәселелері, дене шынықтыру және спорт, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім, тілдерді дамыту, 30 қалалық/аудандық бөлімдер, 2 жастар ресурстық орталықтары және 2 Халықты жұмыспен қамту орталығы).

   Жалпы, МӘТ-ке жоспарланған қаржы сомасы – 861,9 млн тг., әлеуметтік жобалар саны – 207.

   Облыстық деңгейде 248,8 млн тг. жоспарланса (65 жоба), өңірлік деңгейде (аудандық/қалалық әкімдіктер) – 613,1 млн тг. (142 жоба).  

   Жоспарланған МӘТ көлемінің 76%-ы (661,0 млн тг.) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөлімдер тарапынан бөлінген.

   Аудандық/қалалық жобалары бағыттарының 21,2%-ы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау (44 жоба), 9,2%-ы білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу (19 жоба), 5,8%-ы азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау (12 жоба), 5,3%-ы қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту (11 жоба), 3,8%-ы жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау (8 жоба) және 23,2%-ы басқа жобаларға арналған.

   2019 жылы бірқатар аудандарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаржы көлемі өсті. Атап айтсақ, Байзақ ауданы 67,9 млн тг. (2018 жылы 47,0 млн тг), Жамбыл ауданы 41,9 млн тг. (2018 жылы 39,0 млн тг), Қордай ауданы 60,3 млн тг. (2018 жылы 22,6 млн тг).

   2019 жылдың 1 тоқсанында 34 қалалық/аудандық бөлімдері/орталықтары ішінен 11 бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері мемлекеттік сатып алу конкурстарын жүргізді (Тараз қаласы  – ішкі саясат бөлімі, Жамбыл  – ішкі саясат бөлімі, білім, Байзақ  – ішкі саясат бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, Жуалы  – ішкі саясат бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, Қордай – ішкі саясат бөлімі, Т.Рысқұлов  – ішкі саясат бөлімі, Мойынқұм – ішкі саясат бөлімі, Шу – ішкі саясат бөлімі).

Тараз қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Бекжан Тленчиевке белгіленген Заңнама аясында Тараз қаласынан пәтер беру мәселесін толық зерделеп, ұсыныс енгізсін.    Тиленчиев Бекжан Мамырұлы мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізімінде бірінші топтағы мүгедек ретінде 2017  жылдың 31 мамыр айынан бастап  тіркелген. Қазіргі таңда № 7644-ші болып кезекте тұр.

   Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Заңына сәйкес,  көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайтындығын айта келе, бірінші топтағы мүгедектерге кезектен тыс пәтер бөлу Заң аясында қарастырылмаған. Яғни, Б.Тиленчиевке пәтер тек кезек ретімен беріледі.

Тараз қаласы Төле би даңғылы бойында орналасқан Ж.Жабаевтың ескі ескерткішін қалпына келтіру мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізсін.    Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2007 жылғы 20 тамыздағы «Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы» №217 бұйрығы негізінде Төле би даңғылы бойында орналасқан ескі Ж.Жабаев ескерткішіне сараптама жүргізілді (қосымша сараптама).

   Сараптама қорытындысы бойынша Ж.Жабаевтың ескі ескерткішін қайта қалпына келтіруге жарамсыз. (ескерткіш 60 жылға жуық уақыттың ішінде 5 рет күрделі және 12 рет ағымдағы жөндеуден өткізілген).

Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарының табиғи ерекшелігін, әлеуетін ескере отырып, даму болжамдарын әзірлесін. Әзірленген болжамдардың негізінде әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары бойынша ұсыныс енгізсін    ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылдың 6 ақпандағы №39 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдеріне» сәйкес жылжымалы негізде 5 жыл кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы республикалық және жергілікті деңгейде екі кезеңде әзірленеді.

Бірінші кезеңде даму көрсеткіштерінің сценарийлік болжамы мен әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықтары айқындалған Қазақстан Республикасының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасының  2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық даму болжамы (ары қарай Болжам) 2018 жылдың 15 мамырдағы республикалық бюджеттік комиссиясының №9 хаттамасымен бекітілген.

Республикалық бюджеттік комиссиясымен мақұлданған Болжамның негізінде қалыптастырылған Жамбыл облысының  2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық даму болжамының жобасы облыстық бюджеттік комиссиясының 2018 жылдың 25 мамырдағы №3 шешімімен мақұлданды.

Екінші кезеңде Қазақстан Республикасының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және болжам жобасының бөлімдерін өзектендіру жүзеге асырылады.

Өзектендірілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі.

Бүгінге,  әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес әр аудан мен Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлері облыс әкімдігінің 2018 жылғы 15 қазандағы №193а қаулысымен бекітілген «Жамбыл облысының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының» құрамында көрсетілген.

Добавить комментарий