ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУТАРАЗ ҚАЛАСЫ

Облыс әкімдігінде Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

2019 жылдың 14 тамыз айында Облыс әкімдігінде Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында  бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобалары талқыланды.

Атап айтсақ, маңызды екі мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе 2018 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы, екінші мәселе Тараз қаласындағы Жылу жүйесіндегі олқылықтар талқыланды. М-2 және М-4 магистральды жылу желілерін ауыстыру және Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесі бойында су тартқыш салу жұмыстары туралы қаралды. Бірінші мәселе бойынша негізгі хабарламашы Қоғамдық кеңестің комиссия хатшысы Исламбек Дастан баяндады, баяндама нәтижесінен бірнеше ұсыныс жасады. Ұсыныстарын атап кететін болсақ, ұжымдық талап арыздар түскен 2,7,9 қалалық емханаларға қоғамдық бақылау жүргізу, өткен жылы облыс әкімінің 150 000 сыйақысы ретінде берілген 10 жасқа бір ай көлемінде жастар саясаты мәселелер басқармасына төлеу тапсырылды.

Ал, екінші сұрақ бойынша Тараз қаласындағы М-2 және М-4 магистральды жылу желілерін ауыстыру жұмыстары сәуір айынан бастап қырқүйек айында аяқталып, жаңа оқу жылына дейін көше қозғалысының маңызды учаскілері бірінші орында аяқталу керектігін қадап айтты. Мердігерлер М-2 және М-4 жұмыстарындағы жұмысшылар 2 ауысымдық демалыссыз жұмыс жасауда. Техникалардың бәрі тынымсыз жұмыс жасап жатыр, М-2 және М-4 магистральды жылу желілерін ауыстыру жұмыстары белгіленген уақытта аяқталады, деп уәде берді.
Ал, Қоғамдық кеңеске облыс әкімдігі энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына, Тараз қаласы әкімдігіне, ТаразТрансЭнерго кәсіпорнына күнделікті жұмыс жасау жоспарын Қоғамдық кеңеске өткізулерін және сол бойынша Қоғамдық бақылау жүретіндігі туралы хабарланды.

Добавить комментарий