БасқаларБасты ақпарат

Облыс бойынша департаментінің басшысы болып Равиль Қуанышбайұлы Тюлебаев тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен агенттіктің облыс бойынша департаментінің басшысы болып Равиль Қуанышбайұлы Тюлебаев тағайындалған болатын. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгін департаментке арнайы барып жаңа басшыны ұжымға таныстырды.
Айта кету керек, Равиль Тюлебаев 1982 жылы туылған. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін экономист-қаржыгер, құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Атырау облыстық бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің бас маманы болып бастап, түрлі қызметтер атқарады. Кейінгі жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг басқармасының бас сарапшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының орынбасары және директоры болып жемісті жұмыс атқарған.
Асқар Исабекұлы жаңа басшыны ұжымға таныстырып, жұмысыңа сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өңір басшысы облыс әкімдігі департаментпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізіп, бұған дейін бірлесе қолға алынған бастамалар әрі қарай да жемісті жалғасатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Равиль Қуанышбайұлы да облыс әкімінің қолдауына алғысын білдіріп, жергілікті билікпен бірге мақсатты жобаларды жүзеге асыруға күш салатынын айтты.

Ақпарат Біржан Сартбек аккаунтынан алынды.

Добавить комментарий