ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРТАЛАС АУДАНЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2021 жылдың 15 сәуірінде Талас аудандық Қоғамдық кеңестің жоспарлы отырысы өтті, жиында Бостандық және Қызыләуіт аылдық округтері әкімі аппараттарының 2020-2021ж. мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, оның ішінде сапасы мен қолжетімділігі және жалпы ауылда атқарылып жатқан жұмыстары, Тұрғын-үй инспекция бөлімінің 2020-2021ж. жалпы атқарылған жұмыстары туралы есептері тындалды. Және 2021 жылдың іс-жоспарына толықтырулар енгізілді.

Бостандық ауылдық округінің әкімі М.Рысдаулетов мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша көрсетілген қызмет түрі мен саның, барлығы 10 стандарт бойынша қызмет көрсетілетінің, ауыл
тұрғындарына қызмет уақтылы көрсетілгендігін, мұң – мұқтажы, арыз- шағым өтініштеріне сергек қарап шешіліп отырылатындығын айтып өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері жұмыс жасамай отырған 24 шаруа қожалықтардың тізімі Талас ауданы бойынша салық басқармасына (жабу мақсатында) және
Жер комитетіне (жерін мемлекеттік меншікке алу үшін) беріліп, түсіндіру хатымен жолдансын деген ұсынысын айтып шешім қабылдады.

Қызыләуіт ауылдық округі әкімі да баяндамасын жасады. Қойылған сұрақтарға – несиеге алынған малдар өсімін беріп жатыр ма, қандай жағдайда, ауылдағы қоғамдық монша мен спорт ғимараты пайдалануға берілді ма? Егістен не егілді, көпжылдық шөп қанша, қаңдай егін егіліп жатыр, кадр тапшылығы барма, ауылдың ішінде, кіреберісінде камералар барма, көпбалалы, жағдайы төмен отбасына берілетін, асар әдісімен соғылып жатқан тұрғын үй пайдалануға қашан беріледі деген, тағы басқа да  сұрақтарға жауабы берілді. Ал, көпбалалы, жағдайы төмен отбасына берілетін, асар әдісімен соғылып жатқан үйдің құрылысын 2021 жылдың тамыз айының аяғына дейін бітіруге уәдесін берді.

Тұрғын-үй инспекция бөлімі есебін беріп, атқарылған жұмысының мән-жәйін түсіндіріп өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері жұмысына қанағаттанарлық деген баға беруін шешті. Кеңес отырысына аудандық мәслихат хатшысы К.Садубаев, аудан әкімінің орынбасары Қ.Серимов қатысып өз пікірлерін айтты.

М.Қарғабаева, аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы

Добавить комментарий