2019 ЖЫЛБАЙЗАҚ АУДАНЫБасты ақпаратЖАМБЫЛ АУДАНЫЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖАҢАЛЫҚТАРЖУАЛЫ АУДАНЫҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОРДАЙ АУДАНЫМЕРКІ АУДАНЫМОЙЫНҚҰМ АУДАНЫӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРСАРЫСУ АУДАНЫТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫТАЛАС АУДАНЫТАРАЗ ҚАЛАСЫШУ АУДАНЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ДАМУЫ

Бүгін Жамбыл облысы әкімшілігінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен “Жамбыл облыстық, қалалық, аудандық қоғамдық кеңестері төралқаларының тең әрі әріптестік негізде аумақтық әдістемелік — үйлестіру кеңесінің «Қоғамдық кеңестердің дамуы» атты конференциясы өткізілді.

Арнайы конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің бас сарапшысы Жанар Санаубаева қатысты.

Жиында облыстық Қоғамдық кеңестің Әдістемелік-үйлестіру кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы жүргізді. Жандар Кәрібайұлы «Облыстағы қоғамдық кеңестердің күндерін» өткізу туралы баяндады. Облыста Қоғамдық кеңетің рөлін күшейтіп, арыз-шағымдарды жинақтау керектігін айта кетті. Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің сайты ашылғаны белгілі. Q-KENES.KZ сайтында аудандарда қандай да бір күрделі мәселелердің шешіліп, сын-ескертпелер қалай орындалып жатқандығы туралы ақпараттандырылып, жасалынған жұмыстардың ашықтығы көрсетілуі керектігін айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті Исламбек Дастанұлы Қоғамдық кеңестердің 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында халық алдында есеп беру бойынша қоғамдық мониторинг жұмысының нәтижесі туралы айтты.
Сонымен қатар, жиын барысында әр-түрлі мәселелер талқыланды. Меркі аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Құралбай «Сұрат» ауылындағы әлеуметтік шиеленісті шешудің жолдарын ұсынды.

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы қауіпті індет-есірткі бойынша ауданда наркологиялық сараптама жасайтын орынның жоқ екенін айтты.

– Есірткінің түрлері өте көп, оның жеңіл және ауыр, өмірге қауіпті түрлері көбеюде. Жеңіл наркотиктер денеге тез тарап кетеді. Қылмыс түнде болған жағдайда біз Тараз қаласына немесе Жаңатас қаласына жеткізгенше ол денеде тарап кетеді. Осыған орай, ауданнан арнайы штат бөліп, медицина саласынан мамандар берілсе деген ұсынысымыз бар. Қажет болса тиісті органдарға хат дайындауға дайынбыз,- деп аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ақынбек Бектай мәселе көтерді.

Барлық ауданның ұсыныстары мен көтерілген мәселелерді облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы мақұлдап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтынын жеткізді.

Добавить комментарий