Басты ақпаратЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

“ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ТУРАЛЫ” ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ МӘТІН

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ЗАҢ egemen.kz сайтынан алынды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., №3, 17-құжат; №9, 86-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 103-құжат; 2004 ж., №10, 56-құжат; №17, 97-құжат; №23, 142-құжат; №24, 144-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №13, 86, 87-құжаттар; №15, 92, 95-құжаттар; №16, 99-құжат; №18, 113-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 14-құжат; №10, 69-құжат; №12, 88-құжат; №17, 139-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; №23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 9-құжат; №24, 133-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 3, 7-құжаттар; №2, 28-құжат; №6, 49-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №2, 11-құжат; №3, 21-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №14, 92-құжат; №23- 24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 81-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №2, 10-құжат; №3, 21-құжат; №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №10, 52-құжат; №11, 67-құжат; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 118, 122-құжаттар; №22, 131-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 103-құжат; №21-I, 121, 124, 125-құжаттар; №21-II, 130, 132-құжаттар; №22-I, 140-құжат; №22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-І, 47, 49-құжаттар; №8-ІІ, 72-құжат; №23, 118-құжат; 2017 ж., №3, 6-құжат; №8, 16-құжат; №13, 45-құжат; №15, 55-құжат; №16, 56-құжат; 2018 ж., №12, 39-құжат; №16,56-құжат; №21, 72-құжат; №22, 83-құжат; №24, 93-құжат; 2019 ж., №1, 4-құжат; №7, 37, 39-құжаттар; №19-20, 86-құжат; №21-22, 91-құжат; №23, 103, 108-құжаттар; №24-I, 119-құжат; 2020 ж., №9, 33-құжат; №10, 39-құжат; №13, 67-құжат; №16, 77-құжат):

1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;

2) 39-3-баптың 3-тармағының 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-2) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мəселелерін, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ əкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді жəне (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялауды көз дейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беру;».

«Ұлттық əл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №4, 29-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №12, 82-құжат; 2015 ж., №19-II, 102-құжат; №22-I,140-құжат; №23-II, 172-құжат; 2017 ж., №14, 54-құжат; №23-V, 113-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; №15, 50-құжат; №22, 82-құжат; 2020 ж., №12, 61-құжат):

1) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын:

«15-3) Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту;»;

2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

«11-1-бап. Қордың Қоғамдық кеңесі

Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру жəне шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, Қор мен Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялар қызметінің есептілігін жəне ашықтығын арттыру мақсатында Қор консультативтік-кеңесші орган – Қордың Қоғамдық кеңесін құрады.».

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №21-І, 120-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №16, 56-құжат; 2018 ж., №9, 27-құжат; 2019 ж., №2, 6-құжат; №7, 39-құжат; №15-16, 67-құжат; 2020 ж., №16, 77-құжат):

1) Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мəртебесін, оларды қалыптастыру тəртібін жəне халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, сондайақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (бұдан əрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін ұйымдастыру тəртібін айқындайды.»;

2) 1-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өздерінің құзыретіндегі мəселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.»;

3, 5, 8 жəне 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қоғамдық кеңестер осы Заңда көзделген жағдай ларды қоспағанда, осы Заңда көзделген тəртіппен қалыптастырылады.»;

«5. Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне, осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестер жатады.»;

«8. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын жəне уəжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарауы үшін міндетті болып табылады.

“9.Тиісті өңірдегі, саладағы, қызмет аясындағы əлеуметтік-экономикалық даму жəне істердің жай-күйі үшін жауапкершілік Қоғамдық кеңеске жүктелмейді жəне мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде болады.»;

3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

«2-1-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің мəселелері жөніндегі уəкілетті орган

  1. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган қоғамдық кеңестер қызметінің мəселелері жөніндегі уəкілетті орган болып табылады.
  2. Қоғамдық кеңестер қызметінің мəселелері жөніндегі уəкілетті орган:

1) қоғамдық кеңестер қызметінің мəселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) республикалық жəне жергілікті деңгейлерде қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді жəне əдістемелік қолдап отыруды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды əзірлейді;

4) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені əзірлейді жəне бекітеді;

5) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

6) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы дайындауды жəне кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;

7) қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдайды;

8) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

4) 3-баптың 2-тармағының 2) жəне 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жəне орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.»;

5) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

1) тəуелсіздік;

2) мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;

3) автономдық;

4) дербестік;

5) жариялылық.»;

6) 5-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері»;

1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:»;

1) жəне 2) тармақшалардағы «жəне үкіметтік» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, мемлекеттік кəсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылу монито рингінің нəтижелері туралы есептерді талқылау;»;

5) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың, сондайақ əкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою), Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді жəне (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын əзірлеуге жəне талқылауға қатысу;

6) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сəйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік əдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік органның немесе өңірдің тиісті қызмет саласының қоғамдық маңызы бар мəселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру жəне мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мəселелері бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;»;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген нысандарда жүзеге асыру;»;

9) тармақша алып тасталсын;

12) тармақшадағы «қарау жатады.» деген сөздер «қарау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

«13) мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді қоспағанда, жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету жəне адам мен азаматтың құқықтарын жəне бостандықтарын сақтау мəселелері бойынша тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдау.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 4-1), 6), 7), 8) жəне 13) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол – бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды жəне (немесе) тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уəжді жауапты береді.»;

7) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

«5-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері

  1. Квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1) стратегиялар мен даму жоспарларының жобаларын талқылау;

2) стратегиялар мен даму жоспарларының іске асырылу есептері мен мониторингін талқылау;

3) қаржылық-шаруашылық қызметтің нəтижелерін талқылау;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды əзірлеу жəне мемлекеттік органдарға енгізу;

5) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру;

6) Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;

7) осы Заңда көзделген нысандарда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

  1. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) жəне 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді орындау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісіне ұсынымдарды енгізеді, ол – бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уəжді жауапты береді.
  2. Ұлттық əл-ауқат қоры жəне Ұлттық əл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компаниялар (бұдан əрі – Қор) құратын Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері «Ұлттық əл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес бекітілетін Қоғамдық кеңес туралы ережеде (бұдан əрі – Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ереже) айқындалады.»;

8) 7-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоғамдық кеңестер мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде жəне тəртіппен, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сəйкес қоғамдық кеңестер құрылмайтын мемлекеттік органдарды қоспағанда, осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген мəселелер бойынша – мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағында көзделген мəселелер бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кіруге;

2) осы Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сəйкес қоғамдық кеңестер құрылмайтын мемлекеттік органдарды, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтер қаралатын отырыстар мен іс-шараларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабының 1-тармағында жəне 5-1-бабының 1-тармағында көзделген мəселелер бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өткізетін ісшараларға қатысуға;

3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мəселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жүгінуге;

4) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты, Қоғамдық кеңесте қаралуға жататын нормативтік құқықтық актілерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар. Қоғамдық кеңестердің қарау үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын айқындау тəртібі Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде айқындалады;

5) мемлекеттік органнан, жергілікті мемлекеттік басқару органынан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен Қоғамдық кеңес мүшесінің мəртебесін куəландыратын құжатты алуға;

6) тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мəселелерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін Қоғамдық кеңестің отырысына шақыруға;

7) қажеттілігіне қарай тұрақты жəне (немесе) уақытша жұмыс органдарын: комитеттер мен сараптама топтарын құруға құқығы бар. Тұрақты жəне (немесе) уақытша жұмыс органдарын ұйымдастыру жəне олардың жұмыс істеу тəртібі Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде айқындалады;

8) ерекше тəртіп қолданыла отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысуға;

9) тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің сатып алу жөніндегі тендерлік комиссияларына (аукциондық комиссияларына) қатысуға құқығы бар.»;

2-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жəне (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастыруға;»;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қол жеткізуге шектеу қойылмайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органнан, жергілікті өзін-өзі басқару органынан немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінен алынған дербес деректерді дербес деректер субъектісінің келісімінсіз таратпауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді жария етпеуге міндетті.»;

9) 8-бапта:

1, 2, 4, 5 жəне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Республикалық жəне жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестер мен олардың құрамдарын жетекшілері азаматтық қоғамнан өкілдік ететін жұмыс топтарының мүшелері арасынан дауыс беру арқылы сайланатын жұмыс топтары қалыптастырады.

2. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.»;

 «4. Жұмыс тобының құрамын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік мəслихатының хатшысы бекітеді

5. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тəртібі, отырыстарын өткізу мерзімдері, құжаттар тізбесі, өкілеттіктер жəне жұмыс тобы қызметінің өзге де мəселелері Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде немесе Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде көзделген тəртіппен айқындалады.

6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің негізінде əзірлейді. Осы тармақтың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережені əзірлеу кезінде қолданылмайды.»;

10) 9, 10 жəне 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тəртібі

  1. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестердің құрамын мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері арасынан жəне конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардан қалыптастырады.
  2. Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рəсімі осы тарауда белгіленген тəртіпке сəйкес қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталады. Қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған мүшелері осы Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін беруге құқылы.
  3. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы:

1) республикалық деңгейде: министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін органдар құратын қоғамдық кеңестерде – он бестен отыз мүшеге дейін; квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестерде – оннан он бес мүшеге дейін;

2) жергілікті деңгейде осы Заңның 2-1-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының ережелерін ескере отырып айқындайды.

4. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады

5. Сол бір адам қатарынан екі реттен артық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алмайды.

6. Жұмыс тобы конкурс туралы хабарландыруды олардың атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды беру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін осы Заңның 10-бабына сəйкес құжаттар мен өзге де мəліметтер жіберілетін электрондық поштаның мекен-жайын көрсете отырып, республикалық жəне (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды жəне (немесе) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет ресурсында орналастырады.

7. Жұмыс тобы конкурсты Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге немесе Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеге сəйкес өткізеді жəне Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастырады, сондай-ақ осы органның мүшелері шығып қалған жағдайда Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін айқындайды.

8. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде мəслихат бекітеді жəне бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жəне (немесе) тиісті органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

Қоғамдық кеңестің сайланған құрамының өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды.

9. Қоғамдық кеңес:

1) азаматтық қоғамнан өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған;

2) осы баптың 3-тармағына сəйкес ұсынылатын сандық құрамды ескере отырып, Қоғамдық кеңестің санын ұлғайту қажет болған жағдайларда, өз құрамына кандидаттарды

Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінен іріктеу туралы шешім қабылдайды.

Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізіміндегі кандидат Қоғамдық кеңеске мүше болудан бас тартқан жəне Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінде басқа кандидаттар болмаған жағдайларда, Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде немесе Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде көзделген тəртіппен Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.

10. Мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған кезде Қоғамдық кеңестің өкілеттігін тоқтатқан мүшесінің орнына жаңа мүшесін қосу туралы шешімді тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы қабылдайды.

10-бап. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тəртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс жəне (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінəлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді əсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

2. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы жəне (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кəсіптік жəне (немесе) қоғамдық қызметі туралы мəліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді əсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

3. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сəйкес келмесе;

2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсынбаса;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

4. Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттарға қосымша талаптар көзделуі мүмкін.

11-бап. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы жəне оның төралқасының өкілеттіктері

  1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
  2. Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жедел жүзеге асыру үшін оның отырыстарының арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Қоғамдық кеңес төралқасының құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің уəкілетті өкілі, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
  3. Қоғамдық кеңес төралқасының отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламентінің осы Қоғамдық кеңестің мүшелері болып табылмайтын депутаттары қатыса алады.
  4. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлес тіреді;

2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық жəне ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;

4) Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.»;

11) 12-бапта:

1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;»;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.»;

12) 13-бапта: 2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Республикалық деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі жүзеге асырады. Жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің мəслихаты жүзеге асырады. Өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, сондайақ тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік мəслихатының хатшысы Қоғамдық кеңес төрағасымен келісу бойынша Қоғамдық кеңес хатшысының міндеттерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес еңбек шарты бойынша тартылатын жұмыскерге жүктейді.»;

13) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоғамдық кеңес халыққа:

1) өзінің азаматтық қоғаммен жəне мемлекеттік органдармен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен іс-қимыл жасау нəтижелері;

2) Қоғамдық кеңестің құрамы;

3) отырыстардың күн тəртібі;

4) қабылданған шешімдер;

5) қоғамдық маңызы бар басқа да мəселелер туралы хабар береді.»;

14) 15-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не мынадай негіздер бойынша:

1) ол қайтыс болған жағдайда;

2) сот хабарсыз кетті деп танығанда;

3) сот қайтыс болды деп жариялағанда;

4) сот Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп танығанда;

5) Қоғамдық кеңестің отырыстарына дəлелсіз себептермен бір жыл ішінде үш реттен артық қатыспағанда;

6) Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғамнан сайланған мүшесі мемлекеттік қызметке кіргенде;

7) Қоғамдық кеңеске өкілі сайланған коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда;

8) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер басталған жағдайда, Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін

3. Қоғамдық кеңес осы Заңның 9-бабының 9 жəне 10-тармақтарында айқындалған тəртіппен Қоғамдық кеңестің құрамына шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.»;

15) 3-тарау мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

«15-1-бап. Қоғамдық кеңестің қызметін тоқтату

1. Қоғамдық кеңес осы Заңның 9-бабы 8-тармағының екінші бөлігінде көзделген өкілеттіктер мерзімі өткеннен кейін немесе өзінің құрылуына қатысқан мемлекеттік орган,

квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған жағдайда өз қызметін тоқтатады.

Қоғамдық кеңес өзнің құрылуына қатысқан мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі қайта ұйым дасты рылған жағдайда, қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз қызметін жалғастырады.

2. Қайта ұйымдастыру нəтижесінде құрылған мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.»;

16) 16-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдер қабылдау процесіне азаматтық қоғамның қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.»;

2-тармақтың 1) жəне 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызме тінің тиімділігін, ашықтығын жəне бүкпесіздігін арттыру;»;

«3) азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында кері байланысты қамтамасыз ету, əлеуметтік жанжалдардың алдын алу жəне оларды шешу;»;

17) 17-баптың 1 жəне 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мо ниторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама жəне мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмысының нəтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі қоғамдық бақылау деп түсініледі.

2. Республикалық жəне жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметі, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі қоғамдық бақылау объектісі болып табылады.»;

18) 18-баптың 1, 2 жəне 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рəсімі қоғамдық мониторинг болып табылады.

2. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) жəне 6) тармақшаларында, 5-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мəселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сəйкестігі мəселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рəсімі қоғамдық тыңдау деп түсініледі.»;

«4. Мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор су бъектісі жұмысының нəтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық бақылау рəсімі болып табылады жəне Қоғамдық кеңестің отырысында осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген мəселелер бойынша – мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жəне олардың лауазымды адамдарының, осы Заңның 5-1- бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген мəселелер бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі нəтижелерін жария талқылауды білдіреді.»;

19) 20-бапта: 2 жəне 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың – мемлекеттік қызметтер көрсетуі, мемлекеттік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды жəне бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыруы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің стратегияларды жəне даму жоспарларын іске асыруы, мемлекеттік қызметтер көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нəтижесінде азаматтар үшін теріс салдарларды жəне қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.»;

«4. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінен Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне негіздер бойынша, мониторингтің нысанасына жататын қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.»;

5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қоғамдық мониторингтің қорытындысы негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдарды қабылдайды жəне тиісті мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жібереді.»;

20) 21-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды осы Заңның 1-бабының 5 жəне 6-тармақтарында айқындалған республикалық немесе жергілікті мемлекеттік басқару органымен, квазимемлекеттік сектор субъектісімен келісілген мерзімдерде өткізеді.»;

3-тармақ алып тасталсын;

8-тармақтың 1) жəне 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;»;

«3) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.»;

9-тармақтың 1) жəне 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

2) зерделеу жəне шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қыз метін бақылауды жүзеге асыруға уəкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;»;

мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

«10. Осы баптың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесінің қызметіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.»;

21) 22-бапта: 1 жəне 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоғамдық сараптаманы Қоғамдық кеңестің өз отырысында қабылдаған тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады. Жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің жəне өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс əсер ететін факторларды жою тұрғысынан мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қабылданатын шешімдерінің жобалары қоғамдық сараптама объектілері болып табылады.

2. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар жəне (немесе) халықаралық жəне шетелдік ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.»; 

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Осы баптың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесінің қызметіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.»;

22) 23-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Заңның 18-бабы 4-тармағының ережелеріне сəйкес жұмыс нəтижелері туралы есепті тыңдау республикалық деңгейдегі мемлекеттік органның бірінші басшысының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органы басшысының баяндамасын жəне Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасын, ал аумақтарда – əкімшілік-аумақтық бірлік əкімінің баяндамасын жəне мəслихат хатшысының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.»;

3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.».

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., №7-I, 46-құжат; 2017 ж., №14, 51-құжат; №16, 56-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; №14, 44-құжат; №16, 53, 55-құжаттар; №19, 62-құжат; 2019 ж., №2, 6-құжат; №15-16, 67-құжат; №21-22, 90, 91-құжаттар; 2020 ж., №10, 42-құжат; №13, 67-құжат; №16, 77-құжат):

1) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізеді жəне он жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңеске тиісті хат жібереді.»;

2) 44-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса жəне осы Заңның 20-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қоғамдық кеңестің ұсынымдарынсыз, сондайақ 20-баптың 3-тармағының талаптары бұзыла отырып қабылданса;».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 3 қаңтар

№406-VI ҚРЗ

 

Добавить комментарий