ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРТАЛАС АУДАНЫ

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

 Талас ауданында 2019 жылдың 22 қазанында “”Аудан әкімдігінің тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша қаралған мәселелер – Қаратау қаласындағы тұрғындары бұрыннан пайдаланып отырған көп қабатты тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру жұмысы, аудан тұрғындарына орталықтандырылған ауыз суды тұрақты беру жұмысын жолға қою және ауыз судың сапасын жақсарту жұмысының атқарылуы және тұрғындарға ауыз суды тұрақты беру жұмысына жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттын тиімді жұмсалуы туралы күн тәртібімен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа барлығы 14 адам қатысты, оның ішінде қала әкімі Қайрат Серимов және тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрлан Кудертаев.

         Н.Кудертаев есебін беріп, қойылған сұрақтарға жауабын берді. Қала әкімі Қ.Серимов және тиісті бөлім басшысы Н.Кудертаев 1999-2007 жылдары тұрғын-үй комиссиясының уақытша рұқсатымен коммуналдық меншіктегі үйлерде 95 азамат тұрып бүгінгі күнге дейін құжаттарын заңдастыра алмай жүргенің жеткізді. Бұл мәселенің шешілмей жатқан себебін айтып өтті, ол кезінде уақытша рұқсат алған үй иелерінің қайтыс болып кеткенің, кәзіргі таңда ол үйде балалары, келіндері немесе немелері тұрып жатқаны. Су мәселесі де көтеріліп, су сапасының нашарлығы айтылды.

Талқылау барысында айтылған ұсыныс-пікірлер сараланып, мынандай шешімдер қабылданды:

Қаратау қаласының әкімі Қ.Серимов және аудан әкімдігінің тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Кудертаев – 1999-2007 жылдары уақытша рұқсатпен коммуналдық меншіктегі пәтерлерді алған 95 азаматтардың құжаттарын заңдастыру бойынша айтылған проблеммаларды қағазға түсіріп, оның шешілетін жолын көрсетіп ұсыныс хаты дайындалып Қоғамдық кеңеске берілсін;

– Көпқабатты үйлердің су құбырларына құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргізген кезінде үй алдындағы асфальтын, брусчаткасын қалпына келтіру жұмысын жасау жөнінде мердігерлермен келісім- шарт жасалып, жұмыс  атқарылғандығы қадағалансын.

Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2019 жылдың 10 қарашасына дейін Қоғамдық кеңеске берілсін.

  1. Қаратау қаласындағы тұрғындары бұрыннан пайдаланып отырған (уақытша рұқсатпен) коммуналдық меншіктегі көп қабатты үйлердің құжаттарын заңдастыру мақсатында туындаған проблеммалары түсіндіріліп, Облыстық Қоғамдық кеңестің назарына жеткізілсін.           Талас аудандық Қоғамдық кеңесі

Добавить комментарий