Денсаулық сақтау басқармасыЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРТАРАЗ ҚАЛАСЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС-ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР

Бүгін,  Баспасөз үйінде «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасының жұмысы туралы брифинг өтті.

Брифингте  Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек  Әбетайұлы Сейдазимов “Облыстық Қоғамдық кеңестің 10 айлық жұмысы туралы”сөз сөйледі.

ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талабына сәйкес, 2016 жылдың ақпан айында 3 жылдық мерзімге арналып қалыптастырған Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі, 2019 жылдың ақпан-наурыз айларында Кеңестің кезекті мерзімге тағайындалатын жаңа құрамын жасақтау процедураларын өткізу мәселелерімен, өткен 2016-2018 жылдары атқарылған жұмыстардың сапалық көрсеткіштерін қортындылау істерімен айналысты. 3 жылдық қортынды есептің нәтижелері көрсеткеніндей, Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша жұртшылықтың пікірін білдіру болғандықтан заңның 5 бабының 1,2,3 және 5 тармақтарының талаптарына сәйкес облыстық бюджеттің жобаларын, олардың орындалуын, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жетізу туралы есептерін тыңдау, облыс әкімдігінің бекітуіне ұсынылатын азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты  нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу жұмысымыздың құрамдас бөлігіне айналды. Жеке тұлғаларды қабылдап, олардан түсетін ұсыныс – пікірлер мен кейбір арыз шағымдарды уақтылы қарап, оларды шешуге ұмтылыс жасау да, осы жылдар ішінде қалыпты жағдайға айналды.

Кеңесте бұрын 29 мүше болса, биылғы таңдауда алғашқы қалыптасу кезеңінің үш жылында белсенді қызмет жасап, қоғамдық кеңес жұмысы сынынан өткен адамдар мен жаңадан мүшелікке талап білдірген үміткерлер арасында іріктеу процесі жүргізілді. Сүйтіп, заңдылық күші бар құжаттарға енгізілген және республикалық көлемдегі бірнеше қоғамдық талқылаулар мен ақылдасуларда қаралған  ұсыным-өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Кеңес мүшелерінің саны 29 адамнан -19 адамға ықшамдатылды. Тұрақты комиссиялардың саны бұрын 5 комиссия болса, бұл жолы болса қайта құру жолымен – 3 комиссияға дейін оңтайландырылды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамында – саяси-әлеуметтік, шаруашылық- өндірістік, мәдени-рухани салаларды басқарып, халық шаруашылығын ұйымдастыру да сыннан өткен, қабылданған іс-шараларды әлеуметтік ортада айналымға енгізуге бағытталған мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру салаларында көп жылдар бойы қызмет атақарып мол тәжірибе жинақтаған азаматтар мен жастардың бастамашылығын қолдау саясатына қызу араласып,  қоғамдық-ақпараттық жүйенің ортасында жүрген белсенді жастар бар. 

2019 жылғы наурыз айының 30-жұлдызында өткен Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті сессиясында, ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 9 бабының 2 тармағына сәйкес мақұлданылып қалыптастырылған Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы өзінің алғашқы отырысында, кеңестің төрағасын, хатшысын сайлап, оның 3 тұрақты комиссиясының дербес құрамын ашық дауыс беру жолымен қалыптастырды, комиссия төрағаларын бекітті.

2019 жылы Кеңестің 14 отырысы өтіп, олардың 9-ы президиум отырысы, 5-і кеңейтілген отырыстар. Отырыстарда қаралған мәселелердің жалпы саны 77. Оның ішіндегі 74-і нормативтік-құқықтық актілер жобалары. Отырыстарда қоғамды толғандырып отырған мәселелердің негізгі салалары санатында тұрған – көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, тұрмыстық жағынан кенжелеп отырған жекелеген азаматтарға берілетін әлеуметтік атаулы көмек, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге арналған іс-шаралар, мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін жақсартуға арналған жұмыстар мен денсаулық сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері сөз болды.

Жамбыл облысы Қоғамдық кеңестеріне арналған ресми сайт жұмыс істеуде. Сайтқа Қоғамдық кеңестердің өткізілген іс шаралар мен нормативтік құқықтық актілер салынуда. Ай сайын қажетті дәрілердің бағаларына Қоғамдық мониторинг жүргізілді. Ол туралы әлеуметтік желілерге салынды. Мәслихат аппаратында Қоғамдық кеңестерге жауапты мамандарға және белсенді жастарға үшкүндік семинар жүргізілді. Семинарда  Қоғамдық кеңестердің жұмысы жүргізу және жұмысын бағалау индикаторлары, әлеуметтік желілерде белсенді болу әдістері көрсетілген болатын. Осы жұмыстарға Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру” атты әлеуметтік жоба аясында жұмыс жүргізілген болатын. 

Республикаға екі өзіміздің көрсетіп мақтанарлық жобамыз бірінші ол, Қоғамдық кеңестердің рейтингісі, екіншісі “Жамбыл облыстық, қалалық, аудандық қоғамдық кеңестері төралқаларының тең әрі әріптестік негізде аумақтық әдістемелік — үйлестіру ОРТАЛЫҒЫ”. Алғаш рет өткен жылы рейтингті енгізіп Қоғамдық кеңестердің ІІ мәжілісінде таныстырылған болатын, ал   аумақтық әдістемелік — үйлестіру ОРТАЛЫҒЫның екінші отырысы қазан айының 16 жұлдызында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Азаматтық қоғам комитетінің өкілінің қатысуымен өткізілді. Сол жерде “Обылста Қоғамдық кеңестердің күндерін” өткізу шешілді. 

Сонымен қатар,  «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасының жұмысы туралы   Облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі; “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” ЗТБ президенті Исламбек Дастанұлы айтып өтті.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іс-шаралар жоспары бекітілді.  «Жергілікті өзін өзі басқару мектебі» үш күндік оқыту семинар өткізілген. Оқытуға Тараз қаласы және аудандық мәслихат аппараттарының жауапты мамандары мемлекеттік қызметшілер, Үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары; Азаматтық қоғам өкілдері; Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері қатысты. Қоғамдық кеңестердің q-kenes.kz ресми сайты жұмысын жүргізуде.   Тараз қаласындағы М-2 және М-4 магистральды жылу желілерін ауыстыру жұмыстары сәуір айынан бастап қырқүйек айында аяқталып, жаңа оқу жылына дейін көше қозғалысының маңызды учаскілері бірінші орында аяқталу керектігін қадап айтылды. Мердігерлер М-2 және М-4 жұмыстарындағы жұмысшылар 2 ауысымдық демалыссыз жұмыс жасауда. М-2 және М-4 магистральды жылу желілерін ауыстыру жұмыстары белгіленген уақытта аяқталады, деп уәде берді. Ал, Қоғамдық кеңеске облыс әкімдігі энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына, Тараз қаласы әкімдігіне, ТаразТрансЭнерго кәсіпорнына күнделікті жұмыс жасау жоспарын Қоғамдық кеңеске өткізулерін және сол бойынша Қоғамдық бақылау жүретіндігі туралы хабарланды.

Жамбыл облыстық, қалалық, аудандық қоғамдық кеңестері төралқаларының тең әрі әріптестік негізде аумақтық әдістемелік — үйлестіру кеңесінің «Қоғамдық кеңестердің дамуы» атты конференциясы  өткізілді. Арнайы конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің бас сарапшысы Жанар Санаубаева қатысты. 

14 қазанда Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылында “Жуалы ауданында газдандыру мәселесі туралы” атты Қоғамдық тыңдау өткізілді. Тыңдауға аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Сейтхан Жұмашев, аудандық мәслихат депутаты Керімқұл Бегалиев,қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері және тұрғындар қатысты.

 

Добавить комментарий