ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖЕЛІСІ ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ОН ПАЙЫЗ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАМТЫДЫ

 Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті Исламбек Дастанның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Исламбек Дастанұлы бірлестіктің 2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындау туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2002 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бірлестіктің мүшелігінде 32 ұйым тіркелген. Ұйымның президенті болып 2012 жылы Исламбек Дастан сайланған болатын. 2012 жылдан осы күнге дейін бірлестік 13 млн теңге игерді. 2018 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бірлестікке 4,3 млн қаражат бөлінді. Оның 3,5 млн теңгесі «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу бойынша «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру және жүргізу» және «Интернет-қабылдау» сайтының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу» атты жобаларды жүзеге асырды. Жобалардың тұсаукесері 22 тамыз күні Достық үйінде өткен болатын. Тұсаукесерден кейін Жамбыл облысының 10 ауданында кездесулер өткізіліп, нәтижесінде 400-ге жуық адам тартылды. Сондай-ақ SMM арқылы j-reception.kz қабылдау желісі туралы бейнеролик фэйсбук әлеуметтік желісінде 103 233 пайдаланушыға қамтылса, оның ішнде 64690 адам сілтемемен сайтқа өтті және инстаграмм желісі бойынша 75 мың адам 10 секунд видео көрген. Қоғамдық кеңестердің ресми сайты 8265 адам қамтылды.

Дереккөз    http://turaninfo.kz/?p=12570

Добавить комментарий