2017 жылҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРСАРЫСУ АУДАНЫ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарын іске асыру мақсатында, аудан әкімі Балабек Нарбаевтың 2017 жылдағы атқарылған жұмыстары туралы аудандық қоғамдық кеңес алдындағы есеп тыңдалды.

Аудан әкімі Балабек Нарбаев 2017 жылы ауданымызда атқарған жұмыстарға тоқталды:
-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Елбасымыз еліміздің саяси, экономикалық , әлеуметтік және рухани жаңғырудың оң басым бағытын айқын белгіледі.
Ол жаңа экономикалық саясат, барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер, міндеттер. 2017 жылы ауданда айтарлықтай жүмыстар атқарылды. Былтырғы жылғы қортынды есебінің барысында аудан тұрғындары көтерген 12 мәселе бақылауға алынған болатын. Көтерілген 12 мәселенің барлығы жыл ішінде өз шешімдерін тауып толық орындады.

Біздің ауданымыздағы жергілікті атқарушы органдардың барлық жұмысы халықтың әлеуметтік жағдайын тұрғаындардың тұрмыс-тіршілігін одан ары жақсартуға бағытталатын болады. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарымызды үлкен ұйымшылдықпен, ауызбіршілікпен орындаймыз деген сенімдемін -деп, жыл ішінде атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті.

Жиын барысында қатысушылар тарапынан бірненше сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Сонымен қатар, қатысушыларға алдағы уақытта атқарылуға тиісті мәселелерді де ұсынды.

Добавить комментарий