НҚА

Меркі ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес Меркі ауданы әкімі

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен Меркі ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
  2.   «Сайлау учаскелерін құру туралы» Меркі ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 03 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4019 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 желтоқсанындағы «Меркі тынысы – Меркенский вестник» газетінде №98 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Медетбековке жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашкы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                      М. Өмірбек

Добавить комментарий