2020 жылБасқаларЖАҢАЛЫҚТАРМЕРКІ АУДАНЫНҚАӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 қазандағы № 9-5 “Меркі аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы” шешімінің күші жойылды деп тану туралы

  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі “Құқықтық актілер туралы” Заңына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ

1. Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 қазандағы № 9-5 “Меркі аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы” шешімінің (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қарашада №3223 болып тіркелген, Электрондық түрде ҚР НҚА эталондық бақылау банкі, 07.12.2016 жылы жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

   2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

  Сессия төрағасы

 

Р.Нұралбеков

      Аудандық мәслихаттың хатшысы ІАхметжанов

 

Добавить комментарий