Қаржы басқармасы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына, «Жергілікті атқарушы органдардың 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 5 бұйрығына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «2018-2020 жылдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы» бойынша 2018 жылға 625 399,0 мың теңге көлемінде осы қосымшаға сәйкес мемлекеттік міндеттемелері қабылдасын.
  2. Жамбыл облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының колданыстағы заңнамасына сәйкес осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Добавить комментарий