«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қазандағы №233 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №4360 болып тіркелген, 2019 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкісінде жарияланған) күші жойылсын.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат паудалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Мәдиевке жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |