2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРЖер қатынастар басқармасыҚОРДАЙ АУДАНЫӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРШУ АУДАНЫ

Кордай ауданының 500-ге жуық отбасысы Шу ауданына егіс жұмыстарына аттанды

Ағымдағы жылы Қордай ауданынындағы дүнген отбасылары дәстүр бойынша  көкөніс дақылдарын өсірумен айналысатын Шу ауданына аттанған болатын.

Шу ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев фермер Лұқмар Сандуров пен тағы екі отбасы мүшелері еңбек ететін  егіс алқабына ат басын бұрды. Олар 150 гектар жерге пияздың «Манас» сортын өсіруде.

Масаншы ауылының тұрғыны магистралды каналдың жағасына қуатты сорғыш пен су резервуарын орнатып, сол арқылы тамшылатып суару әдісін қолданып отыр.

Диқаншылардың өздерінің айтуынша, биыл олар бір гектардан кем дегенде 80 тоннадан пияз жинауға ниетті. Өз өнімдерін еліміздің әр аймақтарына жеткізбек.

Айта кету керек, биыл Қордай ауданынан 467 дүнген отбасы келіп, егіс жұмыстарын жүргізу үшін 8300 гектардан астам жер алған. Қордай ауданының ауылдарындағы  қайғылы оқиғалардан кейін кейбіреулер дүнген ағайындардың іскерлік белсенділігіне қатысты теріс болжамдар жасаған болатын.

Алайда, бүгінгі таңда бұл еңбекқор халықтың өкілдері өздерінің сүйікті ісімен айнылысып, құнарлы Шу жерінде егістік жұмыстарын сәтті жүзеге асыруда.

Бердібек Сапарбаев Л.Сандуровқа пияз өсімінің жақсы жағдайы үшін ризашылығын жеткізіп, қолданылған тыңайтқыштардың сапасы, жұмылдырылған еңбек күші мен жалақы мөлшеріне көңіл бөлді. Сонымен қатар, өінімді келесі көктемге дейін шығынсыз сақтап отыру үшін қолайлы қоймалар салуға кеңес берді.

Добавить комментарий