Ауыл шаруашылығы басқармасыЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА НЕ КЕДЕРГІ?

Бүгінде, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған бес əлеуметтік бастамасы аясында өңірде сала-сала бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, баспана, студенттердің жатақхана, елді мекендерді газдандыру және ауылшаруашылығындағы түйіні тарқамаған мәселелер өз шешімдерін тауып келеді. Осы орайда, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен бес әлеуметтік бастаманың орындалуы бойынша облыстық тәжірибелік конференция өтті.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ тапсырысы аясында ұйымдастырылған шараға облыс әкімдігі басқарма басшыларының орынбасарлары, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық, қалалық жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен белсенді жастар қатысты.

Басқосуда «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан әлеуметтік бастаманың елімізде іске асырылу барысына мониторингтік жұмыстар жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етіп, халықты толғандыратын проблемалық мәселелерін анықтау және оның шешу жолдары бойынша мемлекеттік органдармен тиісті шаралар қабылданып отырғанын сөз етті.

Сондай-ақ шараға қатысушылар баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді.
Бес әлеуметтік бастаманың Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Аманов Қайрат Тілеубайұлы:

-Елбасының шағын несие беруді көбейту жөніндегі төртінші бастамасы ұсақ және орташа кəсіпкерлікті дамытуға серпін беретіндігі соншалықты маңызды екендігін көп түсіндіріп жатудың қажеті жоқ сияқты, өйткені елімізде бұл бағытты дамыту бойынша тиісті бағдарламалар мен қолдау құралдары жетілдірілу үстінде. «Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қолданысқа енгізілген болатын.Сонымен қатар, аталған бағдарлама шеңберінде облыстық бюджеттен 501,4 млн. теңге қаралып «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы игерілді, жалпы 134 өтінім қаралып, мақұлданып екі транышпен игерілді-, деп баяндап өтті.

Конференция барысында  қатысушылардың қойылған сауалдары мен көтерілген мәселелер және ұсыныстары  облыстық Қоғамдық кеңеске жолданады.

Добавить комментарий