Басты ақпаратЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫТАРАЗ ҚАЛАСЫ

«Көрікті мекен» Жамбыл облысында жалғасады

Тараз. 25 қазан.

— Биыл «Көрікті мекен» танымдық сапары Алматы облысынан кейін Жамбыл облысында жалғасын тауып отыр. Жобаға қатысушылар 3 күн бойы мемлекеттік маңызы бар су нысандарын аралап, жұмысымен танысып, мамандармен сұхбаттасып, өзен-көлдерге саяхаттайды деп хабарлайды «Қазсушар» РМК-нің баспасөз қызметі.

— БАҚ өкілдері еліміздегі су мәселелерін терең білуі керек. Себебі осы саланың уақын өткен сайын маңыздылығы артып келеді. Қай өңірге жолымыз түссе де елді-мекендер тұтынып отырған су қайдан келіп жатыр, оның баға мәселесі, мемлекеттік бағдарламалар қаншалықты іске асып жатыр, маңызды су нысандарының тарихы мен жай-күйі секілді тақырыптарды қамтып жүрміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті осы мақсатты көздейді және әрі қарай да осы бағытта жұмыс жасайды, — дейді Су ресурстары комитеті мен «Қазсушар» РМК-нің Баспасөз хатшысы Азамат Байғалиұлы.

Танымдық сапарға елімізге белгілі бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-журналистиканың танымал өкілдері шақырылған. Жоба әрі қарай да өзге облыстарда жалғасын табады. Дереккөз 7kun.kz сайтынан

Добавить комментарий