2019 ЖЫЛБасқаларҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРТАЛАС АУДАНЫ

Күн тәртібіндегі мәселе бақылауда

 Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Жамбыл облыстық және Талас аудандық Қоғамдық кеңестерінің Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің хаты бойынша, Қаратау қаласының 95 пәтердің тұрғындары бұрыннан пайдаланып отырған көп қабатты тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру бойынша бірлескен отырысы өтті. 

        Отырысқа Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сембек Әбітайұлы Сейдазимов және облыстық Қоғамдық кеңесінің комиссия хатшысы Рустем Калмухамбетұлы Қасымов, Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Бектай, аудандық кеңесінің мүшесі Е.А.Имаммырзаев, хатшысы М.С.Қарғабаева және шақырылғандар Талас ауданының прокуроры И.П.Тойшыбеков, аудандық мәслихатының хатшысы А.Тулебаев, аудан әкімінің орынбасары С.Е.Дадабаев, Қаратау қаласының әкімі Қ.М. Серимов, аудан әкімдігінің тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Кудертаев, аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.С.Абсадыков қатысты. 

         Қаратау қаласының әкімі Қайрат Маратұлы Серимов және ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Нұрлан Аманғалиұлы Кудертаев аталған проблемма бойынша мән-жайын түсіндіріп, көп жылдары шешілмей жатқан мәселеге – тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыруға ықпал етуді сұранды. Отырыстың нәтижесінде шешімдер қабылданды, осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Талас аудандық Қоғамдық кеңесі

Добавить комментарий