БАЙЗАҚ АУДАНЫБасты ақпаратЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімдігінің үлкен мәжілістер залында жаңа сайланған аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Аталмыш басқосуды аудандық мәслихат аппаратының басшысы, Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы төрағасының орынбасары Исағали Сәлімбаев ашты. 

Исағали Бошқайұлы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ереженің негізінде, Байзақ аудандық Қоғамдық кеңесі мүшелерінің сайлауы өткізілгенін атап отырып, жаңа құрамдағы кеңес мүшелері арасынан Қоғамдық кеңестің төрағалығына Жұманғали Құмғанбаевтың кандидатурасы ұсынылғанын жеткізді. 

Кеңес мүшелері ашық дауысқа салу арқылы Жұманғали Серікбайұлының кандидатурасын жақтап, дауыс берді. 

Жаңа тағайындалған кеңес төрағасы өзіне білдірілген сенімдеріне ризашылығын білдіріп, Қоғамдық кеңес мүшелерін алдағы уақытта бірлесе қызмет атқаруға шақырды. 

Бұдан кейін Қоғамдық кеңес отырысында ұйымдастыру мәселелері күн тәртібіне шығарылды. Нәтижесінде күн тәртібі бойынша Қоғамдық кеңестің Ережесі бірауыздан бекітіліп, бес адамнан тұратын Төралқа мүшелерінің құрамы сайланды. Сонымен бірге, «Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – әрекеттер жөніндегі комиссиясы», «Аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы», «Әлеуметтік – мәдени, білім беру, спорт, денсаулық сақтау салалары және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі комиссиясы» сынды үш комиссия құрылып, оның жетекшілері мен хатшылары және мүшелері бекітілді. 

 

1 комментарий

  • вавада рабочее зеркало на сегодняшний день вход на сайт:

    Чрезвычайно интересная информация.

Добавить комментарий