БАЙЗАҚ АУДАНЫЖАМБЫЛ АУДАНЫЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖУАЛЫ АУДАНЫҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОРДАЙ АУДАНЫМЕРКІ АУДАНЫМОЙЫНҚҰМ АУДАНЫӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРСАРЫСУ АУДАНЫТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫТАЛАС АУДАНЫТАРАЗ ҚАЛАСЫШУ АУДАНЫ

ЭТНОСТИЛІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН ЕРЕКШЕ ОҚЫТУ-СЕМИНАРЫ

“Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту” бойынша семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Үш күн бойы өтетін шараны Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруда.

Айта кетерлігі, Тараз қаласы мен аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері мен жауапты мамандары мен Тараз қаласы және аудандық мәслихат аппараттарының жауапты мамандары, мемлекеттік қызметшілер қатысып жатқан жиында қоғамдық кеңестің «Q-kenes.kz» сайты таныстырылып, онда қалай жұмыс жасау қажеттігі түсіндірілуде. Сондай-ақ аталған сайтта барлық аудандаға қоғамдық кеңес мамандарының кез-келген уақытта кіріп, керекті ақпаратты орналастыруға мүмкіндіктері бар екендігі жан-жақты айтылып, жолдары көрсетілді. Тілге тиек ете кететіні, қазіргі таңда сайтта түрлі бағыттарда айдарлар орналастырылып, қоғаммен кері байланыс орнату жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, республикалық, облыс пен аудан көлеміндегі жаңалықтармен тұрақты түрде толықтырылып, «Сұрақ-Жауап», «Қоғамдық бақылау» айдарлары жұмыс атқаруда. Бұдан өзге онда өзекті мәселелерді талқылау бойынша мақалалар, мемлекеттік бағдарламалар, нормативтік-құқықтық актілер жарияланып отырады. Осындай ақпараттарға толықтай қаныққан қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, электронды ақпарат түрін халық пен мәслихат депутаттары арасында кеңінен насихаттап, кері байланыс құралы ретінде қолдануды жолға қою қажеттігі айтылды. 


Айта кетерлігі, бұл шара ертең де өз жалғасын тауып, қатысушыларға Әлеуметтік желі психологиясы, жазылмаған ережелер мәселелері түсіндірілетін болатын. Аталған тақырыптағы семинар-тренингті елімізге танымал блогер-тренер Нұрлан Жаңай жүргізеді.

Добавить комментарий