2020 жылАуыл шаруашылығы басқармасыБасты ақпаратБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖАҢАЛЫҚТАРКәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасыҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

Іздеген жоғын таба алмай жүр

https://taraztv.kz/ru/news/society/obshchestvennyi-sovet-kak-vedetsya-borba-so-skotokradstvom

 

Қордай ауданында өткен жылы 35 дерек тіркеліп 6,1процентке өскен. Ең сорақысы, 2020 жылдың төрт айында да 23 мал ұрлығы тіркеліп – 109.1 процентке өскен.
Тұрар Рысқұлов ауданында 2019 жылы мал ұрлығының 39 фактісі орын алып, 2018 жылмен салыстырғанда 25,8 процентке өскен. Ағымдағы жылдың төрт айында 8 дерек тіркелген .
Сарысу ауданында да мал ұрлығына тосқауыл қою мәселесі әзірше мәз емес екенін көрсетті. 2018,2019 жылдары аудан бойынша тиісінше 20,19 мал ұрлығы дерегі тіркелген болса, биылғы жылдың төрт айында да, былтырғыдай 5 деректен тіркелген. Мұндай жағдайды түсіндіргісі келген Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуанышбек Бекқожаев...«учаскелік полицейлерде көлік жоқтың қасы, әкімдіктер, шаруалардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, жағдайы бар тұрғындар полицейлерге көліктерін беріп, қылмыс болған жерде бізбен бірге жүрсе» деген сыңай танытты… Өздерінің тікелей міндеттерін басқаларға артқысы келген басшының пікірімен қатысушылар келіспеді. Онымен келіспеген Сарысу аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Жақсыбек Даулетбаев қарсы пікір білдірді, тек жалпы бұл мәселемен қоғам боп күресейік дегенін қолдады.
Жуалы ауданында 2019 жылдың қорытындысымен ауданда мал ұрлығы 45 процентке төмендегенімен, қылмыстың ашылуы небәрі 46 ақ процент. 2019 жылы ауданда 22 жылқы қолды болса, 2018 жылы да 22 бас жылқы ұрланған екен.
2019 жылы Ақтөбе ауылында 60 қой, Билікөл ауылында 14 қой, 9 жылқы қолды болған. Қарасаз ауылында 5 жылқы, 1 сиыр, Көкбастау ауылында 4 жылқы ұрланған.
2020 жылдың 5 айында аудан көлемінде мал ұрлығына қатысты жалпы 4 дерек тіркеліп, оның біреуі-ақ ашылған, ашылу пайызы небәрі 33,3процентті құрайды. Өткен жылдың жаз мезгілінде ұрланған Қызтоған ауылының тұрғыны Тұртаевтың екі жылқысы, Қошқаратадағы Кенжебековтың бір бұқасы, биыл қыс мезгілінде Ақтастыдағы Дазиевтың ұрланған 4 бас қойы әлі күнге дейін табылмаған, қылмыстар ашылмаған. Демек, мал ұрлығы қылмысының ашылуы бұл ауданда өте төмен.
Ауқымды жұмыстарға қармастан облыста мал ұрлығы тоқтаған емес, қозғалған қылмыстық істердің жартысы ашылмай келді. Себебі қолданыстағы заңдар бойынша мал ұрлығының көпшілігі орта санаттағы қылмыстардың қатарына жатқан. Демек, осы уақытқа дейін мал ұрлаған қылмыскерлер татуласу процедуралары арқылы жазадан оңай құтылып келді, мал ұрлығына қатысты істердің 25 пайызы татуласу бойынша қысқартылып келген. Мұндай жағдай тек полиция мен сот органдарына ғана емес, тұтас мемлекетке сенімсіздік тудыратыны белгілі.

Бұл тұрғыда құқық қорғау органдары атына қоғамда түрлі өткір пікірлер айтылуда. «Неге мал ұрлап ұсталғандар жазадан оңай құтылып кетеді, органның қызметкерлерімен олар сыбайлас, ауыз жаласқан» деген сияқты. Әсіресе ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту керек екенін, отырысқа қатысқан облыс мәслихатының депутаты, қоғамдық кеңестің мүшесі Масат Берік пен Жуалы ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков, Талас аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ақынбек Бектайлар жеткізіп айтты.
Сол себептен мал ұрлығын ауыр қылмыс санатына жатқызу туралы осыдан екі жыл бұрын жоғарыға ұсыныс жасағанбыз. Енді міне, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР-ың кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» номері-292 -Заңға қол қойғанын, қылмыстық кодексіне мал ұрлығы бойынша арнайы 188-1бап енгізілгенін өз баяндамамда түсіндіріп жеткіздім. Бапта қылмыстың 4 құрамы көрсетілген. Бұдан былай өзгенің ауласына заңсыз кіріп, ұрлық жасағандар 2-7 жылға қамалып, мүлкі тәркіленеді. Мал ұрлығы мен тонау үшін 5-10 жыл және мүлкін тәркілеу және қарақшылық үшін 7-12 жыл, мүлкін тәркілеу жазалары беріледі. Бұлар қылмыстың ауыр санатына ауыстырылды және тараптардың ымыраласуына тыйым салынады. Сонымен қатар, қылмыстық кодекстің 68 бабына түзету енгізіліп, татуласу мүмкіндігі қасақана қылмысты қайта жасағандарға берілмейді. Бұл заңға енгізілген маңызды өзгерістер мен толықтырулар туралы халық, жұртшылық білу керек, әсіресе ауыл тұрғындары.
Тағы бір ескертілген жәй: ҚР Азаматтық Кодексі талаптары бойынша азаматтар өз мүлкіне, оның ішінде малдарына ие болып, оларды өздері қорғауға міндетті. Қараусыз қалған мал жоғалады, ұрланады, сол сияқты егілген егістіктерді таптап, маяларды бұзады, демек, басқа қожалық иелерінің мүліктік құқығын бұзып, оларға материалдық зиян келтіреді. Мұндай жағдайда, мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін де ескерткім келеді.
Мал ұрлығының алдын алу мақсатында облыстық Қоғамдық кеңестің отырысында ұсынымдар талқыланып, толықтырылып қабылданды.

Добавить комментарий