НҚА

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                               28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының                   28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.   Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісімі бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде                       2 косымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
  3. «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №05 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2542 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурыздағы «Меркі тынысы – Меркенский вестник» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Асхат Оразымбекұлы Медетбековке жүктелсін.
  5.   Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Аудан әкімі                                                                                  М.Өмірбек

 

Добавить комментарий