2020 жылБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРТАЛАС АУДАНЫ

Есепті жиын өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің төрағасы Ақынбек Бектайдың төрағалығымен өткен жиында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов қоғамдық кеңес мүшелері алдында жыл ішінде атқарған
жұмыстары және алдағы жоспары бойынша есеп берді.
– Биыл Ақкөл ауылы “Ауыл ел бесігі” бағдарламасына кірді. Алдағы уақытта бағдарлама аясында Ақкөл ауылында бірқатар жұмыстар атқарылатын болады. Егістік алқаптардың өнімділігін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте оларды суландыру мәселесінің манызы зор. Осы жайттарды
ескере келе, егістікке су баратын неше жылдан бері қараусыз қалған арық- атыздар тазаланды – деген Бақыт Алпысбайұлы басқа да өзекті деген мәселелерді егжей тегжейлі баяндады.
Келесі кезекте қоғамдық кеңес мүшелері Ж.Таукебаев, М.Миралиев және І.Нұрұлы Ақкөл мен Тамды ауылының ортасындағы жолдың жөнделуі, Ақкөл ауылын газдандыру, "Пилоттық жоба", қала ішіндегі кейбір науалардың айналасының дұрыс жабылмағандығы, білім қызметкерлерін ынталандыру тағы да басқа бірқатар мәселелер жөніндегі сауалдарын жолдады.

Аудан әкімі Б.Қазанбасов осы жылы Қойгелді-Ақкөл арасындағы 28 шақырым жолды жөндеу жұмыстары “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында жүзеге асатындығын, Ақкөл ауылын газдандыру жұмысы басталғандығын, науалардың айналасын қалыпқа келтіру жұмыстары көктемде жалғасатындығын сонымен қатар, білім саласына қатысты сауалдың енді облыс әкімдігінің білім басқармасы шешетіндігі жөнінде толыққанды жауап берді. Келесі кезекте аудандық мәслихат хатшысы Кәдірбек Садубаев қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді.

– Өткен жылы мәслихатта жалпы 20 сессия өткізілген. Оның 4 кезекті, 16 кезектен тыс сессия. Кезектен тыс сессияларда аудандық бюджетке 10 рет өзгерту енгізілді, – деген Кәдірбек Рысқұлбекұлы депутаттық құрам мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстар барысымен таныстырды.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңес төрағасы А.Бектай да өткен жылы  жоспарға сәйкес атқарған жұмыстары жөнінде баяндады.

Добавить комментарий