Басты ақпаратЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

Елді газбен қамтамасыз ету қызметі қарқынды жүргізілуде

Бүгін Жамбыл облысында Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша облыстық тәжірибелік конференция өткізілді. Аталмыш конференцияда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған 5 әлеу¬меттік бастамасын жүзеге асыруда аймақтарға артылатын міндеті туралы талқыланды.
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ тапсырысы аясында ұйымдастырылған шараға облыс әкімдігі басқарма басшыларының орынбасарлары, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық, қалалық жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен белсенді жастар қатысты.

Басқосуда «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан әлеуметтік бастаманың елімізде іске асырылу барысына мониторингтік жұмыстар жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етіп, халықты толғандыратын проблемалық мәселелерін анықтау және оның шешу жолдары бойынша мемлекеттік органдармен тиісті шаралар қабылданып отырғанын айтып өтті.
Бес әлеуметтік бастаманың бесінші бастамасы «Елді газбен қамтамасыз ету» бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының газдандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Кожаков Маулен баяндап өтті.

– Елбасының «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» әлеуметтік үндеуі шеңберінде, облыста бекітілген ісшара жүзеге асырылуда.
Облыста 377 елді мекен бар. Оның газдандырылғаны 181, немесе 48 пайызы. Болашақта 2019-2027 жылдары газдандырылатыны 196 елді мекен, немесе 100 пайыз.
Соңғы 10 жыл ішінде газдандырылғаны 133 елді мекен.
2019 жылы елді мекендерге газ келтіру құбырының құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 6,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл жобалар толық іске асқан кезде 5 ауданның 81 елді мекенінде тұратын 101 мың адамның жағдайы жақсаратын болады.
(Шу ауданының (18 е.м. 22 130 адам), Жамбыл ауданының (13 е.м. 12 631 адам), Жуалы ауданының (15 е.м. 9 457 адам), Сарысу ауданы Жаңатас қаласына дейін салынатын газ келтіру құбырының құрылысна 3 млрд. теңге бөлінді (14 е.м. 39 539 адам). Жаңатас қаласына дейін тартылатын құбыр құрылысына 2020 жылы қалған 4,7 млрд. теңге жоспарланған.)
Оның ішінде тек қана республикаға қарамай, Байзақ ауданының 21 елді мекеніне газ келтіретін құбыр құрылысына облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге (21 е.м. 17 241 адам) бөлінгендігі туралы айтып өтті.

Конференция барысында  қатысушылардың қойылған сауалдары мен көтерілген мәселелер және ұсыныстары  облыстық Қоғамдық кеңеске жолданады.

Добавить комментарий