БАЙЗАҚ АУДАНЫ

БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ШАҚЫРЫЛЫМ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында жаңадан сайланған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Отырыста үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе Байзақ ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлау туралы, екінші мәселе Байзақ ауданының Қоғамдық кеңесінің хатшысын сайлау туралы, үшінші  әр түрлі мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 13 бабы 1 тармағына сәйкес отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Құмғанбаев Жұманғали Серікбайұлы, хатшысы болып Айтқұлов Жарқынбек Әбдіманапұлы, төралқаға төраға, хатшы, Тлепов Нұржан Сейдазымұлы, Байтақова Шолпан Қайратқызы, Ермеков Серік, Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлы,Ақбаев Бақтияр Мұратұлы сайланды.

Байзақ аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері

Добавить комментарий