БАЙЗАҚ АУДАНЫҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР

БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ШАҚЫРЫЛЫМ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында жаңадан сайланған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Отырыста үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе Байзақ ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлау туралы, екінші мәселе Байзақ ауданының Қоғамдық кеңесінің хатшысын сайлау туралы, үшінші  әр түрлі мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 13 бабы 1 тармағына сәйкес отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Құмғанбаев Жұманғали Серікбайұлы, хатшысы болып Айтқұлов Жарқынбек Әбдіманапұлы, төралқаға төраға, хатшы, Тлепов Нұржан Сейдазымұлы, Байтақова Шолпан Қайратқызы, Ермеков Серік, Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлы,Ақбаев Бақтияр Мұратұлы сайланды.

Байзақ аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері

 

1. Айтқұлов Жарқынбек

Әбдіманапұлы

Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары;
2. Ақбаев Бақтияр Мұратұлы аудан әкімі аппаратының басшысы;
3. Анарқұлова Рабиға Әбдешқызы мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының Байзақ аудандық филиалының төрайымы;
4. Алимкулов Сапар Махамбетович аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлар кеңесінің мүшесі;
 5. Байтақова Шолпан Қайратқызы «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының орынбасары;
6. Бесбаев Кемелбек аудандық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы;
7. Биназаров Әзімхан Бүркітбайұлы «Түймекент – 2030» шаруа қожалығының төрағасы
8. Ермеков Елнұрбек Сайланбекұлы Білім қызметкерлерінің Байзақ аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы;
9. Ермеков Серік зейнеткер;
10. Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
11. Жақсымбетов Бауыржан Пәрмешұлы аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінің директоры;
12. Жәмішжанов Алтынбек Миятұлы «Еңлік» балабақшасының директоры;
13. Жұмабеков Батырхан Шәріпханұлы Байзақ аудандық ішкі істер басқармасы бастығының қызмет жөніндегі орынбасары;
14. Құмғанбаев Жұманғали Серікбайұлы зейнеткер;
15. Раджамов Мехия Мұсаұлы Түрік ұлттық – мәдени орталығының басшысы;
16. Садықов Миржан Шакирович Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының Байзақ ауданындағы филиалының басшысы;
17. Тлепов Нұржан Сейдазымұлы аудандық мәслихат  хатшысы;

 

 

 

 

Добавить комментарий