2021 жылБАЙЗАҚ АУДАНЫБасты ақпаратБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ 2021 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Аудандық Қоғамдық кеңесте 2021 жылдың алдын-ала бекітілген іс-жоспары бойынша қоғамдық кеңестің 4 отырысы, 4 төралқа отырысы, 22 комиссия отырысы, 2 қоғамдық тыңдау өткізілді. 

Аудандық Қоғамдық кеңеске келіп түскен 22 нормативті-құқықтық акт жобалары кеңес жанынан құрылған тиісті комиссияларда талқыланып, сәйкесінше 22 ұсыным аудан әкімі аппараты мен аудандық мәслихат хатшысына және тиісті аудан әкімдігіне қарасты бөлімдерге берілді.

Аудандық Қоғамдық кеңестің қызметінің ашықтығын, жұмысының пәрменділігі мен жариялығын дамыту мақсатында, әрбір атқарылған іс-шараның қорытындысы ақпараттық жүйелерде жарияланып отырды. 

Есепті мерзімде кеңес тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша аудандық «Ауыл жаңалығы» – «Сельская новь» газетінде 5 мақала, Байзақ ауданы әкімдігінің ресми сайтында (bayzak.zhambyl.kz) және Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің сайтында (q-kenes.kz) 4 мақаладан жарияланды.

Аудандық қоғамдық кеңестің негізгі жұмысының бірі – «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының және басқа да заңдардың аясында, аудан тұрғындарының талап – тілектеріне, мұң – мұқтажын анықтау мақсатында, Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық қабылдауларға қатысып, жеке азаматтардың өтініш – пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың шешімін табуға түсініктеме, ұсынымдар беріп отырады. Үстіміздегі жылы қоғамдық кеңеске аудан тұрғынының атынан 1 өтініш келіп түсті. Өтініштің негізгі мазмұны су құбыры жүретін құдықтың үйіне кіруге кедергі келтіретіндіктен орнын ауыстыруды сұранған. Бұл өтініш тиісті мемлекеттік мекеменің қатысуымен шешімін тапты. 

Сонымен бірге, Байзақ ауданы әкімдігінің жанынан құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» мәселелері бойынша аудандық комиссияның және «Құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» жөніндегі ведомствааралық комиссияның құрамындағы қоғамдық кеңес мүшелері аудан көлеміндегі осы комиссияның ашықтығына, нәтижелі жұмыс атқаруы барысында белсенділік көрсетуде. Осы жылдың өткен мерзімінде жоғарыда көрсетілген комиссияның 4  отырысы өтіп, ондағы қаралған мәселелерге қоғамдық кеңес мүшелері өз пікірлерін білдірді. 

Қоғамдық кеңес қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған заң берген өкілеттіктер аясында, комиссия мүшелерінің қоғамдық мониторнинг, қоғамдық тыңдау және мемлекеттік орган басшылары жұмыстарының нәтижелері туралы есептерін тыңдау формалары арқылы өз жұмысын жүргізеді. Сонымен бірге, кеңес отырысында берген ұсыныстардың орындалу нәтижесіне бақылау жүргізеді.

2021 жылдың 18 ақпанында өткен Қоғамдық кеңес отырысында Байзақ ауданының әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлының 2020 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда артығымен орындалғаны атап көрсетілді. 

2020 жылы аудан аумағында атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша Байзақ аудандық мәслихатының хатшысы Ақбаев Бақтияр Мұратұлының және Байзақ аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Құмғанбаев Жұманғали Серікбайұлының қосымша баяндамалары тыңдалды. 

2021 жылдың 29 шілдесінде өткізілген кезекті кеңес отырысында «2020 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Майра Нурекееваның, “Денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы және денсаулық сақтау нысандарының материалдық – техникалық қамтамасыз етілу деңгейі” туралы аудандық орталық ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары Ерік Мусабаевтың және де “Аудандағы ішкі саяси жағдай және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен атқарылып жатқан жұмыстар” туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманованың есептері тыңдалды. Қоғамдық кеңестің отырысында қаралған мәселелер бойынша жұмыстарды ретке келтіру жөнінде ұсыныстар қаралып, ұсыныстардың орындалуы бақылауға алынды. 

Аудан бюджетінің түсімдер бойынша бекітілген жоспары жыл бойына бірнеше мәрте нақтылау жүргізу жұмысы аудан бюджетінің атқарылу сапасына әсерін тигізетіндіктен «Салық кодексіне» сәйкес, салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша салық төлеушілер санын, салық салу обьектілерін толық және дұрыс  анықтап,  бюджеттің  кіріс бөлігін сапалы  жоспарлау және аудан бюджетін игеру барысында бағдарлама әкімшілері Қазақстан Республикасының «Бюджет туралы» Кодексінің заң талаптарын орындай отырып, бюджет жүйесінің «дәйектілік», «нәтижелік», «негізділік» және «тиімділік» принциптерін сақтай отырып, аудан бюджетін атқару  ұсынылды. 

Аудандық орталық ауруханасы басшылығына – 1 жасқа дейін сәби өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу, жалпы, өлім санының артуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі денсаулық сақтау саласының нысаналы индикаторларының орындалуына бағытталған жұмыстарды жандандыру (оның ішінде, ана өлімінің алдын алу, медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру), профилактикалық скрининг жұмыстарын уақытылы жүргізу, уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, зертханалардың жұмыс істеу тәртібін ретке келтіру, аудандық санитарлық – эпидемиялогиялық бақылау басқармасының баяндамасында көрсетілген кемшіліктер бойынша іс-шара жоспарын жасап, оның орындалуын ұйымдастыру ұсынылған. Ұсыныс негізінен орындалды, Байзақ, Түймекент, Дихан, Жетібай, Тегістік елді мекендеріндегі дәрігерлік амбулатория ғимараттарының орнына кезең – кезеңімен 2025 жылға дейін жаңа ғимарат салу жұмыстары жүргізілетіні жоспарланған. 

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне аудан көлемінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға мониторинг жүргізу, этностар тығыз шоғырланған елді мекендерде этносаралық татулықты сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, этностар тығыз тұратын жерлерде жұмыс істеу үшін әр түрлі этнос өкілдері басшыларын қоса отырып, этносаралық келісім мәселелері бойынша өңірлік ақпараттық – түсіндіру топтарын қалыптастыру ұсынылды. Бұл жұмыс толығымен орындалды.

        2021 жылдың 11 қарашасында өткізілген кезекті кеңес отырысында «Аудан аумағының табиғатын қорғау және жер ресурстарын тиімді пайдалану бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы» Байзақ аудандық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің бас инженері Мақсат Заурбековтің, «Ауданда бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және оған жастарды баулу жұмыстарының атқарылу барысы туралы» аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сағынбек Жүнісбековтің есептерін тыңдады. 

        Мақсат Заурбеков мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғауға автокөліктер қажеттігін, ормандарды толықтыру және өсіру бойынша тиісті техникалар мен агрегаттар жеткіліксіздігін, орман қоры жерінде арнайы сексеуіл тұқымдарын жинайтын алқаптардың жоқтығын, әлі де 4 орманшыға үйлер қажеттігін, мекемедегі орман – күтушілердің мініс атымен немесе мотоциклмен қамтылмағанын айтты.

Байзақ аудандық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесіне құм өңіріндегі жайылымды пайдаланушы жеке тұлғалар жыл бойына жайылымды ауыстырмай, малды нормадан артық ұстауы салдарынан «Талас» өңіріндегі орман алқаптарының табиғи өсімдіктердің жойылып кету жағдайына жеткендігі анықталғанына орай, мемлекеттік мекеме басшылығы жайылым пайдаланушы жеке тұлғаларға келісім шарт талаптарын қатаң орындауды талап ету, құм өңіріндегі аң-құстардың өсіп-өнуіне пана болатын шабындықтан тыс алқаптардың қамыстарын, табиғи өсімдіктерін шабындыққа пайдалануға рұқсат етпей, қатаң бақылауға алу, табиғи өрттің алдын алу жұмыстарын талапқа сай атқару, орман ағаштарымен көмкерілген алқаптарды малдың жайылуынан қорғау мақсатында, орманшыларға орман алқаптарында тұрақты тұру үшін үй-жайлармен, мініс аттармен қамтамасыз ету, ауданның орман қоры жеріне сексеуіл ағаштарының көлемін ұлғайту мақсатында, сексеуіл тұқымдарын жинайтын арнайы алқаптарды дайындау, оларды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу, аудан аумағын көгалдандыру-көріктендіру мақсатында, әр түрлі декоративті, қарағаш, жеміс ағаштарының көшеттерін өсіруге арналған мемлекеттік мекеменің теңгеріміндегі 82 гектар питомник алқапты тиімді пайдалану ұсынылды. Сонымен бірге, осы көрсетілген ұсыныстарды орындауға ықпал жасау мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысына жолданған хатқа берген жауабында Қоғамдық кеңестің ұсыныстарын орындау үшін басқарма тарапынан бақылауға алатындығы және аудандық бөлімшеге материалдық базасын жақсарту мақсатында қаражат бөлінетіндігі айтылған.

      Отырыстың күн тәртібіне шығарылған «Ауданда бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және оған жастарды баулу жұмыстарының атқарылу барысы туралы» есеп берген аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сағынбек Жүнісбеков аудан халқының жалпы санынан дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсуі байқалатынын атап өтті. 

       Баяндамада аудан бойынша 276 спорт нысанының атқарып отырған жұмыстары, спорт нысандарының аудан тұрғындарына қолжетімділігі, арнайы жаттығу кестелерінің әзірлігі, аудандық полиция бөлімінде тіркеуде тұрған балаларды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, спорттық – бұқаралық іс-шараларды өткізу барысы, асық ойындары, көкпар, ат спорты ойындары, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, құсбегілік және жамбы ату сияқты ұлттық спорт түрлерінің жандануы, спортшылардың қол жеткізген жетістіктері кеңінен айтылды.

       Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне спорт нысандарының материалдық жабдықтау деңгейін арттыруға, оларға ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал жасау (оның ішінде, бюджет және демеушілер есебінен), ұлттық спорт түрлерін насихаттау жұмыстарын жандандыру, ауылды жерлердегі спорт нысандарына тұрғындардың қол жетімділігін арттыру мақсатында, олардың демалыс күндері жұмыс істеуін үнемі бақылауда ұстау, демалыс кездерінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, бұқаралақ спорттық іс-шараларды көптеп ұйымдастыру, барлық жастағы, әсіресе, жасөспірімдер арасында бұқаралық спорттық іс-шараларды көптеп ұйымдастыру ұсынылды. Кеңес отырысында тапсырылған ұсыныстар негізінен орындалды. Орындауға бюджет қаражатын қажет ететін жұмыстар орындалмай 2022 жылдың жоспарына  енгізуге сұраныс жасаған Ж.Үшкемпіров атындағы БЖСМ бойынша таэквондо залында жуынатын душ, ішкі әжетхана, Жетібай ауылындағы бокс және күрес залында спорт құралдары жеткіліксіз және санитарлық жағдайы өте төмен жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететіндігі жөнінде сұраныс берілген. №8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты Дихан-2 ауылындағы мәдениет үйінде орналасқан еркін күреске жаттығу залында жуынатын душ орнатылмаған, залдың жылу температурасын санитарлық нормаға сәйкес келтіру жұмыстарын орындауға 2022 жылы қаражат сұрап, облыстық басқармаға өтініш берілген. 

       2021 жылдың 20 желтоқсан күні өткізілген кеңес отырысында аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков «2022-2024 жылдарға арналған Байзақ ауданы бюджетінің жобасы» туралы баяндамасын жасады. 

       Республикалық бюджет есебінен түскен трансферттік түсімдер мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне, еңбек нарығын дамытуға, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге, мәдениет ұйымдарының басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері жалақысын көтеруге бағытталған. Сонымен қатар, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттердің сомалары мен облыстық бюджет есебінен трансферттік түсімдер жөнінде де жекелей атап өткен Дулат Бекбосынұлы аудан бюджетінің шығысы тиісінше 5 млрд. 853 млн. 969 мың теңгені құрайды деп жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Бекбосынұлы Жақыпбековтің баяндамасы назарға алынып, «2022-2024 жылдарға арналған Байзақ ауданы бюджетінің жобасы» мақұлданды. 

2021 жылдың 7 сәуірінде «Сарыкемер елдімекеніндегі ауыз су құрылысының және автокөлік жолдарының орта жөндеу жұмыстарының сапасы туралы» Қоғамдық тыңдау өткізілді. Осы қоғамдық тыңдау Сарыкемер елді мекеніндегі ауыз су жүйесі құрылысындағы құрылыс жұмыстарының нөсер жаңбырдан кейінгі бұзылған, ойылған құдықтарды,  су құбыры өткен жолдардың бұзылып, қатты төсеніштердің төмен түскен автокөлік жолдарын қалпына келтіру жұмыстарын «Интеллект Азия» ЖШС-і мердігерлік мекемесінің міндетіне алғаны назарға алынды. Сонымен бірге, Сарыкемер елді мекеніндегі автокөлік жолдарына жүргізілген орта жөндеу жұмыстарындағы қатты төсеніш төселген жолдардың жиегіне майда қиыршық тастардың толық төселмегендігі анықталып, осы жұмысты сапалы жүргізу мердігерге ұсынылды. Осы бұзылған құрылыс жұмыстарын қалпына келтіруді бақылау, тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме басшыларына жүктелді. Бұл жұмыстар бүгінгі күні орындалуда. 

2021 жылдың 1 шілдесінде, ауданның бірқатар елді мекендеріндегі ауыл тұрғындарының өтініштері бойынша осы ауылдарда қоғамдық көлік (автобус) жүргізу мәселесі туралы қоғамдық тыңдау өткізілді. Қоғамдық тыңдауда елді мекендерге қоғамдық көлік жүргізуге жауапты аудандық мекемелер басшылары мен қоғамдық көлік жүргізуге мүдделі мердігерлер қатысты. «Мерей» ЖШС-і басшысының ұсынысын ескеріп, елді мекендерге қатынайтын автобустардың маршруты және уақыты нақтыланды және Сарыкемер елді мекені Д. Қонаев көшесінде қоғамдық көлік тоқтайтын аялдама белгілерін қою Сарыкемер ауылдық округінің әкіміне ұсынылды.   

Әр уақытта Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселені қарау алдында төралқа отырысында жұмысшы тобы, яғни, комиссия мүшелерімен сараптама жұмыстарын жүргізіп, жіберілген кемшіліктері анықталып, оны жою үшін ұсыныстар беріледі. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауын түсіндіруге арналған аудандық ақпараттық топтардың құрамында 7 бірдей Қоғамдық кеңес мүшелері де белсенді атсалысуда. Олар ақпараттық топ мүшелерімен бірге бекітілген кестеге сәйкес, аудан аумағындағы елді мекендерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсаттағы жұмыстар аудан орталығы Сарыкемер ауылдық округінде орналасқан №1 және Сарыкемер мектеп-гимназияларында, сондай-ақ, Диқан, Көптерек, Бурыл, Ботамойнақ ауылдық округтерінде ұйымдастырылды. 

Қоғамдық кеңестің негізгі басты мақсаты – берілген ұсыныстардың нәтижелі орындалуын бақылау, олардың тиімді орындалуын қадағалап отыру. Сондықтан, азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, атқарушы органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, атқарушы органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы қызметін жандандыру мақсатында өз міндетін атқара береді.

Аудандық Қоғамдық   

кеңестің төрағасы                                                     Ж. Құмғанбаев

3 комментария

Добавить комментарий