2021 жылБАЙЗАҚ АУДАНЫҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІ

БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ 2021 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Аудандық Қоғамдық кеңесте 2021 жылдың алдын-ала бекітілген іс- жоспары бойынша үстіміздегі жылдың тоғыз айында қоғамдық кеңестің 2 отырысы, 4 төралқа отырысы, 12 комиссия отырысы, 2 қоғамдық тыңдау өткізілді.

Аудандық Қоғамдық кеңеске келіп түскен 18 нормативті-құқықтық акт жобалары кеңес жанынан құрылған тиісті комиссияларда талқыланып, сәйкесінше 18 ұсыным аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысына берілді.

Аудандық Қоғамдық кеңестің қызметінің ашықтығын, жұмысының пәрменділігі мен жариялығын дамыту мақсатында, әрбір атқарылған іс- шараның қорытындысы ақпараттық жүйелерде жарияланып отырды. Есепті мерзімде кеңес тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша аудандық «Ауыл жаңалығы» – «Сельская новь» газетінде 4 мақала, Байзақ ауданы әкімдігінің ресми сайтында (bayzak.zhambyl.kz) және Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің сайтында (q-kenes.kz) 3 мақала жарияланды.

Аудандық қоғамдық кеңестің негізгі жұмысының бірі – «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының және басқа да заңдардың аясында, аудан тұрғындарының талап – тілектеріне, мұң – мұқтажын анықтау мақсатында, Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық қабылдауларға қатысып, жеке азаматтардың өтініш – пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың шешімін табуға түсініктеме, ұсынымдар беріп отырады. Үстіміздегі жылы қоғамдық кеңеске аудан тұрғынының атынан 1 өтініш келіп түсті. Өтініштің негізгі мазмұны су құбыры жүретін құдықтың үйіне кіруге кедергі келтіретіндіктен орнын ауыстыруды сұранған. Бұл өтініш тиісті мемлекеттік мекеменің қатысуымен шешімін тапты.

Сонымен бірге, Байзақ ауданы әкімдігінің жанынан құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» мәселелері бойынша аудандық комиссияның және «Құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» жөніндегі ведомствааралық комиссияның құрамындағы қоғамдық кеңес мүшелері аудан көлеміндегі осы комиссияның ашықтығына, нәтижелі жұмыс атқаруы барысында белсенділік көрсетуде. Осы жылдың өткен мерзімінде жоғарыда көрсетілген комиссияның 3 отырысы өтіп, ондағы қаралған мәселелерге қоғамдық кеңес мүшелері өз пікірлерін білдірді.

Қоғамдық кеңес қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған заң берген өкілеттіктер аясында, комиссия мүшелерінің қоғамдық мониторнинг, қоғамдық тыңдау және мемлекеттік орган басшылары жұмыстарының нәтижелері туралы есептерін тыңдау формалары арқылы өз жұмысын жүргізеді. Сонымен бірге, кеңес отырысында берген ұсыныстардың орындалу нәтижесіне бақылау жүргізеді.

2021 жылдың 18 ақпанында өткен Қоғамдық кеңес отырысында Байзақ ауданының әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлының 2020 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік -экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда артығымен орындалғаны атап көрсетілді. 2020 жылы аудан аумағында атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша Байзақ аудандық мәслихатының хатшысы Ақбаев Бақтияр Мұратұлының және Байзақ аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Құмғанбаев Жұманғали Серікбайұлының қосымша баяндамалары тыңдалды.

2021 жылдың 29 шілдесінде өткізілген кезекті кеңес отырысында «2020 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Майра Нурекееваның, Денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы және денсаулық сақтау нысандарының материалдық – техникалық қамтамасыз етілу деңгейі туралы аудандық орталық ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары Ерік Мусабаевтың және де Аудандағы ішкі саяси жағдай және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманованың есептері тыңдалды. Қоғамдық кеңестің отырысында қаралған мәселелер бойынша жұмыстарды ретке келтіру жөнінде ұсыныстар қаралып, ұсыныстардың орындалуы бақылауға алынды.

Аудан бюджетінің түсімдер бойынша бекітілген жоспары жыл бойына бірнеше мәрте нақтылау жүргізу жұмысы аудан бюджетінің атқарылу сапасына әсерін тигізетіндіктен «Салық кодексіне» сәйкес, салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша салық төлеушілер санын, салық салу обьектілерін толық және дұрыс анықтап, бюджеттің кіріс бөлігін сапалы жоспарлау және аудан бюджетін игеру барысында бағдарлама әкімшілері Қазақстан Республикасының «Бюджет туралы» Кодексінің заң талаптарын орындай отырып, бюджет жүйесінің «дәйектілік», «нәтижелік», «негізділік» және «тиімділік» принциптерін сақтай отырып, аудан бюджетін атқару ұсынылды.

Аудандық орталық ауруханасы басшылығына – 1 жасқа дейін сәби өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу, жалпы, өлім санының артуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі денсаулық сақтау саласының нысаналы индикаторларының орындалуына бағытталған жұмыстарды жандандыру (оның ішінде, ана өлімінің алдын алу, медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру), профилактикалық скрининг жұмыстарын уақтылы жүргізу, уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, зертханалардың жұмыс істеу тәртібін ретке келтіру, аудандық санитарлық – эпидемиялогиялық бақылау басқармасының баяндамасында көрсетілген кемшіліктер бойынша іс-шара жоспарын жасап, оның орындалуын ұйымдастыру ұсынылды.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне аудан көлемінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға мониторинг жүргізу, этностар тығыз шоғырланған елді мекендерде этносаралық татулықты сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру, этностар тығыз тұратын жерлерде жұмыс істеу үшін әр түрлі этнос өкілдері басшыларын қоса отырып, этносаралық келісім мәселелері бойынша өңірлік ақпараттық – түсіндіру топтарын қалыптастыру ұсынылды.

2021 жылдың 7 сәуірінде «Сарыкемер елдімекеніндегі ауыз су құрылысының және автокөлік жолдарының орта жөндеу жұмыстарының сапасы туралы» Қоғамдық тыңдау өткізілді. Осы қоғамдық тыңдау Сарыкемер елді мекеніндегі ауыз су жүйесі құрылысындағы құрылыс жұмыстарының нөсер жаңбырдан кейінгі бұзылған, ойылған құдықтарды, су құбыры өткен жолдардың бұзылып, қатты төсеніштердің төмен түскен автокөлік жолдарын қалпына келтіру жұмыстарын «Интеллект Азия» ЖШС-і мердігерлік мекемесінің міндетіне алғаны назарға алынды. Сонымен бірге, Сарыкемер елді мекеніндегі автокөлік жолдарына жүргізілген орта жөндеу жұмыстарындағы қатты төсеніш төселген жолдардың жиегіне майда қиыршық тастардың толық төселмегендігі анықталып, осы жұмысты сапалы жүргізу мердігерге ұсынылды. Осы бұзылған құрылыс жұмыстарын қалпына келтіруді бақылау, тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме басшыларына жүктелді.

2021 жылдың 1 шілдесінде, ауданның бірқатар елді мекендеріндегі ауыл тұрғындарының өтініштері бойынша осы ауылдарда қоғамдық көлік (автобус) жүргізу мәселесі туралы қоғамдық тыңдау өткізілді. Қоғамдық тыңдауда елді мекендерге қоғамдық көлік жүргізуге жауапты аудандық мекемелер басшылары мен қоғамдық көлік жүргізуге мүдделі мердігерлер қатысты. «Мерей» ЖШС-і басшысының ұсынысын ескеріп, елді мекендерге қатынайтын автобустардың маршруты және уақыты нақтыланды және Сарыкемер елді мекені Д. Қонаев көшесінде қоғамдық көлік тоқтайтын аялдама белгілерін қою Сарыкемер ауылдық округінің әкіміне ұсынылды. Әр уақытта Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселені қарау алдында төралқа отырысында жұмысшы тобы, яғни, комиссия мүшелерімен сараптама жұмыстарын жүргізіп, жіберілген кемшіліктері анықталып, оны жою үшін ұсыныстар беріледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауын түсіндіруге арналған аудандық ақпараттық топтардың құрамында 7 бірдей Қоғамдық кеңес мүшелері де белсенді атсалысуда. Олар ақпараттық топ мүшелерімен бірге бекітілген кестеге сәйкес, аудан аумағындағы елді мекендерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы мақсаттағы жұмыстар аудан орталығы Сарыкемер ауылдық округінде орналасқан №1 және Сарыкемер мектеп- гимназияларында, сондай-ақ, Диқан, Ботамойнақ ауылдық округтерінде ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Қоғамдық кеңестің негізгі басты мақсаты – берілген ұсыныстардың нәтижелі орындалуын бақылау, олардың тиімді орындалуын қадағалап отыру. Сондықтан, азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, атқарушы органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, атқарушы органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы қызметін жандандыру мақсатында өз міндетін атқара береді.

Аудандық Қоғамдық
кеңестің төрағасы Ж. Құмғанбаев

Добавить комментарий