2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРШУ АУДАНЫ

Байзақ аудандық Қоғамдық кеңесінің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Аудандық Қоғамдық кеңесте 2020 жылдың алдың – ала бекітілген іс – жоспар бойынша қоғамдық кеңестің 4 отырысы, 8 төралқа отырысы, 26 комиссия отырысы өткізілді.
Аудандық Қоғамдық кеңеске келіп түскен 26 нормативті – құқықтық акт жобалары кеңес жанынан құрылған тиісті комиссияларда талқыланып, сәйкесінше 26 ұсыным аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысына берілді.
Аудандық Қоғамдық кеңестің қызметінің ашықтығын, жұмысының пәрменділігі мен жариялығын дамыту мақсатында, әрбір атқарылған іс- шараның қорытындысы ақпараттық жүйелерде жарияланып отырды. 1 жылда атқарылған жұмыстар бойынша аудандық «Ауыл жаңалығы» – «Сельская новь» газетінде 11 мақала, Байзақ ауданы әкімдігінің ресми сайтында (bayzak.zhambyl.kz) және Жамбыл облысы Қоғамдық кенес сайтында (q- kenes.kz) 11 мақала жарияланды.
Аудандық қоғамдық кеңестің негізгі жұмысының бірі «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының және басқа да заңдардың аясында аудан тұрғындарының талап-тілектеріне, мұң-мұқтажын анықтау мақсатында
Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық қабылдауларға қатысып, жеке азаматтардың өтінішін, пікірлерін, ұсыныстарын тыңдап, олардың шешімін табуға түсініктеме , ұсынымдар беріп отырады.
2020 жылы қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен ауданда 15 қоғамдық қабылдау өткізілген. Қоғамдық қабылдауда аудан азаматтарының көтерген негізгі мәселелері: Балаларына туу туралы куәлік алып беру туралы, жеке мәселе, тұрғын үй учаскісіне байланысты, туу туралы куәлікке өзгеріс
енгізу туралы, жұмысқа орналасу сияқты мәселелер көтерілген. Бұл мәселелерді шешу жолын қоғамдық кеңес мүшелері түсіндіріп, шешімін табуға нақты ұсыныстар берген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын, жолдаудан туындайтын міндеттерді және жолдау аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізу үшін аудан әкімінің өкімімен құрамында 25 мүшесі бар 5 аудандық ақпараттық топ құрылды, оның ішінде 7 қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Осы ақпараттық – топ
мүшелері қазан-желтоқсан айларында 29 елді мекендерде жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесулер өткізді.

Сонымен бірге Байзақ ауданы әкімдігінің жанынан құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» мәселелері бойынша аудандық комиссияның және «Құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету» жөніндегі ведомствааралық комиссияның құрамындағы қоғамдық кеңес
мүшелері аудан көлеміндегі осы комиссияның ашықтығына, нәтижелі жұмыс атқаруына белсенділік көрсетуде.

Тоқсан сайын аудан әкімдігінің құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведемствоаралық комиссияда аудандық Полиция бөлімі, пробация қызметінің және басқа мекемелердің құқық бұзушылықтың алдын алу туралы есебі тыңдалып, 4 отырыс өткізілді. Сол сияқты ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның 4 отырысы өткізіліп, комиссияда аудан әкімдігінің бөлімдерінің және ауылдық округтері әкімдерінің есептері
тыңдалды.
Аудан көлемінде 2020 жылы «Жұмыспен қамту», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары бойынша 13 миллиардтан астам қаражатқа құрылыс жұмыстары жүргізілді. Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері жүргізілген құрылыс жұмыстарының сапасына, жұмыстың кестеге сәйкес атқарылуына және құрылыс объектілерінде пандемия кезіндегі санитарлық нормалардың сақталуына бақылау жүргізіп, жіберілген кемшіліктерді дер кезінде шешуге ат салысты.
Қоғамдық кеңес қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған заң берген өкілеттіктер аясында қоғамдық комиссия мүшелерінің қоғамдық мониторнинг, қоғамдық тыңдау және мемлекеттік орган басшылары
жұмыстарының нәтижелері туралы есептерін тыңдау формалары арқылы өз жұмысын жүргізеді. Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселені қарау алдында төралқа отырысында жұмысшы тобы бекітіліп, осы комиссия мүшелерімен сараптама жұмыстарын жүргізіп, жіберілген кемшіліктері анықталып, оны жою үшін ұсыныстар берілді. Сонымен бірге кеңес отырысында берген ұсыныстардың орындалу нәтижесіне бақылау жүргізеді.
2020 жылдың 05 ақпанында өткен Қоғамдық кеңес отырысында Байзақ ауданының әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлының «Байзақ ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері және 2020 жылға міндеттері туралы» есебі тыңдалды.
2019 жылдың қортытындысы бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда артығымен орындалғаны атап көрсетілді.
Қоғамдық кеңестің 2020 жылдың 11 мамырында өткен келесі отырысында «Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Жүзбаев Қанай Әлібекұлының 2019 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі тыңдалды.
Қоғамдық кеңес отырысында жасалған ұсыныстарды орындау мақсатында аудандық кірістер басқармасы аудан көлемінде жұмыс атқарып жатқан мердігерлердің есеп шоттарын аудан аумағын есепке тұрғызу арқылы төленетін салық түрлерін аудандық бюджетке түсіру шараларын атқарды.
Осындай іс – шаралардың арқасында 2019 жылғы бекітілген аудан бюджетінің кірістеріне 53244,0 мың теңге қаржы артығымен түсті.
2020 жылдың 28 қыркүйегінде Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сыздықов Сәкеннің «Мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы және мәдениет нысандарының материалдық техникалық қамтамасыз етілу деңгейі туралы»
есебі тыңдалды.
Осы қаралған мәселе бойынша алдын ала ұйымдастырылған жұмысшы тобының сараптамасында анықталған және кеңес отырысының барысында берілген ұсыныстарға төмендегідей іс-шаралар атқарылғаны:
– Яғни, бүгінгі күнге барлық ауылдық клубтарда музыкалық аппаратурамен, компьютер және 4 ауылдық клубта мультимедиялық ноутбукпен қамтамасыз етілгендігі, сонымен қатар 4 ауылдық клубта домбыра, 10 ауылдық клубта баян аспаптары жетіспейтіндігі. Жетіспейтін музыкалық аспаптарды 2021 жылы алу үшін аудандық бюджеттік комиссияға қаражат сұрап өтініш берілгендігі туралы ақпарат алынды.
Аудандық мәдениет үйіндегі 19 үйірме жетекшілерінің тиімсіз жұмыс атқарған 7 үйірме жетекшісінің штаттық бірліктері ауылдық клубтарда үйірме жұмысын жүргізу үшін ауыстырылғандығы.
Аудандық мәдениет үйінің ақылы қызметінің тарифтерін заңдастыру үшін аудандық маслихаттың қарауына ұсынылып, ақылы қызметтен түсетін қаражаттың есебін жүргізу үшін, бақылау – касса аппараты алынып жұмысқа қосылғандығы туралы ақпарат алынды.
Қоғамдық кеңестің 2020 жылдың 4 желтоқсанында өткен келесі отырысында Байзақ ауданы бойынша «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының
директоры Төлтаев Мұратбек Бұрланұлының «Ауданда эпизотияға қарсы іс- шаралар жүргізу және ауыл шаруашылығы жануарларын басқа да аурулардан емдеу жұмыстарын жүргізудегі мал дәрігерлік кәсіпорынның атқарған жұмыстары жайлы» есебі тыңдалды.

Мал дәрігерлік кәсіпорынның атқарған жұмыстарындағы кемшіліктерді жою мақсатында берілген ұсыныстардың орындалуына ықпал жасау үшін Қоғамдық кеңестің отырысының хаттамасы аудан әкіміне жолданды.
Хаттамадағы ұсыныстардың 2021 жылы орындалуына бақылау жүргізілетіндігі жөнінде аудан әкімінің орынбасары Б.Сағынбековтан хат алынды.
2020 жылдың 21 желтоқсанында Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджет жоспарлау бөлімінің басшысы Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлының «Байзақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған
бюджетінің жобасы туралы» баяндамасы тыңдалды.
Қоғамдық кеңес мүшелері ауданның 2021 – 2023 жылдарға арналған бюджетінің жобасын мақұлдады, бюджетті мақсатты және тиімді пайдалану жөнінде бағдарлама әкімшілеріне ұсыныс берілді
Қоғамдық кеңестің негізгі басты мақсаты – берілген ұсыныстардың нәтижелі орындалуын бақылау, олардың тиімді орындалуын қадағалап отыру.

Аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы Ж.Құмғанбаев

Добавить комментарий