2020 жылБАЙЗАҚ АУДАНЫБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

Байзақ аудандық Қоғамдық кеңесінің 2020 жылы 1 жарты жылдықта атқарған жұмыстары туралы мәлімет

Аудандық Қоғамдық кеңесте 2020 жыла алдын-ала бекітілген іс-жоспар бойынша 2020 жылдың 1 жарты жылдығында қоғамдық кеңестің 2 отырысы, 6 төралқа отырысы, 15 комиссия отырысы өткізілді. Аудандық Қоғамдық кеңеске келіп түскен 15 нормативті-құқықтық акт жобалары кеңес жанынан құрылған тиісті комиссияларда талқыланып, сәйкесінше 15 ұсыным аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысына берілді. Аудандық Қоғамдық кеңестің қызметінің ашықтығын, жұмысының пәрменділігі мен жариялығын дамыту мақсатында, әрбір атқарылған іс- шараның қорытындысы ақпараттық жүйелерде жарияланып отырды. 6 айда атқарылған жұмыстар бойынша аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская
новь» газетінде 6 мақала, Байзақ ауданы әкімдігінің ресми сайтында (bayzak.zhambyl.kz), және Жамбыл облысы Қоғамдық кенес сайтында (q-kenes.kz) 6 мақала жарияланды. Аудандық қоғамдық кеңестің негізгі жұмысының бірі «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының және басқа да заңдардың аясында аудан
тұрғындарының талап-тілектеріне, мұң-мұқтажын анықтау мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық қабылдауларға қатысып, жеке азаматтардың өтінішін, пікірлерін, ұсыныстарын тыңдап, олардың шешімін табуға түсініктеме , ұсынымдар беріп отырады. Сонымен бірге Байзақ ауданы әкімдігінің жанынан құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» мәселелері бойынша аудандық комиссияның және «Құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету»
жөніндегі ведомства аралық комиссияның құрамындағы қоғамдық кеңес мүшелері аудан көлеміндегі осы комиссияның ашықтығына, нәтижелі жұмыс атқаруына белсенділік көрсетуде.  2020 жылы қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен ауданда 15 қоғамдық қабылдау өткізілген. Қоғамдық қабылдауда аудан азаматтарының көтерген негізгі мәселелері: Балаларына туу туралы куәлік алып беру туралы,
келіні көпбалалы ана, жеке мәселе, ауылдық округ әкімдігіне кандидант болу, тұрғын үй учаскісіне байланысты, салық басқармасы ғимаратынан бөлмені жалға алу туралы, туу туралы куәлікке өзгеріс енгізу туралы,  жұмысқа орналасу сияқты мәселелер көтерілген. Бұл мәселелерді шешу
жолын қоғамдық кеңес мүшелері түсіндіріп, шешімін табуға нақты ұсыныстар берген. Қоғамдық кеңес қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған заң берген өкілеттіктер аясында қоғамдық комиссия
мүшелерінің қоғамдық мониторнинг, қоғамдық тыңдау және мемлекеттік орган басшылары жұмыстарының нәтижелері туралы есептерін тыңдау формалары арқылы өз жұмысын жүргізеді. Сонымен бірге кеңес отырысында берген ұсыныстардың орындалу нәтижесіне бақылау жүргізеді.
2020 жылдың 05 ақпанында өткен Қоғамдық кеңес отырысында Байзақ ауданының әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлының «Байзақ ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері және 2020 жылға міндеттері туралы» есебі тыңдалды. 2019 жылдың қортытындысы бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда артығымен орындалғаны атап көрсетілді. Қоғамдық кеңестің 2020 жылдың 11 мамырында өткен келесі отырысында «Байзақ ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Жүзбаев
Қанай Әлібекұлының 2019 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі тыңдалды. Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселені қарау алдында төралқа отырысында жұмысшы тобы, яғни комиссия мүшелерімен сараптама жұмыстарын жүргізіп, жіберілген кемшіліктері анықталып оны жою үшін ұсыныстар берілді. Қоғамдық кеңестің негізгі басты мақсаты – берілген ұсыныстардың
нәтижелі орындалуын бақылау, олардың тиімді орындалуын қадағалап  отыру.

Аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы                                                                                                                       Ж.Құмғанбаев

Добавить комментарий