2018 жылБАЙЗАҚ

Байзақ аудандық Қоғамдық кеңесі

«Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің 2018 жылғы I жартыжылдығындағы атқарған жұмыстары туралы» есебі.

 

 

 

Ол 2018 жылғы 1 жарты жылдықтағы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры өз сөзінде:

Байзақ ауданы аумағында профилактикалық жұмыстарды өз деңгейінде жүргізілу нәтижесінде жалпы қылмыс саны – 11.2 % 188 ден 167 дерекке төмендеп отыр. Бөтеннің мүлкін ұрлау 90 (2017-96 дерек) тіркеліп, оның 51 ашылып, 40 ашылмаған. Оның ішінде мал ұрлығы 13(2017-40 дерек) -67,5 % тіркеліп, оның 7 ашылып, 6 ашылмай қалған.

Сондай-ақ аудан аумағында көшелерде жасалған қылмыс саны – 0.0 %, яғни 15 тен 15 дерекке, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны – 50.0 %, 2 ден  1 дерекке, мас күйінде жасалған қылмыстардың саны – 23,8 % 21 ден 16 дерекке төмендесе, отбасы қарым-қатынасында, қару қолданумен жасалған қылмыс деректері орын алған жоқ.

Есепті кезеңде есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау жолын, кесу бойынша барлығы 19 дерек анықталса, оның 7 дерегін тікелей Байзақ АІІБ ЖПҚ қызметкерлері анықтаған.

Сонымен қатар, аудан аумағында бұзақылық қылмыс түрі өткен жылмен салыстырғанда 100 % немесе 3 деректен 6 дерекке өсіп отыр. Бұл қылмыс түрінің өсуінің бірден-бір себебі аудан аумағында жол патрульдік саптығының жоқтығы, яғни орын алған қылмыстарға талдау көрсеткендей     2 қылмыс оқиғасы(Сарыкемер, Байзақ ауылдарында) уақыттың түңгі мезгілінде орын алса, ал 4 автожолдарда орын алған.

Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыс саны 25 % немесе 16 деректен 21 дерекке өскен.

Талдау көрсеткендей бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандармен жасалған 21 қылмыстың, 12 аудан тұрғындары болса,          9 басқа елді мекен тұрғындары. Оның ішінде – соттылығы жойылғандармен, 13 қысқартылған қылмыстық істермен өткен тұлғалармен немесе бұларға полиция тарапынан профилактикалық жұмыс жасауға жатпайтын категорияның адамдарымен жасалған. АІІБ профилактикалық есебінде тұрған тұлғалармен қылмыс деректері орын алмаған.

Орталыққа көшелермен қоғамдық орындарда отбасы тұрмыстық қарым-қатынаста шамадан тыс алкогольдік ішімдіктерді ішіп қатты мас болған тұлғаларды дер кезінде жауып олар тарапына немесе басқа тұлғалар тарапына қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алуда Тараз қаласында орналасқан уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 2018 жылы 225 тұлға жабылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ 2018-23020 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын орындау барысында учаскелік полиция инспекторларымен аудан көлеміндегі әрбір ауылдық округтерде халықпен кездесулер өткізіп, мал қораларын темір есіктермен жабдықтау, темір торлар орнатуға, үйлерінің аулаларын қоршау орнатуға және жеке күзет ұйымдары күзетіне өткізу, дүкендерге сигнализациялар орнату туралы ұсыныстар жасалып, атқарылған жұмыс нәтижелері мен ескертпелер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп, ауданымыздың автокөліктермен тұрғындар көптеп өту орындарына бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу, жол қауіпсіздігінің алдын алу және Елбасымыздың құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасы бойынша түсіндірме билбордтары орнатылды.

Байзақ АІІБ ЖПҚ ювеналды полиция тобымен 2018 жылы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатуды болдырмау бойынша 51 бірлескен рейд өткізілді. Іс-шаралар өткізу барысында, әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін 79 жасөспірім жеткізілген. Есепті кезеңде  кәмелетке толмағандар арасында «өз-өзіне қол жұмсау» дерегі орын алған жоқ.

Байзақ АІІ ЖПҚ табиғатты қорғау полиция тобы инспекторымен аудан аумағында табиғатты қорғау саласы бойынша ағымдағы жылы профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, аудандық ветеринарлық және табиғатты қорғау бөлімдерімен бірлескен жоспар негізінде іс-шаралар өткізіліп, барлығы 41(2017-38) әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Қоршаған ортаны қорғау, заңсыз аңшылық, балық аулау және ағаштарды кесу деректерін анықтау бойынша, мақсатты бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырлды.

Байзақ АІІ ЖПҚ әйелдерге қатысты қылмыс құрамы бар құқық бұзушылықтарды талдау және статистикалық мәліметтерлді саралау барысында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлығы – 51 (2017-64) қылмыс тіркелген.

Сонымен қатар, орта мектептерде оқушылар мен ата-аналар жиналысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және оның зардаптары», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында баяндама оқылып, жадынамалар таратылып, мысалдар келтіріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, УПИ мен бірлесіп Сарыкемер, Түймекент, Байзақ, Мырзатай, ауылдарында профилактикалық есепке алынған отбасылар, яғни қорғау нұсқамасы қойылған отбасыларды аралап, сұхбат жүргізілді,- деп баяндаманы аяқтады.

Келесі кезекте, Қоғамдық  кеңестің «Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссиясының» төрайымы, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының орынбасары Байтақова Шолпан Қайратқызына қосымша баяндама жасау үшін сөз берілді. Ол өз сөзінде:

Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік.

Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі» деп айтылған.

«Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1142 қаулысымен бекітілген.

Жергілікті полицияның негізгі мақсаты-халықтың тыныштығын қорғау, қылмыстардың алдын-алу болып табылады.

Міндеттері:

  • құқық бұзушылықтар профилактикасы;
  • қоғамдық тәртіпті сақтау;
  • жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;
  • қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
  • қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
  • ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу және арнайы қабылдау орындарында адамдарды ұстау.

Қоғамдық кеңеске қарасты комиссия мүшелері жергілікті полиция қызметкерлерінің учаскелік пунктеріне арнайы жасалған жаднама негізінде зерделеу жүргізді.

Бүгінгі таңда Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері 18 ауылдық округ бойынша 26 штаттан жасақталған.

Учаскелік полиция бекеттері мен жол-патруль қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі өз деңгейінде деп айту қиын.

Бүгінгі таңда 18 учаскелік бекеттің барлығы дерлік Интернет желісіне қосылып, байланыс телефондары, радиоқабылдағыш және бейнетіркегіштермен  жасақталған.

Темірбек, Жетібай, Кеңес, Жанатұрмыс, Ынтымақ, Сазтерек, Жакаш учаскелік бекеттерінде жиһаздардың тозығы жеткен, ауыстыруды қажет етеді.

Ботамойнақ, Жакаш, Жанатұрмыс, Жетібай, Ынтымақ, Көптерек учаскелік бекеттері ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді  қажет етеді.

Жакаш, Жанатұрмыс бекет учаскелері жылу жүйесіне қосылмаған.

Диқан-2 учаскелік бекет Мәдениет үйінде орналасқан, 2 қабатта ережеге сәйкес 1 қабатта болу керек.

Көктал учаскелік бекетте маңдайшасы  кестемен бірге жазылған. Маңдайша бөлек болу керек.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің тек 9-ы ғана, яғни 50% қызметтік көлікпен қамтылса, Қызыл Жұлдыз, Қостөбе, Үлгілі, Сазтерек, Кенес, Мырзатай, Жетібай, Темірбек, Дихан учаскелік бекет қызметкерлері қызметтік көліктерімен қамтылмаған.

Бүгінгі таңда 26 учаскелік инспекторлардың 5-і: Түймекент учаскелік инспекторы Ж.Даулетбаев /Сарыкемер/, Жетібай учаскелік инспекторы Айдын Коганбай /Сарыкемер/, Бурыл учаскелік инспекторы К.Бекбасаров /Сарыкемер/, Қызыл Жұлдыз учаскелік инспекторы Б.Игиликов /Үлгілі/, Қостобе учаскелік инспекторы Б.Меймашев /Дихан-1/ өздері қызмет атқаратын учаскесіне қатынап жұмыс істейді, 21 жергілікті полиция қызметкерлері сол ауылдық округтегі мекен-жайда тұрады.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда ауданда бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыс 25-пайызға өскен.

Бұл азаматтарды қайта қылмыс жасауға итермелейтін негізгі факторлар: бұлардың жұмысқа орналаса алмауы немесе қайтадан криминалдық ортаның ықпалына ілініп кетуі салдарынан болуы мүмкін.

Сондықтан бұл азаматтармен жұмысты жеке-дара жүргізіп, бірінші кезекте жұмысқа орналасуға көмек көрсету керек, екіншіден дін қызметкерлерімен бірлесіп имандылыққа баулу, оған икемделмеген жағдайда қатаң бақылауда ұстап, қатаң тәртіпке шақыру.

Сонымен бірге ауданда жол-көлік оқиғалары азаймай келеді.

Әрине, бұған негізгі кінәлі жүргізушілердің жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдары.

Бүгінгі күні елді мекендерде автокөліктің көбеюіне байланысты жолдарға жол қауіпсіздігі белгілерін толықтыру керек.

Сарыкемер, Бәйтерек және басқа да елді мекендерде жол қауіпсіздігі белгілері толық қойылмаған.

Статистикаға байланысты қоғамдық орында орын алған қылмыстар саны 13-тен 24 дерекке өскен.

Талдау жасау барысында 24 қылмыстың, 11 дерегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1,2-бөлігімен; 293-б. 1,2 бөлігі бойынша Қостөбе, Бурыл, Бәйтерек, Жаңатұрмыс, Сарыкемер, Үлгілі, Ботамойнақ, Мырзатай ауылдық округтерінде тіркеліп отыр.

Оның басты себебі: тұрғындар арасындағы профилактикалық жұмыстарды өз деңгейінде атқарылмағандығын көрсетеді.

Аудан аумағында бұзақылық қылмыс түрі өткен жылмен салыстырғанда 3 деректен 6 дерекке өсіп отыр.

Бұл қылмыс түрінің өсуін АІІБ басшысы аудан аумағында жол патрульдік саптығының жоқтығымен түсіндірсе, оның себебін округтерде қоғамдық көмекшілер тобын жасақтау арқылы шешуге болады деп есептейміз.

(Тексеру барысында көмекшілер тобы құрылған деп ЖПҚ жауап береді, бірақ кезекшілік кестесін  тіркеу журналы жоқтығы анықталды).

Ауыл тұрғындарының табыс көзі – мал шаруашылығы.

Ауданда мал ұрлығы бойынша 13 деректің 7-і ашылса,

6–ы ашылмай отыр. Ол 46 пайызды  көрсетуде.

Осы індетпен күресудің бір жолы – Атырау облысының тәжірибесін негізге ала отырып, малды бірдейлендіру есебін тәртіпке келтіру керек деп ойлаймыз.

Оның маңыздылығы – малдарға чип қондырғыларын салу.

Елбасымыздың құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасы бойынша түсіндірме билбордтары Жалғызтөбе, Сазтерек, Тегістік, Ботамойнақ, Көктал ауылдық округтерінде орнатылмағандығы анықталды.

Осы орайда, барлық ауылдық округтерге қылмыс түрлерін алдын алу мақсатында, халық арасында  құқықтық сауаттылығын  арттыру үшін билбордтарды жаңа форматтағы үлгімен  өзгерту керек деп есептейміз.

(Мысалы: Сіз, ұрлыққа  барсаңыз –ҚР Қылмыстық Кодексінің (әрі қарай-ҚР ҚК) 188-бабы 1,2-бөлігімен жазаланасыз)

Қылмыстың алдын алу шаралардың бірі – аудан тұрғындарының құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.

Осы мақсатта учаскелік полицейлердің негізгі жұмысының бірі – ауыл тұрғындарының жиындарында, мектепте өтетін ата-аналар жиналыстарында халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру үшін лекциялар оқып, видеороликтер мен слайдтар арқылы түсіндіру жұмыстарын күшейту керек.

Осындай жұмыстар құқық бұзушылықтың алдын алуға өз септігін тигізер еді,-деп баяндаманы аяқтады.

Келесі сөз, Көптерек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Кусимисов Самат Парымбекұлына  сөз берілді.Ол өз сөзінде:

Бүгінгі күнде кеңес ауылында 1 ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Көптерек ауылы әкімшілігінің ғимаратының 1-ші қабатында жергілікті учаскелік полицияға бір кабинет берілген. Кабинет заман талаптарына сай орналасқан. Оның ішінде мебель, компьютер, интернет  бар, жұмыс жасауға барлық жағдай жасалынған. Ауылдың белсенді азаматтарымен бірлесе ауыл аумағында және ауыл сыртында кесте бойынша «Атты патруль» жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Жұмыс өз нәтижесін берді. Көптерек ауылдық округінде 1-ші жартыжылдықта мал ұрлығы бойынша ешқандай дерек  тіркелген жоқ. Басқа да қылмыс түрлері орын алған жоқ.

«Құқықтық тәртіп», «Қайыршы», «Жасөспірім», «Қауіпсіз жол» «Автобус», «Атты патруль» жедел-профилактикалық шаралар ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға және кәмелетке жасы толмағандар арасында қылмыстардың жасалуына жол бермеуге де ерекше көңіл бөлінеді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 440-ші бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарында спирттік ішімдік ішкені үшін, мас күйінде жүргендері үшін 4 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505-ші бабы 1-бөлігі бойынша 5 азаматқа ескертулер салынды, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 73-ші бабы 1-бөлігі бойынша отбасы тұрмыстық жағдайын бұзғаны үшін 2 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Осы аталған кемшіліктерді болдырмау үшін жұмыстар жүргізілетін болады, – деп баяндаманы аяқтады.

Сөз, Сарыкемер ауылдық округінің учаскелік полиция қызметкері  Бейсенбаев Русланға берілді. Ол, өз сөзінде:

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері! 2015 жылдан бері Бәйтерек ауылдық округінде учаскелік  полиция испекторы қызметін атқарып келемін.

Қазіргі таңда 2018 жылы интернет желісі қосулы, сол арқылы НДР,  интерфейс базалары орнатылды. Жұмысымыз бойынша  ешқандай кедергілер жоқ, қызметімізді атқарып жатырмыз. Шолпан Қайратқызы айтып өткендей тексеріліп, барлығы талапқа сай келеді. Жылу жүргізілген, ремонт жасалынған, мебельмен  жабдықталған, барлығы бар. Қазіргі кезде Шолпан Қайратқызы айтып өткендей қызметтік автокөліктер жетіспейді. Осы жерде отырған учаскелік полиция қызметкерлері туыстарының үйінде және әкімдердің қамтыған үйлерінде тұрып жатыр. Бұл үйлер  уақытша берілген.

Мен, Сарыкемер ауылында 2006 жылы жергілікті учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болдым. Маған  жер телімі берілген болатын, 2016 жылы 10 жылдан кейін  үй  салып алдым. Осы жерде жұмыс атқарып жатырмыз. Осыдан екі ай бұрын Қызыл жұлдыз ауылында учаскелік  полиция инспекторы болмай, уақытша бекіткен болатын. Барып келу өте қиын, 13 км ұзақ жер емес.  Тұрғылықты мекен-жайымды реттеп берсеңіздер.

Барлығының тұрақты мекен-жайы, үйі жоқ. Уақытша берілген үйлер. Осы айтылған мәселелерді шешіп берсеіңіздер,-деп өз ұсынысын білдірді.

Жарыс сөзге жазылған араторлар толық сөз сөйледі.  Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Серікбайұлы жиналыс отырысында жергілікті учаскелік полиция есебі бойынша өз ойын білдірді.

Құрметті кеңес мүшелері, кеңес отырысына шақырылған қатысушылар!

Шолпан Қайратқызының тексеру қорытындысы бойынша, анықтамасында біраз ұсыныстар айтылды. Қоғамдық кеңес мүшелері сіздердің қолдарыңызға Қарар жобасын берген болатынбыз. Танысқан болсаңыздар Қарарға бір-екі мәселені қоссақ деп отырмыз. Әсіресе бірдейлендіру мәселесі. Мал ұрлығын бірдейлендіру сапалы жүргізу. Ауылдық округ әкімдері мен ветеринарлық бөлімімен бірлесіп осы мәселені қолға алу қажет. Қарарға осы мәселені ауыл әкімдерінің ұсыныс ретінде қоссақ деп отырмыз. Учаскелік полиция қызметкерлеріне көлік жетіспеуі, әрине жергілікті полиция облыстық бюджеттен қаржылатындықтан, аудан әкіміне тікелей тапсырыс бере алмаймыз, себебі қаражат тікелей облыстан, бірақ облыстық Қоғамдық  кеңеске осы айтылған пікірлерді жазып, солар арқылы сұраныс жасауды ұйымдастырайын,- деп өз ойымен бөлісті.

Кеңес төрағасы: Жергілікті полицияның есебі бойынша пікір білдіремін деушілер барма?

Қоғамдық кеңестің «Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссиясының» төрайымы, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының орынбасары Байтақова Шолпан Қайратқызы осы жиналыс барысында өз ұсынысын білдірді:

Құрметті Жұманғали Серікбайұлы айтып отырған ішкі істер жергілікті полицейлердің ұсыныстары орынды. Осы мәселені Қарарға қосайық, кейін орындалып жатса тіпті жақсы. Қызметтік үй бір бөлмелі, екі бөлмелі болсын, бұл мәселені көтеру қажет. Кейін қызметтік автокөлік, осы мәселелерді Қарарға қосайық. Орындалып жатса іске сәт.

Қоғамдық кеңестің төрағасы  Жұманғали Серікбайұлы:

Жергілікті  полейцейлерге  үй салу үшін жер учаскесін беруде өзінің тәртібі, заңы бар. Кезекпен ғана беріледі. Мырзатайда инфроструктура салынып тастады. Осы жерлерде алуға мүмкіндік бар сияқты. Сіздер осы жерлерге кезекке тұрсаңыздар болады. Осы ауылдың азаматы ретінде. Ал, енді Шолпан Қайратқызының ұсынысы дұрыс. Әр ауылдарда қызметтік үйлер болса, бір полицей бір қызметтен, екінші қызметке ауысып, жоғарылап жатады. Ал, орнына келген қызметкерлерге дайын үй болса, ешқандай қиындық туғызбайды. Әр ауылдар да қызметтік үйлер мемлекеттің есебінен, келешекте қаражат болып жатса, осы мәселені көтерейік,-,- деп өз ұсынысын білдірді.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция басшысы Дауренбеков Арман Бейсенбайұлы Қоғамдық кеңес отырысында өз ұсынысын білдірген болатын.

Құрметті Жұманғали Серікбайұлы! Ауданда сегіз фельшерлік үй салынып жатыр екен. Ауылдық округтердегі фельшерлік пунктерді мемлекеттік  органдар болғандықтан, жеке меншік үй немесе бір жағын үй, бір жағын жергілікті учаскелік  полиция отыратын қызметтік бөлме қылып берсе,- деген ұсынысын білдірді.

Қоғамдық кеңес отырысына қатысқан Бурыл ауылдық округінің әкімі Әліқұлов Ерік жиналыс барысында өз ұсынысын білдірді.

Бүгін, Қоғамдық кеңес болып өзекті мәселелер қаралып жатыр. Біздің округте жергілікті учаскелік полиция бойынша 2 қызметкер бар. Норма бойынша әр қызметкерген тұрғындардың саны  2800-ден аспау керек. Көшіп келіп жатқан ағайындар өте көп. Көшіп келу мәселесі басқа. Біздің ауылдық округ қаланың түбінде орналасқан. 13000 мың халқы бар. Бізде учасковый инспекторлар жетпейді.  3 учаскелік полиция қызметкері болса біреуі апорный пункте қалып, 2-уі жұмыс жасайтын еді.  Ауыл халқы күннен-күнге өсіп келе жатыр. Қоғамдық кеңесте айтылған ұсыныстарды назарға алып тиісті органға жеткізу керек. Осыдан  кейін көлік  мәселесі. Облыстанда көлік бөлініп жатыр. Бүгінгі таңда жоқ дегенде бір учасковый қосуға болады ғой. Осы мәселеге қалай қарайсыздар,-деп жиын отырысында ой бөлісті.

Отырыс барысында Бурыл ауылдық округінің білдірген ұсынысына жауап ретінде жергілікті полиция басшысы Дауренбеков Арман жауап берді.

Осы мәселе бойынша штатқа сұраныс бергенбіз. Ішкі істер департаментіне. Бірақ штат бөлінбей жатыр.

Жарыс сөзге жазылған араторлар толық сөз сөйледі.  Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Серікбайұлы жиналыс отырысын қорытындылады:

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері! Күн тәртібінде мәселені қарадық. Жергілікті учаскелік полиция қызметі ауқымды, үлкен жүмысты атқаруды қажет етеді. Қылмыскермен, құқық бұзушылармен күресу оңай нәрсе емес. Бұл кісілердің жұмысына табыс тілейміз. Халық полиция қызметкерлерінен үлкен  үміт күтеді. Себебі,  азаматтарды құқық бұзушылардан қорғайтын басқа органдар жоқ. Жәрдем беретін тек сіздерсіздер. Сондықтан учаскелік полиция қызметінің жұмыстарын әр уақытта құрметтейміз. Ауданымыздағы статистикалық көрсеткішті жоғарғы деңгейде көрсетеді деп сенеміз. Аудандағы жергілікті полиция қызметкерлері алдағы уақытта жіберген кемшіліктерден тиісті қорытынды шығарып, құқық бұзушылықтың алдын-алуда белсенді жұмыстар атқарады деген сенім білдіреміз,-деп өз сөзін аяқтады.

Кеңес төрағасы: аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің  есебі бойынша басқа да пікір, ұсыныс білдірем деушілер бар ма,-деп сұрау салды.

Олай болса, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің  есебі бойынша Қазақстан республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 23-бабының талабы бойынша Қарар қабылдауымыз қажет. Қарар жобасы қолдарыңызда бар. Қарар жобасына алып – қосарларыңыз бар ма? Жоқ болса, Қарар  негізінен қабылдансын.  Есепті баяндаманы талқылау барысында берілген ұсыныстар ескеріліп, Қарар жобасы толығымен бекітілісін. Қарсы, қалыс – жоқ.

 Коғамдық кеңес отырысының Қарары:    

  1. «Аудандық ішкі  істер  бөлімінің жергілікті  полиция  қызметінің  2018

жылғы І жартыжылдықтағы  атқарған жұмыстары туралы» аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Дауренбеков Арман Бейсенбайұлының  есепті баяндамасы назарға алынсын;

  1. Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің  бастығы

Арман Бейсенбайұлы Дауренбековке:

  • құқық бұзушылықтарға   және   қылмысқа   қарсы  күрес  жұмыстарын

жандандырып, тіркелген қылмыстардың ашылуына бағытталған шараларды нәтижелі жүргізу;

  • кәмелетке толмағандар арасында,қоғамдық орындарда,және көшелерде

құқық бұзушылардың алдын-алу мақсатында тұрғындармен, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті көтеру мақсатында ауыл жиындарында, ата-аналар жиналысында, дөңгелек үстелдерде, видеороликтер, слайдтар, арқылы заң бұзушылықтың қасіретін нақты тәжірибе бойынша түсіндіру жұмысын өткізу;

  • пробация есебінде тұрған және сотты болған азаматтармен жүргізілетін

профилактикалық жұмыстарды жандандыру және осы азаматтарды ауыл округ әкімдерімен және жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жұмыспен қамту жұмыстарын ұйымдастыру;

  • жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында  елді  мекендерде жол

қауіпсіздігі белгілерін тәртіпке келтіру жұмысына заң шеңберінде ықпал жасау жұмыстары ұсынылады.

  1. Ауылдық округ әкімдеріне:
  • мал ұрлығының   алдын-алу   мақсатында    малдарды    бірдейлендіру

жұмысының сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейту, ірі-қара малдарға шиф қондырғыларын орнату жұмыстарын ұйымдастыру;

  • елді мекендердің   көшелеріндегі   жол   қауіпсіздігі   белгілерін толық

көлемде орналастыру жұмыстарын жолға қою;

  • елді мекендерде   коммуналдық    меншіктегі   босаған    ғимараттарды

учаскелік полицейлерге қызметтік тұрғын үй ретінде пайдалануға беруді ұйымдастыру ұсынылады.

  1. Ауданда жергілікті  учаскелік  полицейлердің 50 пайызында қызметтік

автокөліктің болмауы құқықтық тәртіпті сақтауға ұйымдастырылатын жұмысқа кері әсерін тигізетіндіктен учаскелік полицейлерді қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етуге Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметіне ықпал етуді Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңес Президиумынан сұралсын.

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралды, кеңес отырысы жабық деп жариялаймын.

Кеңес отырысының жүргізілу тәртібіне ескерту, ұсыныс, анықтама берем деушілер бар ма? Жоқ.

Келген қадамдарыңызға рахмет!

 

                 

 

 

Добавить комментарий