2020 жылБАЙЗАҚ АУДАНЫБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

Байзақ аудандық Қоғамдық кеңесі отырысының №3 ХАТТАМАСЫ

«Мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы және мәдениет нысандарының материялдық техникалық қамтамасыз етілуі деңгейі туралы.»
Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж. Құмғанбаев ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасау үшін, сөзді Байзақ аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сыздықов Сәкен Шәшшіұлына берді:
Бүгінде Байзақ ауданындағы 43 елді мекенде 21 клуб және 25 кітапхана 107597 тұпғынға қызмет көрсетуде.Олар: 1 аудандық,20 ауылдық клубтар ,1 аудандық орталық,1 аудандық балалар және 23 ауылдық кітапханалар, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі.
Жоғарыда аталған 21 мәдениет ошақтарында 2020 жылдың 9 айында(аудандық мәдениет үйі мен 20 ауылдық клубтарда) 365(355) көпшілік іс-шаралар өткізіліп ,оған 75000(70000)адам қатысты . Клубтық құрылым саны 83(80),оған қатысушылар саны 861 (761) адамды құрады.Наурыз айының 16-нан іс-шаралар онлайн режимінде өткізілуде.Бүгінгі күнге дейін 365 онлайн іс-шаралар өткізілді. Барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде (Фейсбук,инстаграмм)жарияланды.Атап айтсақ,Абай Құнанбаевтың 175
жылдығына ,Әл-Фарабидың 1150 жылдығына,Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс-шаралар өткізілуде.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша аудандық көпшілік кітапхана,аудандық балалар кітапханасы мен 23 ауылдық кітапханалардың кітап қоры 272204 кітапты(269632) құрап,оның ішінде мемлекеттік тілде 130075(126180) кітап,оқырмандар саны7532(14506),өткізілген көпшілік іс- шаралар саны705 (810), оның онлайн режимінде өткізілген іс-шаралар саны 416 құрады.
Аудандық тарихи-өлкетану музейінде 8 көрме,10 экскурсия ұйымдастырылып ,8 лекция оқылды. Музейде 40 іс-шара онлайн режимінде өткізілді,оны 7000 адам қараған,18 экспонаттар есепке алынды.
Мамандар бойынша:ауданда сала бойынша қызметкерлер саны 89,оның ішінде салаға жататын: жоғары білімді-49,арнаулы орта-38,орта- 2.Шығармашылық құрамның білім сапасы бойынша жоғары-41,а рнаулы орта- 37,орта-2,барлығы-80 қызметкер,пайызға шаққанда-87,6% құрауда.Оның ішінде: жоғары санаттағы -12 II санаттағы -15,Iсанаттағы -32.Облыс әкімі және облыстың аудандары мен Тараз қаласы әкімдері арасындағы 2020 жылға арналған келісімдермен белгіленген индикатор: Байзақ ауданы бойынша I тоқсанда -61,4 пайыз,II тоқсанда-61,6 %,III тоқсанда -61,8 пайыз құрап, меже орындалды.

2018 жылы облыс әкімінің тапсырмасымен облыс тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қол жетімдігін және шалғай елді мекендердегі тұрғындардың уақытын үнемдеу, олардың сұраныстарын тезарада қамтамасыз ету мақсатында ауылдық кітапханалардың базаларынан ақпараттық
орталықтар ашылуы тапсырылған болатын. Осыған орай, 2018 жылы ауданда 8 цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды (Түймекент, Дихан, Абай, Бурыл, Қостобе, Қызыл жұлдыз, Мырзатай, Ынтымақ). Орталықтарды ашу үшін жергілікті бюджеттен 2500,0 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар орталық кітапханадан желтоқсан айында коворкинг орталығы ашылды, оған 2 млн теңге бөлінді. 2019 жылы кітапхананың базасынан 10 ақпараттық орталықтар ашылып, 13 қызмет түрлері көрсетілуде. Бүгінгі күнге 18 ЦАО – дан 7014 анықтама берілді. 2019 жылы ақпараттық орталық ашуға жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал жабдықтар толық алынды. 2020 жылы 5 (Талас,  Көкөзек, Диқан-2, Ақжар, Ақшолақ) ауылдық кітапханаларына 3800,0 теңге қаржы қаралып, ақпараттық орталықтар тамыз айында ашылды. Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аудандық әл – Фараби атындағы мәдениет үйінің сыртына 14 664,0 теңге бөлініп, ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілсе, аудандық музейге 3372,0 теңгеге, орталық кітапханаға 1649,0 теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Демеушілердің көмегімен 10 млн. теңгеге мәдениет үйінің сол қанатындағы аумақтан аллея бой көтеріп, автотұрақ орнатылды.
2020 жылы жергілікті бюджеттен ауылдық кітапханаларды компьютерлермен қамту үшін 1 445,0 мың теңге, жиһаздарға 5906,0 мың теңге қаржы бөлініп, Мырзатай, Дихан, Түймекент, Байзақ, Көктал, Үлгілі
ауылдарындағы ақпараттық орталықтар талапқа сай қайта жабдықталды. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйіне қарасты ауылдық клубтардың өнерпаздарына сахналық киімдерге 2 млн. теңгеге тіктірілді.
Бұдан бөлек, ауылдық клубтардың электр жүйелерін жаңғыртуға 2 096,0 мың теңге, найзағайға қарсы кондырғылар орнатуға 1655,0 мың теңге қарастырылып, бұл бағыттағы жұмыстар толық аяқталды.
Үстіміздегі жылы үш нысанға (Абай, Қызыл жұлдыз, Түймекент ауылдық клубтар) ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3203,0 мың теңге бөлінген болатын. Бүгінде жұмыстар толық аяқталды.
Сонымен қатар жергілікті бюджеттен мәдениет ошақтарын абаттандыруға да үлкен мән берілуде. Аудандық Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің аумағын абаттандыруға 6428,0 мың теңге, «Қайғылы ана» ескерткішіне ағымды жөндеу жұмыстарына 1300,0 мың теңге қаралып, аталған жұмыстар жүргізілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1557,0 мың қаражатқа екі ауылдық клубқа (Суханбай, Үлгілі,) бейнекамералар орнатылды. Сонымен бірге, аудандық тарихи-өлкетану музейіне 3000,0 теңге қарастырылып, аспан асты музейін ашу жұмыстары қолға алынып, музей алдына пано орнатылды.
Мәдениет ошақтарын жылумен қамту – күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. 47 нысанның 21-і газбен, 15-і көмірмен, 11 ыңғайластырылған орталық жүйеге қосылған. 21 клубтың 4-пешпен жылынады, 7-і ыңғайластырылған мектеп, ауыл әкімшілігі ғимараттарының жылу жүйелеріне қосылған. Бүгінгі күнге 8 ауылдық клуб газбен жылытылады (Қостөбе, Қызыл жұлдыз, Аймантөбе, Мырзатай, Көктал, Дихан, Түймекент, Сарыкемер), 2 клуб (Байзақ, Үлгілі) мектептің жылу қазандығына қосылған. Газбен жылытуға 2094,0 мың теңге, кітапханаға 350,0 мың теңге қаралды.
4 клуб (Ынтымақ, Суханбай, Абай, Дихан-2) ауылдық клубтарына 100 тонна, 4 ауылдық кітапханаларға (Көкөзек, Қарасу, Ақжар, Ақшолақ) 40 тонна көмір алуға 2548,0 мың теңге қаржы бөлініп, тауар биржасына өтінім беріліп, тамыз айында толық түсірілді.Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 46515,8 мың
теңге қаражат қарастырылып, Сарыкемер, Түймекент, Дихан мәдениет үйлеріне модульдік қазандықтарды орнатылды. Қазандықтардың орнатылуына байланысты жылу жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстарына «Жол картасы» бағдарламасы аясында 4437,0 мың теңге бөлініп, жөндеуден өткізілді. Осы қазандықтарды газға қосу мақсатында аудандық мәдениет үйіне 1,800 мың теңгеге сметалық құжат дайындалып, үнемделген қаржыдан газды ортақ қысымға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге Түймекент мәдениет үйіне 3,600,0 мың теңгеге, Дихан ауылдық мәдениет үйін газға қосуға 2,489,0 мың теңгеге сметалық құжат дайындалып, қаржы бөлініп,жұмыс аяқталды.  Сонымен қатар аудандық мәдениет үйі мен 10 ауылдық клубтарда 129 бейнекамералар орнатылған. 14 ауылдық клубтарда пандустар орнатылған. 2021 жылы Талас ауылындағы жекешеленіп кеткен 300 орындық мәдениет үйін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Біз келесі жылға ауылдық клубтар мен кітапханалардың материалдық азасын нығайтуға ауылдық клубтарға жиһаздар, сахналық перделер, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар, ғимарат ішін безендіру жұмыстарына ұсыныстар дайындалуда. Қажетті қаржысы есептеліп, ұсынылатын болады.
Алдағы уақытта аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында нақты жоспарлар дайындап, ұйымдыстыратын боламыз. Баяндама аяқталды,баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма?
Қоғамдық кеңес мүшесі Тлепов Нұржан Сейдазымұлы баяндамашыға сұрақ қойды:
– Осы індетке байланысты,аудандық,ауылдық округтерде үйірмелер жұмысы қалай жүріп жатыр?
Баяндамашының жауабы:
– Індетке байланысты ғаламтор және ұялы байланыс арқылы онлайн режимде жүргізіліп жатыр. (facebook, instagram) Қоғамдық кеңестің төрағасы Құмғанбаев Жұманғали Серикбайұлы :
– Құрметті кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселені қарауды жоспарлаған кезде мәдениет саласындағы жұмыстарды зерделеу үшін,жұмысшы тобын құрғанбыз,сол жұмысшы тобының жетекшісі:
«әлеуметтік-мәдени,білім беру,денсаулық салалары және қоғамдық ,үкіметтік емес ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі коммисияның төрағасы» Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлына сөз беріледі.
Ол өз сөзінде:
– Құрметті Жұманғали Серикбайұлы
Құрметті отырысқа қатысушылар.
Салалық бөлім басшысы С.Шәмшіұлының жетекшілігімен және саладағы мамандардың көп жылдық тәжірибесінің және олардың атқарып отырған жұмыстарының арқасында мәдениет саласында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.Дегенмен бүгінгі күннің талабына орай әлде де бірқатар жұмыстардың
сапасын жақсарту қажет сияқты.Олар:
Мәдени іс-шараларды жоспарлауда және олардың есебін жүргізуде жолға қою керек деген пікірдеміз. Мәселен,зерделеу кезінде Қызыл жұлдыз ауылдық клубының меңгерушісі осы жинақ папкасын бізге көрсете алмады.Сол сияқты материялдық жауапкершілікті де көтеру бойынша жұмыстар атқару қажет. Мәселен ,Көктал ауылындағы мәдениет үйінің меңгерушісі материялдық құндылықтар тізімін ұсына алмады. Баяндама көрсетілгендей , 2018 жылы ауданда 8 цифрландырылған ақпараттық орталықтар (Түймекент, Дихан, Абай, Бурыл, Қостобе, Қызыл жұлдыз, Мырзатай, Ынтымақ. Орталықтарды ашу үшін
жергілікті бюджеттен 2500,0 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар орталық кітапханадан желтоқсан айында коворкинг орталығы ашылды, оған 2 млн. теңге бөлінді) 2019 жылы кітапхананың базасынан 10 ақпараттық орталықтар ашылған. 2020 жылы 5 (Талас, Көкөзек, Диқан-2, Ақжар, Ақшолақ) ауылдық
кітапханаларына 3800,0 теңге қаржы қаралып, ақпараттық орталықтар қазан айында ашылады деп жоспарланған. Осы орталықтарды ашуға 2018 жылы 2 млн. теңге, 2019 жылы 5 млн теңге, 2020 жылы 3800,0 теңге қаржы бөлінген. Аталған орталықтарда көрсетілетін қызметтерді басқару және іске асыру үшін бір орталық жүйеге қосылған жеке сайт ашылып, онда аудан бойынша ауылдық округтер мен мекемелерде көрсетілетін қызметтер және түрлі мәліметтер базасы жинақталып сайтқа толық енгізіліп, бүгінгі күнге 1000 астам сұраныс қанағаттандырылды.
Осы жерде айта кететін бір мәселе, осы орталықтар орнатылған компьютерлердің қажеттігіне қайтадан бір талдау жасау керек сияқты. Себебі, ақпараттық орталықтарда 4 компьютерге дейін бар, бірақ кейбір орталықтарға жүгінушілердің саны тым аз.
Аудандағы сала бойынша қызметкерлер саны 89, оның ішінде салаға жататын: жоғары білімді – 49, арнаулы орта – 38, орта – 2. Шығармашылық құрамының білім сапасы бойынша жоғары – 41, арнаулы орта – 37, орта – 2, барлығы – 80 қызметкер, пайызға шаққанда – 87,6% құрауда. Оның ішінде:
жоғары санаттағы – 12, ІІ санаттағы – 15, І санаттағы – 32. Мамандарға қатысты айта кететін жайт, осы мамандар қатарында үйірме жетекшісі деген мамандық өте жиі кездеседі екен. Мәселен, жұмыс атқаратын үйірме жетекшілерінің саны 15 адам болса, анықтама жүргізу барысында осы үйірмелерде дәріс алушылардың тізімі, дәріс жүргізу уақыты және оның кестесі, сонымен қатар олардың қатарынан үлкен жетістіктерге жеткен азаматтар бар деп ойлаймыз, бірақ олар туралы мәліметтер жинақтап, бір
жүйеге келтіру қажет.
Сонымен қатар саладағы ақылы қызметтің көрсетілуіне жүргізілген талдау барысында бірқатар жұмыстар жолға қоюды талап етеді. Мәселен, мәдениет үйімен көрсетілген ақылы қызмет көлемі 2019 жылы 402 мың теңгені құраған, бірақ ол сома қандай қызмет түрінен құралатыны бөліп көрсетілмеген.
Оған қоса осы қызмет түрлерінің құны бекітілмеген,-деп баяндаманы аяқтады. Назар салып тыңдағандарыңызға рақмет! Сұрақтарыңыз болса?

Қоғамдық кеңестің төрағасы Құмғанбаев Жұманғали
Серикбайұлының сұрағы :

– Мәдениет үйінде 15 үйірме қызмет атқарады,әр үйірменің жетекшісі айлық алады.Осы үйірмелердің жұмысының нәтижесі бар ма?Осыншама қызметкерді бюджет қаражаты есебінен ұстау тиімді ме?
Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлының жауабы:
– Оны қайтадан қарау керек,жетістіктерге бағытталған талдаулар жасалса,қажетті бағыт бойынша қайтадан қарау керек,менің қолымда оның нәтижесі жоқ.Аса қажетті дегендерді қалдырып,штатты қайтадан құру керек.

Қоғамдық кеңес мүшесі Тлепов Нұржан Сейазымұлы баяндамашыға сұрақ қойды:
– Осы пандемия кезінде,ауылдық жерлерде,клубтарда халықтың қайырылуы бұрынғыдай емес,қазір интернет шыққаннан кейін бұрынғыдан төмендеп кетті,ауылдардағы клубтарда кіпапханалар ұстаймыз,ол кітапханаға келушілерде бұрынғыдай емес,төмендеп кетті,осы кітапханаларда мемлекеттік
қызмет көрсету орталығын ашу мәселелер енгізілген болатын,соған байланысты сіздерде оорталықтың жұмысына талдау барма,халыққа негізі тиімді ме?
Жақыпбеков Дулат Бекбосынұлының:
– Осы орталықтар 2018 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатыр,пандемияға байланысты аса қатты өзгерістер болып жатқан жоқ,анықтама керек адамдар келеді,ол халыққа өте тиімді нәрсе,ауданға келмей өз ауылдарында анықтама ала береді,мүмкін ақпараттандыру төмен болып жатқан шығар,іс шарада осыны қолға алып,қаулыға енгізі керек.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Құмғанаев Жұманғали Серикбайұлы:
Келесі сөзді аудандық мәдениет үйінің директоры Тлепов Амангелді Нағмашұлына сөз кезегі беріледі:
– Құрметті Жұманғали Серікбайұлы!
Құрметті қоғамдық кеңес жиынына қатысушылар. 2020 жылдың 9 айында атқарылған мәдени ошақтарда 365 көпшілік іс-шаралар онлайн ретінде өткізілді. Ауданға қарасты 21-мәдени ошағының 4 мәдениет үйі, 9 ауылдық клубтары, қалған 7 еуі ыңғайластырылған. Олар ауыл әкімшілігімен орта мектептерде орналыстырылған.
Қазіргі таңда аудан-ауыл мәдениет уйлерінде жоспарға сай онлайн түрінде іс-шаралар өткізуде. Аудандық және ауылдық клубтарда музыкалық аппаратуралармен жабдықталған және музыка аспаптары беріліп қолданыста қызмет көрсетуде.Ауыл ауданды қосқанда, үйірме жұмыстарының саны 83-ке жетіп тұр. Ол жұмыстарды аудандық мәдениет үйінің үйірме жетекшілерімен клуб меңгерушілері және өнер саласында қызмет жасайтын мамандар қойылған кестеге байланысты жұмыс жүргізуде. Ол үйірмелерге қатысушылар саны 861.

Аудан және ауылдық клубтарға қатысушы жас бүлдіршіндер аудандық, қала,облыстық конкурстардан жүлделі орындарға ие болуда. Айталық, би үйірмесінің жетекшісі Б.Мақалбаева облыстық жарыстарға қатысып жүлделі орынға ие болған. Сонымен қатар,аудан орталығындағы мәдениет уйінде жұмыс жасап тұрған және ауылдық клубтардағы музыкалық аппартуралар ескірген.Клуб меңгерушілерінің іс шараларды уакытылы орындай алмауына қиындықтар туындап жататыны анық сол себепті,қосымша маман берулеріңізді сұранамын. Қазіргі таңда музыка аппаратураларымен клубқа қажетті микрофон стойкасы сахна перделері,ұлттық киімдер,ноудбук, әр клубқа сахналарымен залдарынын краскілеу үшін краска т,б қажетті заттар керек, клуб ауласын аббаттандыруға ағымды жөндеулер өткізу үшін аудан бюджетіне біздің тарапымыздан ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, мәдениет үйінің концертік залын жалға беру мәселесі бойынша айта кететін болсақ, әр концерт қоюшымен келісім шартқа отырып, өздеріне түскен қаржының 10 пайызын өз кассамызға түсіріп отырдық және одан жиналған қаржының саны 2019 жылдық есепте 420 мың теңге болды. Алдағы уақытта көршілес аудандармен ауылдарға “Шолпан” ән-би ансамблімен концерттік бағдарламалар дайындап, ақылы концерт өткізу жоспарымызда бар. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет,-деп өз баяндамасын аяқтады.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Құмғанбаев Жұманғали Серикбайұлының сұрағы:
Аудандық мәдениет үйінде 15 үйірме бар екен,сол үйірмелердің есебінен ірі мәдениет ошағы бар ауылдарға штатын бөліп тастаса болмайма?
Тлепов Амангелді Нағмашұлының жауабы:
– Әр ауылдарда 3,4 үйірмелер бар,үйірме жетекшілері бар,мектеп мұғалімдері,балабақша музыканттары тегін,ақысыз жұмыс жасайды,комек ретінде,себебі штат жеткіліксіз.
Байзақ аудан әкімінің орынбасары Дәулетов Дәуір Рысбайұлының сұрағы:
Штат туралы мәселе қозғаған кезде нормативке сүйенеміз,ал норматив бойынша қандай болуы керек, үйірме, клубта қанша штат болуы керек деген норматив барма?
– Мәдениет үйлерінде типовой ережесі бойынша 5 штаттан кем болмауы керек,мүмкіндік болса штат берсеңіздер.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Құмғанбаев Жұманғали Серикбайұлы:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінен басқа пікір білдірушілер бар ма? – жоқ.
Олай болса, Күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңынын 23-бабының талабына сәйкес қарар қабылдауымыз қажет. Қарар жобасы қолдарыңызда бар. Қарар жобасына алып–қосарларыңыз, басқа да қосатын ұсыныстарыңыз барма? Жоқ болса дауыс берулеріңізді сұранамын.
Қарсы, қалыс жоқ. Бірауыздан бекітілді. Қоғамдық кеңес отырысының Қарары:
Байзақ аудандық Қоғамдық кеңесі отырысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, қорытындылай келе, төмендегідей қарар қабылдайды:
1.Байзақ ауданы әкімдігінің «Мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстар және мәдениет нысандарының материялдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейі туралы»мәселе жөнінде Байзақ аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Сыздықовтың баяндамасы назарға алынсын;
2.Байзақ аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне(С.Сыздықовтың)төмендегідей ұсыныстар берілсін:

-Ауылдық мәдениет үйлеріндегі мәдени іс-шаралардың жоспарын және іс- шаралардың орындалуы есебін жүргізуді тәртіпке қою;
-Ауыл округтеріндегі мәдениет үйлерін музыкалық аспаптармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, жауапты қызметкерлердің мәдениет үйінің теңгеріміндегі материялдық құндылықтарды күтіп сақтауға жауапкершілігін арттыру;
-Ауылдық кітапханалар жанынан ашылған орталықтарда орнатылған компьютерлердің қажеттілігін халықтың санына,сұраныстың түсуіне қарай,талдау жасап,қайта бөлу;
-Аудан бойынша мәдениет ошақтарындағы мамандардың санаттарына талдау жасау,оның ішінде үйірме жетекшілерінің санын қажеттігіне қарай қайта қарау үйірме жұмысының сапасын жақсарта отырып,нәтижеге қол жеткізу;
-« Шолпан » халық театрының мәртебесін көтеру мақсатында жаңа репертуарлар даярлап аудан , облыс тұрғындарының ортасында өнер көрсетуді жиі ұйымдастыру.
-Ақылы қызметтен түсетін қаржының тарифтік құнын нақтылау, және ақылы қызметтің көлемін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын бекітіп,  орындалуын бақылауға алу.
Қарар жобасы Қоғамдық кеңес мүшелернің дауыс берумен, толығымен бірауыздан бекітілді.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралды, кеңес отырысы жабық деп жариялаймын. Кеңес отырысының жүргізілу тәртібіне ескерту, ұсыныс, анықтама берем
деушілер бар ма? Жоқ.

Келген қадамдарыңызға рақмет!

Қоғамдық кеңестің                                                                                                                 Қоғамдық кеңестің
Төрағасы Ж. Құмғанбаев                                                                                                   Хатшысы Ж.Айтқұлов

Добавить комментарий