ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

“БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ” БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА ?

Ағымдағы жылдың 2 қазан күні “Бес әлеуметтік бастама бойынша “Азаматтық бақылау” қоғамдық мониторингі” атты жобасының облыстық тәжірбиелік конференциясы Тараз қаласы, Домалақ Ана көшесі 268, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің Акт залында өткізілді. Аталмыш іс шараға мемлекеттік орган өкілдері, жастар және бес әлеуметтік бастама бойынша қызмет алушылар қатысты.
Жиында Қазақстан республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Түсіндіру жұмысын жүргізу Дилья Кушкенбайқызы Бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру мақсатында Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, көпбалалы отбасылардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.
“Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға ұсынылатын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай көлемі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес айқындалады.
Сонымен қатар, бүгінгі күні Тараз қаласында «7-20-25» (20% бастапқы жарна, 7% жылдық үстемақы, қайтару мерзімі 25 жыл) ипотекалық бағдарламасы іске асырылуда. Аталған бағдарлама бойынша Сүлейменов көшесінің соңынан соғылған 15 мөлтек ауданда және «Арай-2» алқабында пәтерлер сатылымда тұр.
Одан бөлек, тұрмысы төмен отбасыларды қолдаудың «Бақытты отбасы» (10% бастапқы жарна, 2% жылдық үстемақы, қайтару мерзімі 19 жыл) кешенді бағдарламасы жасақталған. Аталған бағдарлама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Добавить комментарий