«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Жамбыл облысы бойынша 2021 – 2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Жамбыл облысының әкімдігі басқармаларының басшылары, аудан (қала) әкімдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты жылдың қорытындысы бойынша 15 қаңтардан кешіктірмей Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына берсін;
2) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне берсін.
3. Жауапты орындаушылар Іс-шаралар жоспарының сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Б.Нығмашевқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б.Сапарбаев