ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРТАЛАС АУДАНЫ

Ауыл шаруашылық бөлімі тындалды

   Талас ауданында 2019 жылдың тамыз айының 20 жұлдызында “Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің аудан аумағында шаруа қожалықтарын ірілендіру, кооперативтер құру, суармалы  жерлерді толыққанды игеру, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу (ет, жүн өнімдерін, сүт қабылдау модульдерін қою) және асыл тұқымды малдың есебін жүргізу, оған мемлекеттен төленетін субсидия жұмыстарының атқарылуы» күн тәртібімен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ақынбек Бектай жүргізді. Кеңес отырысына осы саланы жетекшілік ететің аудан әкімінің орынбасары Төрехан Сарикбайұлы Қойлыбаев қатысты.

         Бөлім басшысы Ауданбек Ерубай атқарылған жұмыстарының есебін берді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өзекті мәселелер бойынша қойылған сұрақтарына бөлім басшысы жауаптарын берді. Қоғамдық кеңестің отырысы қорытындыланып, ауыл шаруашылық бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі қанағаттанарлық деп есептеліп, талқылау барысында айтылған ұсыныс-пікірлер сараланып, мынандай шешімдер қабылданды:

–  Ақкөл ауылында сүт қабылдайтын шағын цехін ашу бойынша жұмыс жасау;

-Отгон, жәйлаудағы малшылардың әлеуметтік жағдайын анықтау- балаларының деңсаулығын, мектепке баруын, мед.тексеруден өтуіне ықпал жасалсын; 

– Ақкөл ауылында жабылған кәсіптік мектептің базасында малшылардың және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балалары оқитын мектеп-интернат ашуға аудан әкіміне ұсыныс беріп, жұмыс жасалсын, атқарылған жұмысының анықтамасы ағымдағы жылдың 15 желтоқсанға дейін берілсін. 

Талас аудандық Қоғамдық кеңесі

 

 

 

Добавить комментарий