2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОРДАЙ АУДАНЫӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

Қордай аудандық Қоғамдық кеңесте

Аудандық Қоғамдық кеңестің алқа мүшелерінің кезекті отырысы болып өтті.
Отырыста Қоғамдық кеңестің үстіміздегі жылдың І-жартыжылдық жоспарына
сәйкес әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тұрғын үймен қамту мәселесі және оның орындалу барысы және ауданда су ресурстарының тиімді пайдалануы  және ауыл шаруашылық ұйымдарының сумен қамтамасыз ету жұмыстарының
есебі қаралды.
Отырыста Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы – Р.Мадияровтың
және «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының «Қордай» өндірістік учаскесінің
бастығы – Асқанат Кадыровтың есебі тыңдалды.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жұмысты
жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Қоғамдық кеңес төрайымы                                             Б.Қарамолдаева

Добавить комментарий