БАЙЗАҚ АУДАНЫБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Өткен жылы аудан көлемінде өнеркәсіп кәсіпорындарымен 6,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көрсеткіш 100,2 пайызды, бөлшек сауда көлемі 16,1 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне салыстырғанда 128,5% құрап, негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 22,5 млрд. теңге немесе 107,0% болып қалыптасқан. Бұл туралы аудандық Қоғамдық кеңестің отырысында есеп берген аудан әкімі Бақыт Қазанбасов айтты.

Қоғамдық кеңес төрағасы Жұманғали Құмғанбаевтың төрағалығымен өткен кеңестің кезекті отырысында күн тәртібінде негізінен екі мәселе қаралды. Алдымен Қоғамдық кеңес мүшелері алдында «Ауданның 2021 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы туралы» аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың есебі тыңдалды. Бақыт Алпысбайұлы ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен бөлісіп, үстіміздегі жылға арналған мақсат – міндеттерді саралады. 

– Есепті кезеңде ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысы Жолдау жүктеген міндеттерді, яғни, экономиканы өркендету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында, тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуге бағытталған. «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы – 2025» және өзге де кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар аясында жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілері жалпы 9,2 млрд. теңге мемлекеттік қолдауға ие болды. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 30818,1 млн. теңгеден 38677,4 млн. теңгеге жетті. Сондай-ақ, өткен жылы жалпы шығарылған өнім көлемі 64,4 млрд. теңгені құрады», – деп бастады. Сонымен қатар, Бақыт Алпысбайұлы слайд арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру үлесі, каналдарға жүргізілетін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, сатып алынған жаңа ауыл шаруашылығы техникалары, шаруашылықтарға төленген субсидиялар, жер ресурстары, ветеринария, өнеркәсіп, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру, денсаулық сақтау, бұқаралық спортты дамыту, білім беру, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету, мәдениет, автомобиль жолдары, ауыз су жүйесіне қосылу, елді мекендерді газбен жабдықтау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы, жұмыспен қамтамасыз ету, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында атқарылатын ауқымды жұмыстар жөнінде баяндады.  

Баяндамасын қорытындылаған аудан әкімі Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға жұмылып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу қажеттігіне тоқтала келе, алдағы уақытта да ауданды көркейте беруге айшықты істер жасалатынын жеткізді.

Есепті баяндамадан соң кеңес мүшелері тарапынан Кемелбек Беспаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков өз ойларын ортаға салып, аудан әкімінің есепті баяндамасына «қанағаттанарлық» бағасын бере келе ұсыныстарын жеткізді. 

Бұдан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша «2021 жылы аудан аумағында атқарылған жұмыс нәтижелері туралы» аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев пен «Аудандық Қоғамдық кеңестің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы» кеңес төрағасы Жұманғали Құмғанбаев қосымша баяндама жасап, өз салаларына қатысты атқарылған жұмыстарға тоқталды. 

Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, «2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің атқарылуы» туралы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова есеп берді.

Отырыс соңында кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 23-бабының талабы бойынша тиісті Қарар қабылдады.

2 комментария

Добавить комментарий