БАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУТАЛАС АУДАНЫ

Аудан әкімі Досмаханбет Қасымұлы Алиевтің  Қоғамдық кеңес алдындағы есебі өтті

          2019 жылдың 20 ақпан күні  Қоғамдық кеңестің отырыстарында Талас ауданының әкімі Досмаханбет Қасымұлы Алиевтің  «2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылы алда тұрған міндеттер туралы» Талас ауданы әкімінің  баяндамасы және аудандық мәслихат хатшысының Арқабек Тулебаевтың, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ақынбек Бектайдың қосымша баяндамалары талқыланды. Жиынға Қоғамдық кеңестің мүшелері түгел 16 адам және қала әкімі, бөлім басшылары, барлығы 25 адам қатысты.

           Кеңес отырысында Қоғамдық кеңестің мүшелері М.Миралиев, Т.Жұмабек, Ж.Тәукебаев, З.Сабыров кұрделі мәселелерді көтеріп, сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды, ол  А.Пушкин, Ш.Уәліханов мектептерінің, ортасында тұрған бала бақшаның күрделі жөндеу жұмыстарынан өту керектігі, Ақкөл ауылына кететін жолды жөндеу, ауданда бірде бір сүт, ет қабылдайтын орын жоқтығы (колбасный цех), коммуналдық меншіктегі каналдарды Республикалық меншікке (“Казсушар” РМК Жамбыл филиалына) өткізу жұмыстары және Ақкөл ауылының ауыз судың сапасының (тұздылығы, құрамы) төмендігі туралы айтылды. Айтылған ұсыныс-пікірлер сараланып ескерілсін деген шешім қабылданды.

          Қойылған сұрақтарға толығымен жауаптар беріліп, жұмыс жасалатындығы айтылды.

“Аудан әкімі есеп берді” атты мақала 22 ақпан 2019 жылы № 14 санды “Талас тынысы” аудандық газетіне жарияланды және 22.02.2019 жылы №17 хатпен q-kenes.kz@mail.ru ресми сайтына жіберілді.

6 нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді. 

 

Добавить комментарий