ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

Аса ауылдық округі Аса ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылдың 08 қарашадағы қорытындысы мен тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аса ауылдық округі Аса ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Ленин көшесі – Ш.Қалдаяқов көшесіне;
Ленин көшесінің 1-бұрылысы – Самал көшесіне;
Ленин көшесінің 2-бұрылысы –Айдарлы көшесіне;
Ленин көшесінің 3-бұрылысы – Көктем көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Бозымбековке жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аса ауылдық округінің әкімі Б. Қалшымбетов

Добавить комментарий