2021 жылБасты ақпаратБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРТАЛАС АУДАНЫ

Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің 2021 жылы атқарылған жұмыстары

Бекіткен жоспар бойынша 2021 жылға 37 іс-шара көзделіп, 37-і өткізілді. Атап айтқанда:

        – Талас ауданының әкімі Б. Қазанбасовтың «Ауданның 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары және 2021 жылы алда тұрған міндеттер туралы» баяндамасы және аудандық мәслихат хатшысының, аудандық Қоғамдық кеңесі төрағасының жыл ішінде атқарған жұмыс есептері тындалды және қоғамдық кеңестің 2021 жылға жұмыс жоспары бекітілді;

       37 мекемелердің ішінде 13 ауылдық округтер әкімінің аппараты, 13 аудан әкімдігінің бөлімдері және 8 басқа да мекемелердің 2020 ж.-2021 жылда атқарылған және жыл аяғына дейін атқарылатын жұмыстары жайлы есептері тындалды, соның ішінде  4 облыстық деңгейдегі мекемелер – аудандық ветеринариялық  станциясы, Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі, Талас ауданының мемлекеттік архиві, Ветеринариялық бақылау және қадағалау Талас аудандық аумақтық инспекциясы;

        – тындалған 26 мемлекеттік органдар, соның ішінде 21-де мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, оның сапасы мен қолжетімділігі және жалпы ауылда, бөлімде атқарылып жатқан жұмыстары;

            Қаралған мәселелер: мал ауруларының алдың алу, екпелердің уақтылы атқарылуы, мал емдеу және есебін жүргізу жұмыстарының сапалы атқарылуы,  Егістік жерлерді пайдаланудағы және өткен жылғы есептерінде айтылған сын-ескертпелері бойынша атқарылған жұмыстары,   “Игілік” көпсалалы кәсіпорынның Қаратау қаласы тұрғындарына жылу және сумен қамтамасыз ету жұмыстарының сапасы, бағасы туралы, бөлінген қаражаттардың  мақсатты жұмсалуы, Талас ауданының мемлекеттік архивінің “Архив 2025” стандарты бойынша атқарылған жұмысы,  аудан аумағында, Қаратау қаласында абаттандыру, көше суландыру арықшаларының талапқа сай жұмыс істеуі және осы жұмыстарға қаралған қаражаттардың мақсатты жұмсалуы, жер пайдалану заңдылықтарын сақтау, конкурстарды өткізуде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында атқарып отырған жұмыстары жайлы; 

– Ауыл тұрғындарын тасымалдайтын көлік жүргізушілерді (таксистер), көліктерді бақылауға алып, патент арқылы жұмыс жасау үшін Талас аудандық полиция бөлімі мен Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен кездесіп, 2 жиын өткізілді. 

2 мекемеде, Көктал ауылдық округі аппараты мен қаржы бөлімінде жалпы жұмыстарына, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жұмыстарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, кеңес жанындағы комиссия төрағалары отырыста баяндады. Отырыстардың нәтижесінде ұсыныстар, жұмыстарын дамыту жайлы ақыл-кеңестер берілді. 

“Қоғамдық кеңестер туралы” Заңының 7 және 21 баптарын басшылыққа алып, халықты хабардар ету үшін, өткен отырыстар жайлы және қабылданған шешімдер, отырыс өтетін туралы хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарына 33 мәлімет жіберілді, оның ішінде «Талас тынысы» газетіне – 17, Қоғамдық кеңестін ресми сайтына, – 10, әлеуметтік желісіне -4, “Жамбыл” телеарнасына-1 және “Жамбыл” телеарнасындағы “Сөзден іске” бардарламасына қатысты.

Жыл басынан 22 нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді. 

Жыл басынан 1 өтініш түсіп  (такси орындарына белгі қою туралы) мемлекеттік органдарға заңға сәйкес қарау үшін жіберілді.

Жергілікті жерлерде туындаған проблемалық мәселелерді талқылау үшін  қала, ауыл тұрғындарымен 36 кездесулер өткізіліп, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Жыл басынан 75 кіріс, 153 шығыс құжаттар реттелді.

2021 ж. Қоғамдық кеңес отырыстарында берілген ұсыныстардың орындалуы:

1) Қызыләуіт ауылдық округінің әкіміне – көпбалалы, жағдайы төмен отбасына берілетін, асар әдісімен соғылып жатқан үйдің құрылысын 2021 жылдың тамыз айының аяғына дейін бітірсін. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін берілуі тиіс. Ауыл әкімінің жауабы: Ауылдық округінде үйге мұқтаж отбасы болмағандықтан, асарлатып үй салу бойынша жұмыс атқарылмаған. (хат №144, 06.09.2021ж).

 2)Бостандық ауылдық округінің әкімі М.Рысдаулетов – Жұмыс жасамай отырған 24 шаруа қожалықтардың тізімі Талас ауданы бойынша салық басқармасына (жабу мақсатында) және Жер комитетіне (жерін мемлекеттік меншікке алу үшін) беріліп, түсіндіру хатымен жолдансын. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін берілсін. Ауыл әкімінің жауабы: – 24 ш/қ тізімі кірістер басқармасына берешектері бойынша тексеруге жолданды, 21 жерге мемл.акт алынбағаны анықталды, 3 ш/қ жерлерін қайта өткізді, қазіргі танда жұмыс жасамайды (хат 18.05.21ж.№162).

3)Хаттамадағы шешім – Аудандық мәслихат хатшысы К.Садубаевқа, аудан әкімінің орынбасары Р.Қырықбаевқа ықпал жасау үшін: 

– Балалар кітапханасын ашуға ғимарат беру және жұк тасымалдауға “Газель” көлігін алуға ықпал жасау туралы хаттама көшірмесі берілді.

4)Е.Жексенбаев-Мекемеге арнайы автокөлік алу және күзетшілерге үй соғу туралы ұсыныс – хат Қоғамдық кеңеске берілсін; Жауабы: Хат №121, 12.08.2021ж. берілді. Қоғамдық кеңес атынан аудан әкіміне 17.08.21ж.№103 ұсыныс хатпен жолданды.

5)Талас ауданының мемлекеттік архивы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

-Мекемеге жай салу жөнінде ұсыныс – хат Қоғамдық кеңеске берілсін; Архивтің жауабы: Хат №1-23/71 02.08.2021ж.берілді, Қоғамдық кеңестің атынан аудан әкіміне 03.08.2021ж.№101 хат жолданды.

6) Талас аудандық полиция бөлімі мен Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен таксилерді бақылауға алып, патент арқылы жұмыс жасау туралы жиын өткізілсін. Орындалуы:12.08.2021ж. Қк отырысында қаралды. Алдағы уақытта таксистерді бақылау мәселесі бойынша аудан әкімінің орынбасарының ұйымдастыруымен, ауыл әкімдерімен және тиісті органдардың қатысуымен кеңінен отырыс өткізу туралы сұраныс-хат аудан әкіміне 17.08.2021ж.№104 жолданды. 

7)Ветеринариялық бақылау және қадағалау Талас аудандық аумақтық инспекциясы – -міндетті тұрде малға сырға салынып, паспорт алуы бақылауға алынып, қамтамасыз етілсін, ақпараттын мерзімі 01.09.2021ж. . Жауабы: – малдарға құлақ жапсырмалары барлығы жоспарға сәйкес сырғаланып ИСЖ базасына енгізілді. (Хат №237, 27.08.2021ж.)

8)Қоғамдық Кеңестің төрағасы А.Бектай аудан әкіміне айту үшін:

1.Тоқтыбаев – Автовокзал алаңы күрделі жөндеуден өткізілсе;

2.А.Бектай – ауданда біраз жылдар басшы болып жұмыс жасаған аудандық мекеме басшыларына ротация жасалса;

3.А.Бектай – аудандағы дайын нысандар облыстық бюджетке беріліп, жылыту маусымында немесе тағы бір жағдайда аудандық бюджетке қайтарылады.

4.Т.Капсаланов – Оқу жылында әр мектептердін алдында қолаңсыз жағдай болмас үшін, 15-20 метрге дейін алыстатып машиналар сыртқа қойылса, белгі (знак) қойылып, учаскелік инспекторлар тәртіпке келтірсе. 

9).Қоғамдық кеңес төрағасы А.Бектайғааудан әкіміне айту үшін:

– Ақмола су қоймасының құрылысын салу туралы;

-Ақкөл көліне жеткілікті су жинау үшін, Билікөл көлінен айналып өтетін Сұлтан каналына су реттеуші құрылғы салу жұмыстарын өз тарапынан бақылауға алып, шешу жолдарын қарастыру туралы аудан әкіміне ұсыныс жеткізу жүктелсін. Аудан әкіміне 15 қараша 2021ж. №145 хат жолданды.

1 комментарий

Добавить комментарий