2020 жылБАЙЗАҚ АУДАНЫЖер қатынастар басқармасыҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУМәдениет,құжаттама және архивтер басқармасы

мәдениет, әлеуметтік сала, ауыз су, тұрғын үй шаруашылығы, газбен қамтамасыз ету

Мәдениет
Бүгінгі таңда Байзақ ауданында 1 аудандық мәдениет үйі, 20 ауылдық клубтар, 1 аудандық орталық, 1 аудандық балалар, 23 ауылдық кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 2 «халықтық» атағы бар ұжымдар тұрғындарға мәдени қызмет көрсетеді.
«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 3 нысанға 19,6 млн. теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ: аудандық мәдениет үйі, аудандық орталық кітапхана, аудандық тарихи-өлкетану музейі. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 1,6 млн. теңгеге аудандық мәдениет үйінің алдындағы фонтанға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ал демеушілердің көмегімен 10 млн. теңгеге сол жақ аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ауданда облыс әкімінің бастамасына сай ауылдық кітапханаларды цифрландырылған ақпараттық орталық етіп жабдықтау жұмыстары жандана түсті. Өткен жылы ауылдық кітапханалардың базасынан 10 цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды. Бұл жұмыстарға бюджеттен 4,2 миллион теңге қаржы қарастырылды. Бүгінде аталған орталықтар тұрғындарға қызметтің 13 түрін ұсынып келеді. Ол дегеніміз ауыл тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ тисті қызмет түрлерін ала алады. Ақпараттық орталықтарда көрсетілетін қызметтерді басқару мақсатында «Байзақ» цифрландырылған ақпараттық орталығы ашылды.
Тұрғын үй шаруашылығы
Аудан әкімдігі өңір экономикасын дамытумен қатар аудан тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауды да негізгі міндеті санайды. Есепті кезеңде аудандық мәндегі 132 шақырым жолды жөндеуге 485,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржыға аудандық маңыздағы автомобиль жолының 20,3 шақырымы орта жөндеуден өтті. 5 көпір мен темір бетонды құбырларына да орта жөндеу жұмыстары жалғасуда. 5 елді мекен көшелерінің 3,6 шақырымына орта жөндеу жұмыстары, 8 аудандық мәндегі жолдарға ағымдағы жөндеу, 2 елді мекен көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Аудан аумағы арқылы өтіп жатқан 2 облыстық мәндегі автомобиль жолының 16,3 шақырым қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге осы жолдардың 10,2 шақырымы 1,8 млрд. теңгеге жұмыстар атқарылды. Қалған 6,1 шақырымы биылғы жылы аяқталатын болады.
2020 жылға облыстық мәндегі Сарыкемер-Үшбұлақ бағытындағы 5,2 шақырым автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына 120,0 млн. теңге қаралып отыр.
Аудандық мәндегі және ауыл іші жолдары мен жаяу жүргіншілер соқпақтарын орта және ағымды жөндеуге 183,7 млн. теңге қаралды.
Осы жұмыстардың нәтежиесінде аудандық мәндегі жолдардың 87 пайызы қанағаттанарлық деңгейге жеткізілді. Алдағы жоспарланған жұмыстармен 2020 жылы 93 пайызға жеткізілуі күтілуде.
Ауыз сумен қамту
Аудан бойынша 43 елді мекеннің 20 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. 2019 жылы Талас және Сарыкемер ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттерден 656 миллион теңге бөлініп, жұмыстар басталды және Көкбастау, Жаңатұрмыс, Бурыл ауылдарында су қабылдау имараттары мен су құбыры құрылысына және су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары дайындалып, қаржыландыру үшін тиісті бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Биыл Байзақ, Қостөбе, Көктал, Сеңкібай ауылдарына ауыз су желілерінің құрылыстары басталады. Оның ішінде Қостөбе және Сеңкібай ауылдарына ауыз су желілері биыл пайдалануға беріледі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 3,7 миллиард теңге бөлініп отыр.
Ауыз сумен қамту үлесін арттыру мақсатында үстіміздегі жылы Аққия, Сарыбарақ, Үлгілі, Базарбай және Қызыл жұлдыз ауылдарында су қабылдау имараттары мен ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттарды дайындау жоспарлануда.
Халық саны 200-ден кем елді мекендерге (Төрткөл, Қайнар, Жаңасаз, Төрегелді) блок-модулді орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау нысаны орнатылады.
Кезең-кезеңімен 2021-2024 жылдары аудандағы қалған барлық елді мекендер таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Газбен қамтамасыз ету
Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы 43 елді мекенінің 34-і табиғи газбен қамтылды. 2019 жылы елді мекендерді газдандыру жұмыстарына 1 миллиард 343 миллион теңге бөлініп, 11 елді мекенге орта қысымды газ құбыры тартылды. Қалған ауылдарды газдандыруды 2020-2022 жылдары кезең-кезеңімен жүргізу үшін жоғарғы тұрған бюджеттен қажетті қаржы 2,2 млрд. теңге қарастырылып отыр. Осы жұмыстар 2022 жылға аяқталса, ауданымызда елді мекендерді газдандыру мәселесі толықтай шешімін табатын болады.
2020 жылы облыстық бюджетен 164,3 млн. теңгеге қаралып, газдандырылған елді мекендерде аудандағы 7 әлеуметтік нысандарға (3 мектеп, 1 бала бақша және 3 мәдениет үйі) модульді қазандықтар орнатылатын болады.
Ауданымыздың 6 білім мекемелерін (3 мектеп, 2 бала бақша, 1 өнер мектебі) газға қосуға жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін жергілікті бюджет есебінен 30,8 млн. теңге қаралып отыр. Сонымен 2023 жылы әлеуметтік нысандарды толық газға қосу жоспарлануда.
Әлеуметтік сала
2019 жылы аудан әкімдігі Президент Жолдауында айрықша басымдық берген әлеуметтік қолдау тетіктерін жергілікті жерде лайықты үйлестіру шараларын да нәтижелі қолға алды. Сарыкемер ауылынан аз қамтылған көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге үш бөлмелі 1 пәтер және екі бөлмелі 1 пәтер сатып алынып, берілді. Бұл жұмыстарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпкерлер де демеушік танытып жатқанын атап өту қажет. Демеушілер есебінен көп балалы және аз қамтамасыз етілген 3 отбасы тұрғын үймен қамтылды.
Әлеуметтік қолдау жұмыспен қамту шараларын өз деңгейінде ұйымдастырудан да көрінеді. Есепті кезеңде Байзақ ауданы бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөнінде 3727 адам өтініш берген.Оның ішінен аудан мекемелерінде жаңадан ашылған және бос жұмыс орындарына 3184 адам орналасты.
Көп балалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға бюджеттен 2,6 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Осылайша 19300 мүшесі бар 3938 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді.
Тұрғын үй көмегіне бюджеттен бөлінген 1,8 млн. теңгеге 70 отбасының коммуналдық шығындары төленді.
«Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы аясында 451 адамға жергілікті бюджеттен 28 млн. теңге төленді.
Өткен жылы ауданда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруда оң нәтижеге қол жеткізілді. Атап айтқанда бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 40 адам техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету жобасы аясында 203 адам оқуға жолданды. Оқуын аяқтаған 181 адамның 124-і жұмыспен қамтылды. Және де осы бағдарламаның 2 – ші бағыты бойынша жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға азаматтарға 216,4 млн. теңге көлемінде 450 қайтарымсыз мемлекеттік гранттар бөлінді. Нәтежиесінде 29 жасқа дейінгі 335-і жастар мен аз қамтамасыз етілген және көп балалы 115 азаматтар өз кәсін ашу мүмкіндігіне ие болды.
Аталған бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деп аталатын екінші бағыты бойынша 292 адам несие алды. 141 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Нәтижесінде бағдарламаның басым бағыты бойынша 216,4 млн. теңге қаржы игерілді. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 307 адам, жастар практикасына 289 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 560 жолдама алды. Сондай-ақ 450 жаңа жұмыс орнын ашу жоспары артығымен орындалып, 1113 жұмыс орны құрылды. Аудан бойынша 2028 жұмыссыз тұрақты жұмыспен қамтылды. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар 36 адам. Жалпы ауданда 46 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту жоспарлынып, есепте кезеңде 83 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты. Келер жылыда осы бағытта ауқымды жұмыстар жалғасын табатын болады, – деп баяндаманы аяқтады.

Добавить комментарий