2020 жылАуыл шаруашылығы басқармасыБАЙЗАҚ АУДАНЫҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы
Өткен жылы аудандағы егіс алқаптарына дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16697 гектарға, майлы дақылдар 2820 гектарға, қант қызылшасы 1207 гектарға, картоп 680 гектарға, көкөніс 6555 гектарға, бақша 2326 гектарға және мал азығы дақылдары 23260 гектарға, барлығы 53545 гектар алқапқа орналастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 126,5 гектарға артық көрсеткіш саналады. Егін орағы нәтижесінде 13 836 гектар масақты дәнді дақылдар алқабынан 31957 тонна өнім алынды. Өнімділік көрсеткіші әр гектардан 23,1 центнерді құрайды.
Ауданында ауыл шаруашылығын барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар. Президент Жолдауында дамудың негізгі ресурсы ретінде басымдық берілген агросекторда есепті жыл ішінде нәтижелі жұмыс жүзеге асты. Оның ішінде игерілмей жатқан жерлерді пайдаға жарату жұмыстары жанданды. «Қазақстан Ғарыш сапары» акционерлік қоғамы аудан бойынша 139 шаруашылықтың 3706 гектар егістік жерлері игерілмей жатқаны анықтады. Жайылым жерлерді зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 3054,25 гектар жайылымдық жері бар 63 жер пайдаланушының малы жоқтығы анықтылып отыр. Игерусіз қалған суармалы және суарылмайтын егіс алқаптарын мақсатты пайдалану бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 20 шаруа қожалығы 326,61 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде жайылым 174,45 гектар, егістік 151,93 гектар жер учаскесі.
Жерлерді мақсатты пайдалануда суармалы егістік көлемін арттыру жұмыстарына да басымды берілуде. Ауданда 78 каналды жөндеу жұмыстары басталды. 2021 жылға дейін жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Осы жұмыстардың нәтежиесінде 28137 гектар суармалы алқаптар толығымен ағынды сумен қамтамасыз етіліп, суармалы дақылдарының өнімін екі есеге ұлғайтуға болады. Тек қызылша алқабының көлемі 4000 гектарға жетуі жоспарлауда.
2019 жылы аудандағы 31 шаруа қожалық жалпы құны 372 миллион 800 мың теңгені құрайтын 66 жаңа техника сатып алды. Әр аулыдық округта машина техникалық стансасын құру мақсатында «Жеті-төбе» ауыл шаруашылығы кооперативі лизинг арқылы 34,3 млн. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Осы Дихан ауылдық округындағы техника 300 гектарға дейін егін алқаптарын игеруге қуаты жетеді. 2020 жылы Қостөбе және Түймекент ауылдық округтерінде техника алу жоспарлануда.
Өңірде жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша жалпы көлемі 5,2 гектарды құрайтын 5 жылыжайлар шаруашылығы бар. Сондай-ақ, жалпы көлемі 0,95 гектарды құрайтын 9 отбасылық жылыжай жұмыс істейді.
Соңғы жылдары аудандағы ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологиясы кеңінен қолданылуда. Өткен жылы тамшылатып суғару әдісі 1346 гектар аумаққа енгізілді.
Егін шаруашылығы мен бірге ауданда соңғы жылдары мал шаруашылығының да даму қарқыны жоғары. 2018 жылдың 11 айымен салыстырғанда 2019 жылы мүйізді ірі қараның саны 2908 басқа, қой мен ешкінің саны 22009 басқа, жылқының саны 2065 басқа, түйенің саны 28 басқа, шошқаның саны 118 басқа және құстардың саны 80397 басқа өскен.
Есепті кезеңде аудан бойынша 13 604 тонна ет және 42 782 тонна сүт және 12 миллион 491 мың дана жұмыртқа өндірілді. Қазіргі таңда ауданда 9 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс жасайды.
Мал шаруашылығы өнімділігін арттыру мақсатында әр елді мекендердегі қоғамдық падаларға асыл тұқымды бұқалар қосу және қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жандандыруымыз қажет.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» аясында аудандағы Қостөбе, Түймекент ауылдық округтері пилоттық ауыл ретінде таңдалып алынды. Қостөбе ауылында аталған жобаға тұрғындардың 98 пайызы, ал Түймекент ауылында 95 пайызы қатысуға ниет білдіріп отыр.Алдын ала есеп бойынша осы 2 ауылдық округ тұрғындарына 2,5 пайыздық мөлшермен 1,5 млрд теңге көлемінде несие беру жоспарлануда. Бүгінгі күні 300 млн. теңге көлемінде несие беріліп, мал сатып алынуда.

Добавить комментарий