2020 жылБАСШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІЖАҢАЛЫҚТАРҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРҚОҒАМДЫҚ САРАПТАМАҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРТАЛАС АУДАНЫ

2020 жылдың алты айында атқарылған жұмыстар

          Талас аудандық Қоғамдық кеңесі  2020 жылдың  жоспарына сәйкес  6 айдың ішінде  7-і  іс-шара өткізілді. Атап айтқанда:

– Аудан әкімі Б.Қазанбасовтың “2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары және 2020 жылы алда тұрған міндеттер туралы”, мәслихат хатшысы А. Тулебаевтың, Қоғамдық кеңес төрағасы А. Бектайдың жыл ішінде атқарған жұмыс есептері тындалып, қоғамдық кеңестің 2020 жылға жұмыс жоспары бекітілді;

– Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша атқарылған жұмыстары (сәулет, қала құрылысы және құрылыс пен білім бөлімдері) және аудандық қаржы бөлімінің 2019 жылы бөлінген қаражаттың игерілуі;

– Екі мәселелер 2019 жылы қаралып, орындалғаның мекеме басшылары баяндады.  Ол, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен “Таза Талас” мекемесінің жұмысы.

Отырыстардың нәтижесінде екі ұсыныс берілді, ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жұмысын алдағы отырыстарда қайталап қаралуы және “Таза Талас” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына  2019 – 2020 жылдары бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді, мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізіліп, анықтамасы дайындалып, қорытындысы Қоғамдық кеңестің келесі отырысына ұсынылуы.

“Қоғамдық кеңестер туралы” Заңының 7 және 21 баптарын басшылыққа алып, халықты хабардар ету үшін өткен отырыстар жайлы және қабылданған шешімдер, отырыс өтетін туралы хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарына 12 мәлімет жіберілді   оның ішінде «Талас тынысы» газетіне – 8  және qkenes.kz@gmail.com ресми сайтына  – 4.

Жыл басынан 15 нормативтік құқықтық актілердің жобалары (қаулы, шешім жобалары) қаралып ұсынымдар берілді.

Жыл басынан 3 арыз-шағым, өтініштер түсті, оның ішінде бір топ такси жүргізушілердің мәселесі оң шешімін тапты, ал қалған екі өтініш (пәтер алу кезегі жайлы және жайылым жерлерді қайтару бойынша) мемлекеттік органдарға жіберіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті жерлерде туындаған проблемалық мәселелерді талқылау үшін  қала, ауыл тұрғындарымен 65 кездесулер өткізіліп, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Талас ауданындағы құрылыс нысандарының сапасын бақылау үшін Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге қоғамдық бақылау тобы құрылып, жұмыс жасауда.

Жыл басынан 45 кіріс, 71 шығыс құжаттар реттелді.

Кеңес хатшысы М.Қарғабаева

Добавить комментарий