2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРҚаржы басқармасыНҚАӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАРШУ АУДАНЫ

«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 57-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

            Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9, 109 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес  және «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 41-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облыстық  мәслихатының 2020 жылғы   20 шілдедегі      № шешімі негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № –  болып тіркелген) аудандық мәслихат

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 57-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4476 болып тіркелген, 2019 жылы 31 желтоқсанда электрондық түрде Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

   1 тармақта:

           1) тармақшада:

           «23879903,1» сандары «23929903,1» сандарымен ауыстырылсын;

           2) тармақшада:

           «27603129,1» сандары «27653129,1» сандарымен ауыстырылсын;

                   Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

           2..Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, байланысты, энергетиканы, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларына қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий