2020 жылЖАҢАЛЫҚТАРҚаржы басқармасыМЕРКІ АУДАНЫНҚАӨҢІРЛІК ЖАҢАЛЫҚТАР

«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №61-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

              Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы  4  желтоқсандағы  Бюджет Кодексінің 109 бабы,  «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және  өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының             2001 жылғы 23  қаңтардағы  Заңының 6 бабы негізінде аудандық  мәслихат                            ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

           1.«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет  туралы» Меркі аудандық мәслихатының  2019 жылғы 23 желтоқсандағы №61-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4469 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2019 жылдың 30 желтоқсанында жарияланған)  келесі өзгерістер  енгізілсін:

             1 тармақта:

          1) тармақшада:

«18112095» сандары  «18132095» сандарымен ауыстырылсын;

          2) тармақшада:

«21086898» сандары  «21106898» сандарымен ауыстырылсын;

         Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің   қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда  мазмұндалсын.

        2. Осы шешімнің орындалуына бақылау алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың  әлеуметтік – экономикалық, қаржы, бюджет пен салық және жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан  қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Аудандық  мәслихат                                                          Аудандық  мәслихат

сессиясының төрағасы                                                                                      хатшысы

__________  Р.Нуралбеков                                                                  ___________ І.Ахметжанов 

Добавить комментарий