ЖОБА
Алтыншы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Тараз қаласы ______ 2020 жылғы ___ наурыз
«2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз
қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №54-3 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №54-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4480 болып тіркелген, электрондық түрде 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы «65643817» сандары «72365555» сандарымен ауыстырылсын;
«49494254» сандары «56215992» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «61471053» сандары «70216093» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «3956562» сандары «1933260» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «-3956562» сандары «-1933260» сандарымен ауыстырылсын;
«0» саны «2023302» сандарымен ауыстырылсын.
Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды қалалық мәслихаттың бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық мәслихат Тараз қалалық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
_____________________ _____________________