2019 ЖЫЛЖАҢАЛЫҚТАРНҚАТАРАЗ ҚАЛАСЫ

«2019-2021 жылдарға арналған  қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №40-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің  109 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №40-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4065 болып тіркелген, электрондық түрде 2019 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақта:

1) тармақшадағы «65758707»  сандары «67903894»  сандарымен ауыстырылсын;

«9515351»  сандары «9630774»  сандарымен ауыстырылсын;

«49600746»  сандары «51630510»  сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «67705870»  сандары «69851057»  сандарымен ауыстырылсын;

Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды қалалық мәслихаттың бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

 

 

Тараз қалалық мәслихат                                                      Тараз қалалық

 сессиясының төрағасы                                             мәслихатының хатшысы

 _____________________                                               _____________________

        Е. Мырзағали                                                                     Б. Кулекеев

 

Добавить комментарий