Басты ақпаратҚаржы басқармасыТАЛАС АУДАНЫ

«2018-2020 жылдарға арналған қала және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Талас аудандық маслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №28-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет  Кодексінің 109-1 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және               «2018-2020 жылдарға арналған аудандық  бюджет туралы» Талас ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №27-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Талас аудандық мәслихатының 2018 жылдың __  қарашадағы №___ шешімі негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2018-2020 жылдарға арналған қала және ауылдық округ бюджеттері туралы» Талас ауданы мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №28-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3639 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақта:

1) тармақшада:

«415 424» сандары «418 924» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшада:

«415 424» сандары «418 924» сандарымен ауыстырылсын.

Аталған шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 қосымшаларына өзгерістер енгізілсін.

  1. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді 2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий