2017 жылБАЙЗАҚ АУДАНЫҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР

«2017 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы»

1. Қаржы бөлімінің басшысы Жүзбаев Қанай Әлібекұлының 2017 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі назарға алынсын;
2. Мемлекеттік кірістер басқармасы жергілікті бюджетті жоспарлау, нақтылау барысында түсімдер көлемін жыл басындағы салық берешегін қоса толық анықтау және салық кодексіне сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша салық төлеушілер санын, салық салу обьектілерін толық және дұрыс анықтап, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын нақтылап есептеу ұсынылсын;
3. Бюджетті жоспарлау және орындау барсында бюджет қаражатын басқарудың тиімділік, негізділік және нәтижелік прициптеріне қайшы келетін кемшіліктерді болдырмау және алдын-алу бойынша жұмыстар атқару. Ауданның бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне барлық салалар бойынша шығыстар мен түсімдер көлемін жоспарлау барысында оны талдап, қаржыландыру жоспарының нақты есептермен негізделіп жасалуын қамтамасыз ету ұсынылсын:
4. «Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджет есебінен кәсіби мамандықты оқыған жұмыссыз азаматтарды бірінші кезекте жұмысқа орналастыру шаралары ұсынылсын:
5. Аудан әкімдігінің Білім бөліміне, мектеп жұмысын жүргізуге қаралатын қаражатты жоспарлауға және пайдалануға мектеп директорларының басшылық жасау мүмкіндігін қалыптастыру ұсынылсын;
6. Аудан әкімдігінің бюджетті жоспарлау комиссиясына мектеп жұмысын жүргізуге қажетті шаруашылық шығындарына жеткілікті қаражат бөлуге ықпал жасау ұсынылсын:
7. Аудан әкімдігінің білім бөліміне «Жамбыл- Жылу» мекемесі қызмет көрсететін мектептердің қазандықтарын жылу есептегішімен қамтамасыз ету ұсынылсын:
8. Төртінші деңгейдегі бюджеттің кіріс көлемін арттыру мақсатында, аудан көлемінде қолма-қол ақша алу арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлердің төлемдері кассалық аппарат арқылы толық көрсетуіне ықпал жасау үшін құзырлы органдарға, әртүрлі формада «Акциялар» ұйымдастырып, тұтынушылардың чек алуға белсенділігін арттыруға ықпал жасау ұсынылсын;

Хаттамасы
Байзақ ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ №2

Сарыкемер ауылы 2018 жылы 16 мамыр
Шақырылғандар: бөлім басшылары, мектеп директорлары, ауылдық округ әкімдері
Төрағалық етуші: Құмғанбаев Ж.
Күн тәртібі: Байзақ ауданы әкімдігінің Қаржы бөлімінің басшысы Жүзбаев Қанай Әлібекұлының «Байзақ ауданының 2017 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» есебі.

Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж. Құмғанбаев ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша, баяндама жасау үшін сөзді Байзақ аудан әкімдігінің Қаржы бөлімінің басшысы Жүзбаев Қанай Әлібекұлына берді.
Ол 2017 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Қаржы бөлімінің басшысы өз сөзінде:
Құрметті Жұманғали Серікбайұлы!
Құрметті отырысқа қатысушылар!
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығына сәйкес, аудан бюджетінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша атқарылуы қамтамасыз етілді.
Аудан бюджетінің 2017 жылғы атқарылуы бойынша баяндауға рұқсат етіңіздер.
2017 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджет түсімдері мен жоғарғы тұрған бюджеттен алынған ресми трансферттер бойынша есепті мерзімге жоспары 10398,5 млн теңге болса, нақты түскен сомасы 10415,4 млн теңгені құрады. Орындалуы 100,2 %-ға қамтамасыз етілді.
Аудан бюджетінің өзіндік кірістері жоспары 1384,7 млн теңге болса, нақты түскені 1401, 5 млн теңгені құрады. Орындалуы 101,2% қамтамасыз етілді немесе жоспардан артық 16,8 млн теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 2017 жылы 441,2 млн теңге артық түсті.
2017 жылға аудандық бюджет шығыс жоспары 10 529,7 млн теңге болса, игерілгені 10 528,9 млн теңге, атқарылуы 100 % , игерілмеген қаржы көлемі 0,7 млн теңге.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бойынша 425,7 мың теңге қаржы игерілмей қалды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қаржы желтоқсан айында берілді, жұмысқа жолданатын адамның жұмыссыз статусы 10 жұмыс күннен кейін алынатына байланысты қаржы игерілмеді.
Аудандық білім бөлімі бойынша 224,5 мың теңге қаржы игерілмеді, себебі, үш тілдік курстан өткен мұғалімдерге төленетін қаржыдан сертификат алған мамандар болмады.
Байзақ ауылындағы 300 оқушыға арналған мектеп құрылысына Қазақстан Респуликасының Ұлттық қоры есебінен 535,9 млн теңге бөлініп, нақты игерілгені 535,9 млн теңге немесе атқарылуы 100 %-ды құрады.
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
Аудандық бюджеттің шығындары 13 функционалдық топ бойынша жүзеге асырылған.
Оның ішінде:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметке жұмсалған қаржы жоспары 673,0 млн теңге болса, атқарылғаны 673 млн теңге игерілді 100 .
Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар бағдарламасына 2169,0 мың теңге толығымен игерілді. Енді мекемелерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасына бөлінген 108760,0 мың теңге толығымен игерілді.
Білім беру фунционалдық тобына 2017 жылы жалпы аудан бюджетінің 74  немесе 7 795,2 млн теңге қаржысы жұмсалды. Оның ішінде:
Жалпыға білім беру бағдарламасы бойынша 5385,6 млн теңге игерілді.
Мектепке дейін тәрбие мен оқыту бағдарламасына 1052,5 млн теңге игерілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласына жоспарда қаралғаны 666,6 млн теңге, жұмсалған қаржы көлемі 666,2 млн теңге
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен бөлінген 3548 мың теңгенің 3548 теңгесі немесе 100 пайызға игерілді.
Өрлеу жобасына сәйкес шартты ақшалай көмекке республикалық бюджеттен бөлінгені 29417,0 мың теңге, орындалуы 29417,0 мың теңге немесе 100 пайызға игерілді.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 237,7 млн теңге қаралып, 237,3 млн теңге қаржысы игерілді.
Мәдениет, спорт, туризим және ақпараттық кеңістік фунционалдық тобына жұмсалған қаржы көлемі 352,6 млн теңге және ол мынадай мақсаттарға жұмсалды:
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасына есепті кезеңге бюджеттен 147,7 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Аудандық кітапханалардың қызметіне 62,6 млн теңге бөлініп толығымен игерілді.
Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу бағдарлама бойынша жоспардағы 21,6 млн теңге қаржы толық игерілді.
«Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы» бойынша облыстық бюджеттен 138,0 млн теңге қарастырылып, Гагарин орта мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылығына жұмсалған қаржы 189,0 млн теңгені құрады.
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне 35,0 млн теңге жұмсалды.
Көлік және коммуникацияға жұмсалған қаржы 318,5 млн теңге.
Басқалар функционалдық тобына 88,2 млн теңге жұмсалды, – деп баяндаманы аяқтады.
Келесі кезекте, Қоғамдық кеңестің «Бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссиясының» төрайымы, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының орынбасары Байтақова Шолпан Қайратқызына сөз берілді. Ол өз сөзінде:
Құрметті Рахматілдә Сегізбайұлы!
Құрметті отырысқа қатысушылар!
Аудан бюджетінің атқарылуы туралы 2017 жылғы бюджет есебінің кірістері бойынша жоспар -10398595мың болса, нақты орындалғаны 10 415403 мың теңге, шығыстар бойынша жоспар 10529680 мың теңге болса, нақты орындалғаны 10528934 мың теңге көлемінде орындалған, яғни өткен жылғы бюджеттің көлемімен салыстырғанда- 774934 мың теңгеге артық орындалған.
Аудан бюджетінің атқарылуын зерделей келе, бюджеттің қомақты көлемін пайдаланылатын бағдарлама әкімшілерінің ішінен аудандық білім бөлімі және халықты жұмыспен қамту орталығының бюджетінің атқарылуына сараптама жүргізу барысында, төмендегі жағдайлар анықталды:
Аудан көлемінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» 2017 жылға бөлінген 238,0 млн теңге толығымен игерілген.
Жұмыспен қамтудың кешенді жоспарына сәйкес 2518 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, ал нақты 3258 адам жұмыспен қамтылған. Осы бағдарламаның бірінші бағытына сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша 551 адам оқыған, оның 159-ы жұмысқа орналасты, қалған 392 адам жұмысқа орналаспаған, яғни осыншама адамға жұмыссыздар қатары азаймағаны белгілі.
Білім бөлімі бойынша: 2017 жылы қаралған бюджет- 7795417 мың тенге, нақты орындалғаны 7795195 мың теңге, яғни аудан бюджетінің 74%-ын құрайды.
Жыл ішінде білім бөлімінің бюджеті 6 рет нақтыланған, осыған байланысты қосымша 148236,0 мың теңге қаражат берілген. Оның ішінде еңбек ақы төлеуге 83946 мың теңге, коммуналдық шығынға 21590,0 мың теңге, әр түрлі шығындармен қызметтерге 43300,0 мың теңге қаражат берілген.
Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша жұмсалатын қаражат 2016 жылы 1 қазанға жасалған тарификация бойынша 2017 жылдың еңбек ақыға бюджет көлемі 4067286,0 мың теңгеге есептелген.
2017 жылға бекітілген жоспар 4042183,0 мың теңге болған, тарификацияда есептелген есеппен салыстырғанда 25103,0 мың теңгеге кем жоспарланған, жыл қорытындысы бойынша еңбек ақы қорынан 4081541,0 мың теңгеге қаржы жұмсалған, яғни бекітілген бюджеттен 39358,0 мың теңгеге қаржы артық игерілген, себебі 2017 жылдың қыркүйек айында сынып топтамалар саны 67 бірлікке, бала саны 833-ке өскен.
Білім бөлімінің сұранысы бойынша облыстық бюджеттен жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курстарына кеткен мұғалімдерді алмастырғаны үшін еңбек ақы төлеуге 50346,0 мың теңге, коммуналдық шығынға 21590 мың теңге қаражат берілген.
Еңбек ақы төлеуден үнемделген қаражатты мектептің коммуналдық шығындарына және әр түрлі қызметтер мен жұмыстарға жұмсаған.
2017 жылы бекітілген бюджет коммуналдық шығынға 97516 мың теңге, кассалық шығын 129106 мың теңге, әр түрлі жұмыстармен қызметтерге бекітілген бюджет 127403 мың теңге, кассалық шығын 191793 мың теңге.
Коммуналдық шығынға бекітілген бюджеттен қаражаттың артық төленуі білім бөлімінің мамандарының түсіндіруі бойынша 4 мектептің жылыту қазандықтарының «Жамбыл-жылу» мекемесіне берілумен және екі мектептің жылу қазандығы көгілдір отынға қосылуынан деп түсіндіреді.
Бұл жағдай бойынша сараптама жасағанымызда 2017-2018 жылы жылыту маусымына Ақшабаев атындағы мектепті жылытуға «Жамбыл-жылу» мекемесіне жұмсалған қаражат 26075,0 мың теңгені құрайды, мектептің өзі жаққан кездегі, яғни 2016-2017 жылы жылыту маусымына жұмсалған қаражат 5977,0 мың теңгені құраған.
Осы сияқты басқа мектептерді де салыстырмалы түрде сараптама жасайтын болсақ, 2017 жылы қаңтар-желтоқсан айларына жылуды өз күшімен жүргізетін Абланов атындағы мектепке жұмсалған қаражат- 6 212,0 мың теңгені құраған. Ал көлемі шамалас, «Жамбыл-жылу» мекемесі жылуды жүргізген
Г. Мұратбаев атындағы мектепке 15850,0 мың теңге қаражат жұмсалған.
Сол сияқты «Жамбыл-жылу» мекемесі қызмет көрсететін Түймекент орта мектебінің жылуға төлеген шығыны 18292 мың теңге, Үлгілі орта мектебі «Жамбыл-жылу» мекемесіне 7863 мың теңге төлеген. Осы мектептердегі қазандықтарға жылуды өлшейтін есептегіш қойылмаған.
Білім бөлімінде 45 мектептің күнделікті тұрмыстық жағдайына қажетті шаруашылық тауарларға 2016 жылы 2637 мың теңге, ал 2017 жылы 4 430,0 мың теңге қаражат жұмсалған. Ағымдағы жөндеуге, құрылыс материалдарына жұмсалған қаражат 7378,0 мың теңгені құраған.
2017 жылы шаруашылық шығынға өткен жылмен салыстырғанда 1793 мың теңге қаржы артық жұмсалғанына қарамастан, орташа шаруашылық шығынға бір мектепке 98400 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Бұл қаржы мектеп қажеттілігін қанағаттандырмайды.
Бұдан белгілі болғаны, мектептердің бюджетін жоспарлау кезінде мектептерде есеп қызметкерлері болмағандықтан, мектеп директорларының өтінімдерін ескермей, бюджетті жоспарлауды орталықтандырылған бухгалтерия жүргізетін болғандықтан, мектеп бюджетін қажеттілігіне қарай жоспарлау жолға қойылмаған.
Аудандық білім бөліміне қарасты мектептер мемлекеттік мекеме ретінде бекітілген Жарғысының 1.12 тармақшасына сәйкес «Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшаға жауап береді, Жарғының 12.10 тармақшасына сәйкес «Мекеменің директоры қаржының басқарушысы болып табылады»-деп көрсетілген.
Осыған байланысты, мектеп директоры -жыл сайын мектепке бөлінген бюджеттік қаражаттың көлемін білуге, мектепке қажетті бюджет қаражатына өтінім беруге, бөлінген қаражаттың толық, тиімді жұмсалуына, басшылық жасауға құқығы бар.
Ал, аудандық білім бөлімінде, мектеп директорына мұндай мүмкіндік жасалмаған. Яғни, бюджеттің атқарылуында ашықтық жоқ.
Осы пікірді нақтылау мақсатында мектеп директорларына сауалнама жүргізілді.
Сауалнамаға 37 мектеп директорларының 31-і қатысты. Сауалнаманың сұрақтарына төмендегідей жауаптар алынды.
1. Мектеп бюджетін жоспарлауға қатысасыз ба?- деген сұраққа 100 % «жоқ» деген жауап берді.
2. Сіздің тарапыңыздан бюджет өтінімі ұсыныла ма?- деген сұраққа 90 % «жоқ» деген жауап берді.
3. Бюджетті қалыптастыру кезінде сіздің пікіріңіз ескеріледі ме?- деген сұраққа 100 %«жоқ» деген жауап берді.
4. Мектеп бюджетін немесе шығыстар жоспарын сіз бекітесіз бе?- деген сұраққа 100 % «жоқ» деген жауап берді.
5. Бөлінген қаржы мектеп қажеттілігін толық өтеуге жеткілікті ме ?- деген сұраққа 97 % «жоқ» деп, 3 %-ы –«ия» деп жауап берді.
6. Негізінен, қандай шығындарға қаржы жетіспейді ?- деген сауалға кеңсе, шаруашылық тауарларға және ағымдағы жөндеу құрылыс жұмыстарына 100 %-ы жетпейді деп жауап берді.
7. Мектепке бөлінген қаражат жетпеген жағдайда жоғарыдағы шығындарды қандай жолмен шешесіз?- деген сұраққа 10 %-ы ата-аналар көмегімен, 42 %-ы мектеп ұжымының деп, ал, 48 %-ы демеушілердің көмегімен деп жауап берді.
8. Мекеменің Жарғысында мекеме қаражатын басқару мекеме басшысына жүктелген. Осы міндетіңізді толық атқарып отырсыз ба?- деген сұраққа, «толық атқарып отырмын» деген 6 %, «толық емес» деп 71%, ал, 23%-ы «мектептің қаражаты белгілі болмағандықтан, қалай оны басқарамыз» деген сұраққа жауап берді.
Жоғарыда көрсетілген сауалнаманың қорытындысы бойынша анықталғаны.
– Білім бөлімінде мектептердің бюджетін шығыс сметасын жоспарлау кезінде мектеп директорының сұранысы ескерілмейді.
– Олардың пікірлері тыңдалмайды, бөлінген қаражат жөнінде мәлімет алмайды.
– Мектептің шығыс сметасын заңды тұлғаның басшысы ретінде бекітпейді. Себебі, әрбір мектепке смета жасалмаған.
– Бюджеттің ашықтығы, оның атқарылуы бойынша жариялығы білім бөлімі бойынша жүргізілгенімен, мектептер бойынша жеке жүргізілмейді.
Сауалнамада көрсетілгендей, мектептің күнделікті қажетті шаруашылық тауарларына және мектептің тазалығын қамтамасыз етуге арналған тауарлардың жетіспеуінен, ата-аналардың көмегіне жүгінетіні белгілі болып отыр.
Бұл, мектеп басшыларын сыбайлас жемқорлықтың тәуекел көріністеріне жол беруге итермелейді.
Аудан бюджеті 2017 жылы кірістер бойынша 100, 2 % -ға орындалды. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша орындалуы 102, 7 %, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспардың орындалуы 94,3 % -ды құрап отыр, бұл жерде нақтыланған жоспар 25 млн теңге болса, нақты орындалғаны – 23583 мың теңге.
Бұл салықтың орындалмау себебі, бақылаудың болмауынан кейбір кәсіпкерлер табысын жасырып, салықты толық төлемейді. Аудан аумағында қызмет жасап жатқан сауда ошақтары, қолма-қол ақшаға қызмет көрсететін сауда орындарында кассалық аппараттарын жұмысқа қоспай, табыстарын толық көрсетпей табыс салығын толық төлемеу фактілері кездеседі.
Осыны жолға қою үшін құзырлы органдар белсенділік көрсету қажет деп санаймын.
Жоғарыда көрсетілген деректерге сүйене отырып, Қоғамдық кеңеске назарға алуын ұсынамын.
1. «Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджет есебінен кәсіби мамандықты оқыған жұмыссыз азаматтарды бірінші кезекте жұмысқа орналастыру жұмысы қолға алынсын;
2. Аудандық білім бөліміне 2018 жылдың бюджеті бойынша әрбір мектепке шығыс сметалары жасалып, мектеп директорларына бекіткізіп, тиімді жұмсалуына басшылық жасауға мүмкіндік беру керек. Өз кезегінде мектеп директоры Қамқоршылық кеңес алдында мектеп бюджетінің атқарылуы туралы есеп беруді үрдіске айналдыру керек.
3. Қазандықтарын газбен жылытатын мектептердің жылыту жұмыстарын ұйымдастыру «Жамбыл-жылу» мекемесіне берілгеннен кейін, қаражатты тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу үшін, қазандықтарға жылу есептегіштерін орнатып, осы арқылы үнемдеген қаражатты мектептердің шаруашылық шығындарына және ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалуын қарастыру
4. Төртінші деңгейдегі бюджеттің кіріс көлемін арттыру мақсатында, аудан көлемінде қолма-қол ақша алу арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлердің төлемдері кассалық аппарат арқылы толық көрсетуіне ықпал жасау үшін жұмысшы тобын құрып, бақылауды күшейту қажет, -деп баяндаманы аяқтады.
Келесі сөз кезегін, аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының орынбасары Абдурасулов Шары Нұрасылұлына берілді. Ол, өз салалары бойынша өткен жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша баяндады. Ол өз сөзінде:
Құрметті Қоғамдық кеңес төрағасы Жұманғали Серікбайұлы!
Құрметті Қоғамдық кеңес отырысына қатысушылар!
Ауданның білім саласын күтіп ұстауға 2017 жылға 7795417 мың теңге қарастырылды. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.
Бөлінген қаражат төмендегі мақсаттарға жұмсалды. Атап айтатын болсақ:
Мектептердің коммуналдық қызметтеріне ақы төлеуге жыл басына 97516 мың теңге бекітілген. Ағымдағы жөндеуге жыл ішінде белгілі себептермен бюджетті нақтылау барысында, облыстық бюджеттен 21590 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10,0 теңге қосымша қарастырылып, нақты шығын 129106 мың теңгені құрады.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында 2018 жылы жергілікті бюджеттен «Жамбыл-Жылу» мекемесі арқылы жылытатын 4 мектепке 4 дана тепломер сатып алуға 1 677 мың теңге қарастырылды.
2017 жылы 45 мектептің күнделікті тұрмыс жаңдайына қажетті кеңсе және шаруашылық тауарларды сатып алуға 4430 мың теңге жұмсалса, мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін құрылыс материалдарын сатып алуға 1759,7 мың теңге жұмсалды. Бұл шығындар 2017 жылы 149 ерекшелік бойынша 21489,7 мың теңге жұмсалса, 2016 жылы 5131,8 мың теңге жұмсалған. Яғни 2017 жылы 149 ерекшелік бойынша қаражат көлемі 16357,9 мың теңгеге немесе 2,58 есе көбейген.
Қазақстан Республикасының 2008 жылы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 65-1, 66, 67 баптарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Бюджеттік бағдарламар әкімшілері шығыстардың лимиттиерін жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларына» сәйкес бюджеттік өтінім алдыңғы жылғы шығыстардан шамамен 1,07 коэффициентіне немесе 0,7 пайызға көбейді.
Мектептерде есеп қызметі болмағанымен, бюджетті жоспарлау кезінде мектеп директорларының сұраныстары міндетті түрде ескеріледі. Оған дәлел ретінде, мектептің жылу қазандығын ағымдағы жөндеуден өткізу, өртке қарсы іс-шараларды орындау, бейнебақылау орнату, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету тағы басқа мектеп директорлардың ұсынысымен жүзеге асырылған болатын.
Сіздің анықтамада көрсетілген мектептің бекітілген жарғысының 1.12 және 12.10 тармақшалары бойынша «Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшаға жауап береді» және «Мекеменің директоры қаржының басқарушысы болып табылады» деп көрсетілген.
Осы мәселеге қатысты мектептердің жеке есеп шоты, есепші қызметкері болмағандықтан бөлінген қаржыға бюджет әкімшісі, яғни білім бөлімінің басшысы жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді және білім бөлімі тікелей жауапты, Сол себепті, мектеп басшылары бөлінген қаражатқа толық, тиімді жұмсалуына басшылық ете алмайды.
Мектептің жеке қаржыландыру жоспарына келетін болсақ, мекеменің жеке есеп шоты бар болса ғана қол қойылып, Қазаншылық пен қаржы бөліміне тапсырылады. Ал, мектептердің жеке есеп шоты болмағандықтан мектеп басшылары жеке қаржыландыру жоспарына қол қоймайды.
Әр мектеп бекітілеген жеке жоспарын және бөлінген қаржысын бақылау үшін, мектептерге жеке есеп шот ашып, есепші қызметін берген жағдайда ғана мүмкін болады, – деп баяндаманы аяқтады.
Төраға: Баяндама аяқталды, баяндамашыға сұрақтар қойыңыздар,- деген кезде.
Сұрақ қойған: Қоғамдық кеңестің мүшесі Д. Жақыпбеков:
– Бүгінгі күні мектептердің бекітілген Жарғысының талаптарын
орындамай отырғандарыңыз қалай?- деген сұраққа, Ш. Абдрасуловтың берген жауабы:
– Жарғы ескі талаптармен дайындалған, келешекте оны өзгертеміз , – деп
жауап берді.
Келесі, сұрақты Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж. Құмғанбаев қойды:
– Шары Нұрасылұлы, «Жамбыл-Жылу» мекемесі қызмет көрсететін
қазандықтардың қызмет төлемін қандай көрсеткіш үшін ақы төлейсіздер,- деген сұраққа жауап бере алмады. Осы сұраққа Қоғамдық кеңестің төрағасы қысқаша түсініктеме жасады:
– Мектептің қазандығының қызмет ақысы, қазандықтың шығарған
жылуына Г. Колория өлшемі бойынша төленеді. Екіншіден, Шолпан Қайратқызының анықтамада келтірген көрсеткіштері білім бөлімінің берген есеп мәліметтеріне байланысты дайындалған. Үшіншіден, мектеп директорларынан алған сауалнама ғылыми мақала дайындау үшін алған сауалнама емес, ол күнделікті мектеп өміріндегі қажеттіліктерді анықтау үшін комиссияның ұйғарымен жасалған сауалнама. Сондықтан анықтамада көрсетілген деректерге теріс пікір айту негізсіз.
Келесі сөз, Қоғамдық кеңестің мүшесі, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Сқақов Арғынбай Әлкенұлына берілді. Ол өз салалары бойынша 2017 жылда атқарылған бюджет туралы мәлімет берді. Ол өз сөзінде:
2017 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету аясында 159 адам жұмысқа тартылды, немесе 29,7 пайызды құрады. Біз кәсіби мамандықта оқыған әрбір азаматтарға жұмыс беруге міндетті емеспіз. Олар қайда жұмыс істеседе, өздері біледі. Заңда көрсетілген. Жұмыспен қамту орталығы ешқандай жұмыс жасап жатқан жоқ деп, ыңғай көрсетіп жатыр. Жастарды жұмыспен қамтуға тек қана біз емес, барлығымыз ат салысуымыз керек,- деп баяндаманы аятады.
Төраға баяндамашыға қосымша сұрақ қойды:
– Арғынбай Әлкенұлы, «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы
бойынша кәсіптік қосымша білім алып, жұмысқа орналаса алмаған 392 азамат, ауданның жұмыссыздар есебіне кіреді ме, әлде кірмейді ме?- деген сұраққа, жұмыссыздар санына кіреді деп, – баяндамашы жауап берді.
Төраға осы мәселе бойынша қысқаша түснік берді:
– Бұл бағдарламаның негізгі бағыты жұмыссыз азаматтарды «Нәтижелі
жұмыспен қамту» болғандықтан, негізгі мақсат – қосымша кәсіби білім алған азаматтарды жұмысқа орналасуға ықпал жасауымыз керек. Немесе ережеге сәйкес оқуға жіберер алдында ауданның еңбек нарығындағы сұранысты зерделеп, қажетті мамандықтарға ғана оқытуымыз керек. Қазіргі жағдайда бюджет қаражатын тиімсіз жұмсалды деп есептеуге болады, – деп жауап берді.
Келесі сөзді, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы
Бибосынов Төлеген Асқанбекұлына берілді. Ол өз салалары бойынша 2017 жылда атқарылған бюджет туралы мәлімет берді. Ол өз сөзінде:
2017 жылы біршама жетістіктерге жеттік деп есептейміз. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 4 ауылға сметалары толық жасалынды және толығымен қаржы бөлінді. Осы ауылдарда су құбыры тамыз айларында іске қосылады деп есептелуде. Ақшолақ мектебіндегі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Газбен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Қостөбе ауылындағы Қөстөбе орта мектебіне жанама спортзал, мәжіліс залы, асхана, оқу бөлмелері жобаларына қаржы бөлінді. Қостөбе, Сарыкемер, Байзақ, Талас, Көктал, Сеңкібай ауылындағы жұмыстардың құжаттары толығымен аяқталды.
Аудан бойынша 2017 жылы пайдалануға қабылданатын тұрғын үйлер тұрғындардың өздерінің қаржыларына тұрғызылуы жоспарланған. Байзақ ауданы бойынша мемлекет қаржы есебінен тұрғын үй құрылысы салынып жатқан жоқ.
2017 жылы жалпы ауданы 24749,0 шаршы метр, тұрғын ауданы 17055,0 шаршы метр, сметалық құны -685 781,0 мың теңге болатын -2710 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2016 жылмен салыстырғанда 100,3 пайыз артық орындалды,- деп баяндады.
Жиынды қорынтындылай келе, аудан басшысы Рахматілдә Сегізбайұлы өз ойымен бөлісті. Ол, өз сөзінде:
Құрметті отырысқа қатысушылар! Қоғамдық кеңестің мақсаты – аудандағы өзекті мәселелерді талқылау, бүкіл қоғам болып оны халыққа жеткізу. Қоғамдық кеңес жаңадан құрылып жатыр. Бұл жерде тәжірибе жетіспеуі көрініп тұр. Қазіргі таңда айтылып жатқан мәселелердің бірі – кәсіби мамандықта оқу. Әр саланы басқарып отырған басшылар дұрыстап түсіндіру қажет. Елбасының жолдауында кәсіби білім тегін беріледі делінген. Көптеген студенттер оқуға жіберіліп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстан унитарлы мемлекет. Әр адам Қазақстанның кез-келген жеріне оқуға түсе алады, кез-келген жеріне көшіп бара алады, кез-келген жеріне жұмысқа тұра алады. Әрине, бірден жұмыс тауып кетпеуі мүмкін. Осы мәселелер жайында аудан газеттеріне мақала жариялау керек. Әрбір Қазақстанның азаматы міндетті түрде білімді болу қажет. Президенттің жолдауында, кәсіби мамандықта білім алу жайында айтылды. Заң күшіне енді, оны мүмкіндігінше орындап, кәсіби мамандықта оқыған жастарды жұмыспен қамтамасыз ету керек.
Біріншіден әрбір Қазақстан азаматы кәсіптік білімді тегін алуға құқылы.
Екіншіден мектеп директоры мектепті жылытумен қазандықты жөндеу жұмыстарына әуре болмау керек. Мектеп директорларының басты мақсаты- мектеп оқушыларына сапалы білім беру. Көп жылдан бері «Жамбыл Жылу» мекемесі жұмыс жасап жатыр. Неге осы уақытқа дейін жылу есептегіш құралы қойылмаған.
Үшіншіден, қазіргі таңда мемлекетімізде цифрлы ақпараттық технология тәсілдері қолға алуда. Қазақстанның цифрлық технологияға қол жетімділігі күннен- күнге артуда, ақпараттар жылдан-жылға көбеюде. Үйден шықпай-ақ, интернет желісі арқылы, өзімізге керекті дүниені алуға болады.
Біз, бүгін Қоғамдық кеңес отырысында көптеген мәселелерді талқыладық. Осы әрбір айтылған мәселелерді алдағы уақытта дұрыс жолға қою үшін жұмыс жасап, кемшіліктерді түзетуге тырысайық. Мектеп директорларының қаржы-экономикалық сауаттылығын арттыруға жұмыс жасауға семинарлар ұйымдастыру керек. Мектеп директорлары не себепті жемқорлыққа барады. Себебі, заңды дұрыс білмегендіктен. Орталық бухгалтерияның міндеті мектеп директорларымен дұрыс жұмыс атқару. Егер, мектеп директорларымен нәтижелі жұмыс атқарса, ешқашан сұрақтарға, білмей жауап бермес еді. Басшы – кәсіби деңгейліктің көрінісі. Сондықтан әрнәрсеге немқұрайлы қарамайық, -деп өз ойын айтты.
Жарыс сөзге жазылған араторлар толық сөз сөйледі. Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Серікбайұлы жиналыс отырысын қорытындылады:
Құрметті кеңес мүшелері, кеңес отырысына шақырылған қатысушылар!
Қоғамдық кеңестің, қоғамдық бақылау саласындағы мақсаты- мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін, ашықтығын арттыру, бюджеттік бағдарламалардың түсімдерімен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептерін талқылау болып табылады.
Осы бағытта аудан мектептеріндегі күнделікті шаруашылық жұмыстарына, ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат аз қаралатындықтан, бұл мәселелерді шешу үшін ата-аналардан қаражат жиналатындығы туралы ел арасында мәселелер көтерілгендіктен, осы мәселені зерделеп көрейік деп шешкен едік.
Бұл мәселені шешу жолдарын Шолпан Қайратқызы өз баяндамасында толық айтты деп ойлаймын.
Күн тәртібіндегі мәселені шешу үшін көптеген пікірлер айтылды, кеңес мүшелері ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын, – деп өз пікірімен бөлісті.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібіндегі мәселесі бойынша, Қарар жобасымен таныстыру үшін сөз Қоғамдық кеңестің хатшысы Дулат Бекбосынұлына берілді.
– Құрметті кеңес мүшелері! Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе, төмендегідей қарар жобасы ұсынылады:
1. Қаржы бөлімінің басшысы Жүзбаев Қанай Әлібекұлының 2017 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі назарға алынсын;
2. Мемлекеттік кірістер басқармасы жергілікті бюджетті жоспарлау, нақтылау барысында түсімдер көлемін жыл басындағы салық берешегін қоса толық анықтау және салық кодексіне сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша салық төлеушілер санын, салық салу обьектілерін толық және дұрыс анықтап, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын нақтылап есептеу ұсынылсын;
3. Бюджетті жоспарлау және орындау барсында бюджет қаражатын басқарудың тиімділік, негізділік және нәтижелік прициптеріне қайшы келетін кемшіліктерді болдырмау және алдын-алу бойынша жұмыстар атқару. Ауданның бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне барлық салалар бойынша шығыстар мен түсімдер көлемін жоспарлау барысында оны талдап, қаржыландыру жоспарының нақты есептермен негізделіп жасалуын қамтамасыз ету ұсынылсын:
4. «Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджет есебінен кәсіби мамандықты оқыған жұмыссыз азаматтарды бірінші кезекте жұмысқа орналастыру шаралары ұсынылсын:
5. Аудан әкімдігінің Білім бөліміне, мектеп жұмысын жүргізуге қаралатын қаражатты жоспарлауға және пайдалануға мектеп директорларының басшылық жасау мүмкіндігін қалыптастыру ұсынылсын;
6. Аудан әкімдігінің бюджетті жоспарлау комиссиясына мектеп жұмысын жүргізуге қажетті шаруашылық шығындарына жеткілікті қаражат бөлуге ықпал жасау ұсынылсын:
7. Аудан әкімдігінің білім бөліміне «Жамбыл- Жылу» мекемесі қызмет көрсететін мектептердің қазандықтарын жылу есептегішімен қамтамасыз ету ұсынылсын:
8. Төртінші деңгейдегі бюджеттің кіріс көлемін арттыру мақсатында, аудан көлемінде қолма-қол ақша алу арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлердің төлемдері кассалық аппарат арқылы толық көрсетуіне ықпал жасау үшін құзырлы органдарға, әртүрлі формада «Акциялар» ұйымдастырып, тұтынушылардың чек алуға белсенділігін арттыруға ықпал жасау ұсынылсын;
Қарар жобасы, Қоғамдық кеңес мүшелернің дауыс беруімен, толығымен бірауыздан бекітілді.

Добавить комментарий